Математика п?нінен саба? жоспары 9 саныны? ??рамы
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты:
а) 9 санының құрамы туралы білімі, сәйкес теңдіктерді жазуды оқу, оларды пайдалануды қалыптастыру.
ә) Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, дүние туралы танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
б) Ісерлік ойын арқылы алған білімін өмірде қолдана білуге және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: іскерлік ойын.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, бағалау.
Сабақ көрнекілігі: карта бағалау кестесі, жеке карточкалар, фишкалар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (сабақтың мақсаты айтылады)
Психологиялық дайындық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Жарқыраймыз біз өзіміз
Шаттыққа толы үніміз
Сәттілікке толы күніміз.
Мұғалім:
Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Себебі біз қазір ісерлік ойын ойнаймыз. Мен бұл ойында сендерге бағыт-бағдар беріп отырамын. Ал сендер жеке кәсіпкерсіңдер, яғни қандай да бір өнім өндіруші. Мысалы: сүт өнімдерін өндіруші, кондитерлік өнімдерін өндіруші, астық өнімдері.т.б. Енді алда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл. Біз бәріміз Аяз атаны сағына күтеміз. Ал біз Аяз атаға көмек беруіміз керек. Ал, қалай көмек беретіндеріңді білесіңдер ме?
Жоқ.
Қандай кәсіпкер болғыларың келетіні, өздеріңнің қалауларың бойынша деп айтылды. Біз бәріміз неше түрлі кәмпит өндіріп шығарайық. Сендер қандай кәмпит түрлерін білесіңдер?
Ирис, карамелл, шоколад, батон.т.б.
- Енді сендер кәмпит өндірулерің керек. Түсірген өнімдерің кіріс деп аталады. Сендердің кірістерің, сабақта орындаған тапсырмаларыңмен, берген жауаптарыңа байланысты бағаланып отырады. Оған мен баға беріп отырамын. Кәсіпкерлер өз өнімдерін бір қалада отырып, өндіре алмайды. Олар әр қалаларға барып өнімдерін көрсетіп, сататынын сатып, олармен байланыста болып, өнім түсіруі керек. Ол үшін қалаларға іс сапарларға шығасыңдар. Ең алдымен біздің қолымызда жеке кәсіпкердің куәлігі болуы керек, ол болмаса біз кәсіпкер бола алмаймыз. Қазір салық бөліміне барып, тапсырмаларын орындап куәлік алайық.
Тапсырма №1. «Көршісін тап» ойын. Куәлік алу.
...2..., ....4..., ...5...., .....6...., ...7..., ...8...., ....9.....
-Құттықтаймын. Сендер кәсіпкерсіңдер!
- Әрі қарай кәсіпкерлер, Аяз атаға кәмпит өндіруге көмектесесіңдер. Ол үшін кәмпиттің қандай түрінен бастаймыз?
Дәптермен жұмыс.
9 санын көркем жазу.
Тапсырма №2. 9 санының құрамын анықтау. Шоколад өндіру.
9
9
9
9
6
4
5
3
2
7
1
8
Қолды созып алдыға,
Қайшылашы беріліп.
Ұста қолды жаныңа,
Кеудең тұрсын керіліп,
Бүйір таяп сол қолмен,
Көтер қанат оң жақтан.
Бүйір таяп оң қолмен,
Көтер қанат сол жақтан.
Тапсырма №3. Қосындының мәнін табу және айырманың мәнін табу.
Батон өндіру.
+=-=
Тапсырма №4. Салыстыру. «Золотой ключик» ирис кәмпитін өндіру.
0*9 9см * 7см 6*9 4см * 9см
9*9 9см * 9см 9*8 9см * 6см
Топылдаймыз аяқпен,
Шапалақтаймыз қолменен,
Басымызды шұлғимыз,
Қолымызды көтереміз,
Қолымызды түсіреміз,
Қолымызды береміз,-
Шеңбер бойлай жүгіреміз.
Тапсырма №5 Жұмбақ шешу. Карамель өндіру.
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек,
(домбыра)
Тапсырма. №6. Өлең есеп. «Барбарис» мұз кәмпитін өндіру.Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп.
Жапырақтың нешеуі? (4)
Тапсырма №6. «Школьная, премьера» кәмпиті. Ребус шешу.
Бесік суреті ,, (5), ешкі суреті ш (2)
Сабақты пысықтау: 9 санының құрамын қайталау.
Қорытынды:
Әрбір кәсіпкер бала Аяз атаға көп көмек көрсетті. Аяз ата сендерге риза болды. Сендерге тек қана 4-5 ке оқуға тілек білдірді.
Білімдерін бағалау.