Презентация на темуЖеке т?л?аны? ??ндылы?тары мен к?з?арастарын на?тылау
Жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау
Құндылық туралы не айтуға болады?Ұлттық құндылық дегенді қалай түсінесіз?Адамзат үшін не құнды, кім құнды?
Аманат – бабалар өсиеті, өнегесі Рухани байлыққа тамыр жібере алмаған білім – білім емес. Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді. Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші Ұрпақ – жарқын болашақтың қожасы.Ұлттық құндылық - даналық
Елінің жарқын болашағын ойлаған ұрпақ бабаларының өткен күніне тереңдей беруі абзал. І.Есенберлин “Алтын Орда”
«Өзіңді таны» психологиялық тест түріндегі ойсергектердің бірі «Мен қандаймын?» 1-ден 10-ға дейін сандарды бір мезгілде екі қолмен жазу керек. Мәселен, оң қолмен де, сол қолмен де «1» санын, одан кейін «2» санын және әрі қарай 10-ға дейін жалғастырып жазғанда қалай жазғанына (әдемі, нашар) назар аударылмайды.
«Өзіңді таны» психологиялық тестің жауабыЕгер «1» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар – эгоистер дегенді білдіреді.«2» сандарының ұқсастығы – іскер, болашақ басшылар дегенді білдіреді.Егер «3» сандары ұқсас келсе, онда бұлар – бейбіт өмірді жақтайтын, әрқашан да бітімге келе білетін адамдар.Егер «4» сандары ұқсас келсе, онда бұлар – өздері өз басына қиыншылық туғызып, оларды өздері жеңе білетін адамдар.Егер «5» сандары ұқсас келсе, ақылды екенін білдіреді.Егер «6» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар – өз жынысының озық өкілдері: нағыз ер немесе нағыз әйел.Егер «7» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар – жан-жақты дамығандар. Егер «8» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар – қауіпті дегенді білдіреді.Егер «9» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдарға – сенім артуға болады.
«Менің қасиеттерім қандай?»
«Менің қасиеттерім қандай?»Мына аң-жануарларды тігінен жазу керек: қасқыр, ит, мысық, тышқан. Бірінші жолға осылардың ішінен ең ұнайтынын, екінші, үшінші жолдарға азырақ ұнайтындарын жазып, төртінші жолға осылардың ішінен ең ұнамайтынын жазу керек. Осылайша тізімді тігінен келтірген соң, әр аң-жануардың тұсына олардың қандай бір қасиетінің ұнайтындығын немесе ұнамайтындығын жазу тапсырылады.
«Менің қасиеттерім қандай?» Жоғары жолға жазған қасиет – өзіңізге жетіспейтін қасиет, оны тұла бойыңызда арттыруға ұмтылыңыз. Екінші жолға жазылған қасиет – өзіңізде бар деп есептейтін қасиетіңіз, біз өзімізді осылайша түйсінеміз. Үшінші жолдағы қасиет басқа адамдарды қалай қабылдайтыныңызды білдіреді, ел көзіне біз осылайша көрінеміз. Ең төменгі жолға жазылған қасиет сіздің неден қашқақтайтыныңызды көрсетеді, біз тұла бойымызды бұл қасиеттен арылтуға ұмтыламыз.
Логикалық ойлауға негізделген ойсергектерБір қырдың басында тұрған қойшы екінші қырдағы қойшыға былай деп айқайлайды: Ей, Дүйсен! Егер сен маған бір қойыңды берсең, онда менің қойым сенікінен 2 есе көп болады. Дүйсен болса былай деп тіл қатады:Жоқ, Сейсен! Оданда сен маған бір қойыңды бер, сонда біздің қойымыз тең болады!Сұрақ: 2 қойшыда қой саны қаншадан болған?
Есімнен сөйлем құрастыруӘркім өз есіміне сөйлем құрасын. Мысалы, Асқарбек – Ақсақал сірескен қабағын ашып, риза болып еміреніп кетті. «Есім – акроним»Әр адам өз есімінің басқы әріптерінен өзін сипаттайтын қасиеттерді жазуы керек. Мысалы, А – ақылдыС – саналыА – асылН - намысшыл
Ойын – адамзаттың ұлы ұстазы «Фотолар» ойыныӘр топқа немесе оқушыға бір тұлғаның фотосы беріледі, оның өмірі мен шығармашылығын қысқаша сипаттап беру тапсырылады. Өз мәтіндерін оқығанда, басқалар кімнің өмірі екенін тауып айту керек.
Үнсіз сөзжұмбақ Кейбір, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырауық, жетілген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған.
Бағалау «Галереяны шарлау» Аудиторияны шарлап, (белсенді қатысқандарға) өз бағаларыңызды стикерге қойып, қасына себебін жазыңыздар.
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз. Б.Момышұлы
Рефлексия “3,2,1” 3 қызықты, 2 қиын, 1ұсыныс
Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Өз мектептеріңіздің мықты тренері болыңыздар!