Бірлескен ж?не топты? ж?мыс тиімділігі. Коучинг-сессия


Коучинг
Күні: 8.12.15 «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Сынып жетекші: З.А.Бердісүгірова
Коучинг тақырыбы: Бірлескен және топтық жұмыс тиімділігіЖалпы мақсат: Cеминарға қатысушыларды ақпаратты аша білуге үйрету. Топта ынтымақтастықта жұмыс жүргізу ережесін жасау. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс туралы мәлімет беру. Топқа бөлу әдістерін үйрету сабаққа оқыту нысаны ретінде тәжірибесіне енгізу.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 17-19, 78-79 б.
Әдістемелік нұсқау
Түйінді идеялар Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау;
Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және топпен жұмыс жасауда ынтымақтастық орнату. Жан-жақты қарым қатынас жасау-өзгелердің пікірімен санасу
Оқу нәтижесі: 1. Оқыту мен оқудағы топта жайлы әрекеттестік орнатады, өз идеяларын зерделеп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру. 3. Балалардың  табысты оқуы үшін  пәнге деген қызығушылығын оятады,  оқушылардың  сенімділігін арттырады.
4. Коучинг соңында әр мұғалім топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады;
Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд-презентация ,түрлі-түсті стикертер, видеосабақтар
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер ынтымақтастық және бірлескен жұмыс, диалогтық оқыту, СТО, АКТ, оқытудағы басқару және көшбасшылық.Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі, «Бағдаршам» тәсілі,
Дерек көздері: Әдістемелік нұсқау
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Тапсырмалар: Топтық  талдау, рөлдік ойын, салыстыру,зерттеу
№ Коуч әрекеті Мұғалімдер әрекеті Уақыты
1 Жағымды психологиялық ахуал туғызу
Амандасу – таныстыру жаттығуы
(әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек, мысалы Мен Ләззат – лағыл тастай жадырап жүргенді жақсы көремін, т.б.) Әріптестердің арасындағы өзара қарым-қатынас жақсарады.
Коучингтің сәтті өтуіне ықпал жасалады. 2 минут
2 Геометриялық фигуралармен топқа бөліну. Фигураларға сипаттама беру
Топқа бөлінеді. Топтың жұмысы жақсарады, барлық топ мүшелері белсенді қатысады 2 минут
3 Түрткі:
Шағын топта жұмыс жасаудың қандай ережелерін ұсынасыздар?
Әріптестер қалай ойлайсыздар, бүгінгі талқылауға салып отырған тақырып не туралы деп ойлайсыздар?
Коучингтің тақырыбымен таныстыру.
Мақсат, міндеттерін әріптестермен бірге талқылау Топ мүшелері бірігіп, өз ережелерін ұсынады.
Коучингтің тақырыбын тауып, мақсат-міндеттерін айқындайды
2 минут
4 Топтық жұмыс
І топ: Шағын топта талқылау жүргізуде мұғалімнің ролі
ІІ топ: Топтық жұмыста кездесетін кедергілерді жою жолдары
ІІІ топ: Топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі? Топ мүшелері бірігіп жұмыстанып, постер қорғайды 10 минут
5 Топтық жұмыс түрлері туралы мәлімет беру. «Каздар сабағы» бейнежазба көру. талдау Мұғалімдер қосымша деректерін келтіріп, бейнежазба бойынша ойларын ортаға салады. 7 минут
6 Рефлексия «Нысана»
- Коучингте ең бірінші не ұнады? - Не ұнаған жоқ? - Өзің жаңадан не білдің? - Алған әсеріңіз қандай? Стикерге коучингтен алған әсерін жазып, тақтаға іледі.
«Екі жұлдыз, бір тілек» 2 минут