План открытого урока по познанию мира Вид Земли из космоса 4 класс
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы
«Б.Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-сі
Байсугурова Алия Кабаевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Категория: бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғарыштан жердің көрінісі.
Сабақтың мақсаты: : Ғарыштан жердің көрінісі, Күн, Жер туралы түсінік беру.Ғарышты зерттеудегі Қазақстанның үлесі негізіндеоқушының мақтаныш сезімін ояту.
Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушыларға ойлау жүйесіне қозғау салатын тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады. Сөздік қоры кеңейеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
II. қызығушылықтарын ояту.
Жұмбақ жасыру.
1. Жылт –жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.
( Жұлдыз)
2. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.
( Күн)
3. Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.
( Ай)
4. Алып кілем-
Гүлге толы
Үсті кілең.
( Жер)
Жұмбақтың шешуі болған атаулары бойынша топқа бөлу.
1 топ –«Жұлдыз»
2 топ – «Күн»
3 топ – « Жер»
4 топ – « Ай»
1. Топтағы жұмыс ережесін қайталау.
2. Топ басшысын сайлау.
3. Бағалау парғымен таныстыру.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест арқылы тексеру. Өзін – өзі бағалау.
1. Өзінен жарық шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінетін не?
А) ғарыш Б) планета
Ә) галактика В) метеорит
2.Жерге ең жақын жұлдыз?
А) Ай Б) Шолпан
Ә) Күн В) Марс
3. Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді?
А) галактика Б) жердің серігіне
Ә) күн жүйесіне В) жер шарына
4. Ғарышқа жол нешінші жылы ашылды?
А) 1961 жылы 12 сәуір Б) 1991 жылы 2 қазан
Ә) 1957 жылы 4 қазан В) 1945 жылы 9 мамыр
5. Күн жүйесіндегі планеталарды толықтыр:
Жер, Марс, Меркурий, Плутон, ..., ..., ..., ..., ... .
- Ал енді балалар, жұмыстарыңды өздерін тексеріп, өз-өздеріңді бағалап шығыңдар.
«5» - қате жоқ.
«4» - 1 қате.
«3» - 2 – 3 қате.
IV. Ой қозғау.
- Ғарыш дегеніміз не?
- Жақсы балалар, ал енді бәріміз көңілімізді экранға аударайық.
V. « Стоп – кадр»
- Балалар, және біз бейнеүзіндіден нені көрдік?
- Ол не деп ойлайсыңдар?
- Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Сбақтың тақырбы: Ғарыштан жердің көрінісі. Күн.Жер.
- Жақсы балалар, ал енді бүгінгі тақырыбымыздың мағынасын ашып алу үшін оқулықтағы 97 бетті ашып оқимыз.
VI. Оқулықпен жұмыс.
Топтарға мәтінді абзацқа бөліп оқыту.
1 «Жұлдыз» тобы: 1 бөлім. Жерден басқа Күн жүйесіндегі ...
Жер бетін қара түнек басар еді.
2 « Күн» тобы: 2 бөлім. Ғаламат суықтың салдарынан ....
Сан алуан табиғат құбылыстары тоқтап қалар еді.
3 « Жер» тобы: 3 бөлім. Күн күн жүйесіндегі орталық жұлдыз екенін ...
Осы ілімді одан әрі зерттеп жалғастырады.
4 « Ай» тобы: 4 бөлім. Адамдар ерте кезден - ақ Күн қуатын ....( соңына дейін оқиды.)
VII. Сергіту сәті. ( Музыкалық әуенмен)
VIII.1. Постермен жұмыс.1 топ: Жер туралы.
2 топ: Күн туралы.
3 топ: Ғарышты не үшін зерттейді?
4 топ: Ғарышерлер туралы не білеміз?
2. Синквейн әдісі.
Әр топ өз тапсырмасына сай бес жолды өлең құрастырады.
IX. Бағалау.
( Әр топтың басшысы өздерінің қойған бағаларын айтып, талдайды.)
X. Рефлексия « Жетістік сатысы»
Түсіндім.
Түсіндім, бірақ әлі де оқу керек.
Дұрыс түсінген жоқпын.
XI. Үйге тапсырма: Жұмыс дәптерді толтыру. Мәтінді түсініп оқу.