М. Ма?атаев ?аза?ты? ?ара ?ле?і-??діретім
ОҚО. Ордабасы ауданы
«Ә.Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Қазақтың қара өлеңі - құдіретім»
Дайындаған: Пірәлі Л.
Сыныбы: 6-7-8
Береке елді мекені
2015-2016 оқу жылы
Мақсаты:
1) М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық еңбегін таныстыру,поэзияның құдіретін сезіндіру;
2) Поэзияны сүюге баулу,сөз өнерін бағалай білуге үйрету.
3) Ақынның шығармалары арқылы елін,тілін,жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбилеу.
Көрнекілігі:Ақын портреті,ақын кітаптары қойылған бұрыш,ақын - жазушылардың Мұқағали туралы айтқан пікірлері,естеліктері,домбыра, музыка,слайд.
« Ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы,бізде енді поэзия дәуірі басталды» Ә.Тәжібаев
« Жұмыр жердің қай жеріне барсақта Мұқағали алдымыздан шығады» О.Асқар
« Мұқағали мөлдірліктен,тазалықтан,биік адамгершіліктен тұратын еді» Л.Әзімжанова.
Өлсе өлерМұқағали Мақатаев.Өлтіре алмас,алайда өлеңді ешкім (Мұқағали)
Сенің жырың жаралған Гималайдың,Төбесінде ойнаған найзағайдан Т.Молдағалиев
«Қазақтың тілін білген Мұқағали поэзиясын сүйген адам халқын адал,жеріне ие,табиғатқа жанашыр бола алады. К.Ахметова
Кеш барысы: 1-Жүргізуші:Қайырлы кеш,ұлағатты ұстаздар,қымбатты қонақтар,озық ойлы оқушылар!Бүгін біз жыр дүлділі,ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың поэзия кешіне жиналып отырмыз
2-Жүргізуші:Бүгін қазақ поэзиясының аспанында ерекше нұрланып,жарқырап өткен біртуар ақын Мұқағали Мақатаев 85-жасқа толды.
Ақын қазақтың қарапайым өлеңімен болашағын қалайша дәл болжап кеткен десеңші!
Батар күн,келер түн,
Атар таң,шығар күн,
Бәріңе,бәріңе,бәріңе құмармын,
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен сірә да өлмейтін шығармын.
Өмірім сірә да әріден басталған,
Әріден басталып мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін,өшпейтін щығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын.1976 жылы 27 наурызда «қалғып кеткен»сәтінен бастап сәл мызғыды да,поэзия әлеміндегі мәңгілік жаңа өмірін бастады.
1-Жүгізуші:Өзі тебіреніп жырлап өткен Қарасаз өңірінде,құрнарлы топырақта,қасиетті мекенде 1931 жылдың ақ қыраулы ақпан айында Мұқамедқали дүниеге келді.
7-сынып. Шәріпбек Нұртілеу ″ Қарасаз″
2-Жүргізуші:Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті.Тиын әжесі мейірімі.кісілігі мол,адуынды да бола білетін адам еді.Әкесі Сүлеймен 1941 жылы соғысқа аттанғанда Мұқағали небәрі 10 жаста еді.Ақынның алғашқы өлеңі сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған.
6-сынып. Тасболат Нұржау ″Әке″
1-Жүргізуші:Сонау он жаста бастау алған бала ақынның кіршіксіз сәби үні биікке самғады,өлең артынан өлең,дастан артынан достан тізіліп,жинақ артынан жинақ көре бастады.Олар:«Жылап қайттым өмірдің базарынан″,″Жырлайды журек″″Дариға журек″,″Өмір-өзен″, ″Соғады, жүрек″,″Аманат″Т.б
Халқы сөзін сөйлеген ақын жары,ақынның Алмагүл,Шолпан,Майгүл атты үш қызы мен Жұлдыз,Айбар атты ұлдарының анасы Лашын апайдың естелігіне көз жүгіртелік «Екеуміз бір мерекелік кеште таныстық.Мұқағали ұзын бойлы,маңдайы кере қарыс,әдемі жігіт болатын.Бірден көз тартатын.Екеуміз сол кеште қосылып ән шырқадық. Кейін ғашықтығын білдіріп хат жазды» -дейді ақынның жары.
10 жасар Майгүлдің мезгілсіз қазасына арнап жазған өлеңін ″Майгүліме″ 8-сынып.Тасболат Зәуре оқиды.
2-Жүгізуші:Ол-жалындап өткен 45 жыл ғұмырында ана тілі үшін күресіп өткен ақын .Ол ана тілін, туған халқы мен Отанынан әсте кем санамай,осы өмірдегі бірегей үш бақытының біріне санайды.
8-сынып. оқушылары:Жақыпбек Жасұлан,Айдарбек Бердібек,Сағындық Марлен″Үш бақытым″ өлеңін орындайды.
Мұқағали ауруханада ұзақ ауырып жатып қалған.Осы кезде достарын аңсады.
7-сынып. Төлеген Дана ″Жоқ ,дәрігер ″
-Сырым да осы
Жырым да осы
Алдыңда
Байқашы бір
Бықсыдым ба,жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты- деп өзі айтқандай өзін Махамбет,Абайдың жалғасы деп ұқты.
6-сынып. Имантай Нұрлан ″ Махамбеттер,Абайлар-ай″
1-Жүгізуші: Мәзір етіп мәлелеген жемісін
Мәуелесе,баққа толы өрісім,
Барлығы да,
Поэзия,сен үшін!-деп поэзияға, деген құрметін көрсетті.
7-сынып. Каримбай Жансая. ″Поэзия″
2-Жүргізуші:-Өз өмірінің қиыншылықтары мен соққыларынан түңілген ақын жүрегіндегі жараны жырымен жазды .″Сәби болғым келеді″ әнін орындайтындар:
5-сынып оқушылары:Аманжол Сымбат,Тұрсынбай Ұлбосын,Молдабек Сымбат.
1-Жүгізуші:
-Тірісінде сый көрмей қайран ақын,
Тек өлген соң атағын жайған ақын.
Ежелден қазақтың бұл қасіреті,
Бармағын тістеп кейін ойланатын.
Күн сүйіп кере қарыс маңдайынан ,
Барында бағаламай,білдік кейін,
Қазақтың айрылғанын қандай ұлдан.-дегендей ақын жырлары мәңгілік ұрпағымен бірге жасап келеді.Осындай ақынды өмірге әкелген ақынның анасына арнаған «Анама»өлеңін
6-сынып оқушысы Төлеген Олжас оқиды.
2-Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін Мұағали ақындай ешкім де қазаққа таныта алмады.
Қара өлеңнің құдіретін аспанға бірақ көтерген Мұқағали есімі қашанда биік
7-сынып. Әштан Арай ″Қара өлең″
1-Жүгізуші: Мұқағали-мәңгілік ғұмыр!.
Тірлігінде шекпен кимей,шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жонып өтіп кеткен ақынға.
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай- деп Аитақын ақын жырлағандай өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.Ол ұрпағымен бірге мәңгі жасайды.
7-сынып.Елемес Арайлым «Отан туралы»
Тәжібай Луиза «Қайырлы түн»
Халмырзаев Ақылбек «Қазынам бар»
2-Жүргізуші:Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды,шығармашылығымды зерттеп болсаңдар,онда мен не жазсам соның бәрін оқып шығуды умытпағайсыздар.....Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін.Жанымның мұңы мен қуанышы-бәрі сонда.Егер мені содан таппасаңдар ,онда ақын болмағаным! -деген екен.
Мұқағали ақынды ақын өлеңдерінен бөліп қарамайық! Ия, артында өлмес мұра қалдырған ақын кімнің де болса сырлас,мұңдасы болып қалары сөзсіз.Қандай дана сөздер,әрбір оқырманның ойымен ұштасып жатқандай.
«Мұқағали Мақатаев-қазақ тарихындағы ең оқырманы көп,қалың халық басты жанашыры болған суреткер.Ол-ең алдымен ақын.Қазақ жырының құдіреті».-деп Фариза ақын сөзімен кешімізді аяқтаймыз.
Олай болса ақынға арналған кешімізді ақынның сөзіне жазылған «Сарыжайлау» атты әнімен тәмамдайық
Хор.″ Сарыжайлау″
1-Жүгізуші:-Құрметті жырсүйер қауым! Осымен Мұқағали Мақатаевтың 85-жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қара өлең-құдіретім» атты поэзиялық сазды кешіміз аяқталды.
Барлығыңызға рахмет!