Жар?ын ж?зді ?стазым. Саба?ты? ма?саты: 1. О?ушылар?а жа?а та?ырып бойынша т?сінік беру. ?ткен та?ырыпты пысы?тау. Білімдерін тияна?тау. 2. О?ушыларды? ойлау, есте са?тау ?абілеттерін, тіл байлы?тарын ж?не ?стаз?а деген с


ШҚО Семей қаласы.
«№22 ЖОББМ» КММ.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Жунусбекова Бибигуль Олжабековна
Пәні: сауат ашу
Тақырыбы: Жарқын жүзді ұстазым. Санамақ
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша түсінік беру. Өткен тақырыпты пысықтау. Білімдерін тиянақтау.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын және ұстазға деген сүйіспеншіліктерін, жазу каллиаграфиялаын арттыру.
3. Оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрау, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты материалдар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
Құрбыласпыз, сырласпыз,
Бәріміз бір сыныптаспыз, Күлімдейміз, бір бақшаның гүліндейміз. Үлгіліміз, талаптымыз, Жақсы оқимыз сабақты біз.
2. Өткен сабақты пысықтау
-М.Мақатаевтың «Әліппе» өлеңін жатқа сұрау
-Әліппеден не үйрендіңдер? /оқушы пікірін тыңдау/
3. Жаңа тақырыппен жұмыс
Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады.т.с.с.
-оқулықпен жұмыс / «Жарқын жүзді ұстазым» атты өлеңді мәнерлеп оқу/
31267401193800049460151193800082169011938000
Санамақ — қазақтың жас балаларға (4 — 7 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады.
-оқулықпен жұмыс / Санамақты мәнерлеп оқу/
1957714103900
3.Сергіту сәті
- оқушыларға бой сергіту жаттығуларын жасату
4. Дәптермен жұмыс
- №7 өздік жұмысын орындау
5. Оқулықпен жұмыс
247113913560800-тізбектей оқу
46916111892006. Сабақты қорытындылау
-Ұстаз кім?
-Санамақ деген не?
7.Оқушылардың білімдерін мадақтау