Абайды? он жетінші ?ара с?зі ?ыс?а мерзімді жоспар ?аза? ?дебиеті 8 сынып Саба?ты? ма?саты: Абай шы?армашылы?ына ?орытынды жасай отырып, тіл байлы?ын молайтып, адами ?асиеттерді о?ушыларды? бойына сі?іру ?лы Абайды? ?ара с?здерін о?у ар?ылы а?ынны? ?ылым


Абайдың он жетінші қара сөзіҚысқа мерзімді жоспарҚазақ әдебиеті 8 сыныпСабақтың мақсаты: Абай шығармашылығына қорытынды жасай отырып, тіл байлығын молайтып, адами қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіру;Ұлы Абайдың қара сөздерін оқу арқылы ақынның ғылыми - философиялық ойын ашып түсіндіру, қайратты ақылға, ақылды жүрекке жеңдіруге дағдыландыруОқу нәтижесі: Қара сөз мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы қайрат, ақыл, жүректің шешіміне көздерін жеткізеді.Ресурстар: ОМЖ, ҚМЖ, оқулық, жұмыс дәптерлері, бағалау парақшасы, қима қағаздарОқытудағы әдіс - тәсілдер: Диалогтық оқыту, топпен жұмыс,Инсерт әдісі, ыстық орындық әдісіМодульдің кіріктірілуі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау, ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық.КіріспеЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыруӘр оқушы сабаққа есімінің бас әріпінен басталатын тілек айтады, мысалы «Бибігүл – бақыт тілейді»Сыныпты «Мозайка»әдісі арқылы үш топқа бөлу. І топ.«Жүрек»ІІ топ.«Қайрат»ІІІ топ.«Ақыл»Әр топқа бағалау парағын таратып беру.Үйге берілген тапсырмалар бойынша ақынның бір өлеңін әр топтан бір оқушы мәнерлеп жатқа айту және топ мүшелері өлеңнің бір шумағын құрылысына қарай талдау тапсырыладыІ топ.«Жүрек» Өлең сөздің патшасы, сөз сарасыІІ топ.«Қайрат» Адамның кейбір кездеріІІІ топ.«Ақыл» Талаптың мініп тұлпарынНегізгі бөлім Жаңа сабақАқын: «Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жақ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ»- деп не жазды?Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890 - 1898 жылдар арасында жазған 45 қара сөзі бар. Ақынның қара сөздері алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрген. Қара сөздер орыс, қытай, француз тағы басқа көптеген әлем тіліне аударылған.Оқушыларға « Абайдың он жетінші қара сөзі» туралы бейнефильм көрсетемін.Он жетінші қара сөздегі қайрат, ақыл, жүрек туралы ой мен бұған дейінгі айтқан ойларын салыстырып көрейікші. Қай өлеңмен сәйкес келеді?«Ойлы болсаң, озып көр»топпен жұмысАл енді, қайрат, ақыл, жүрек сөздеріне қазақ тілі пәні бойынша сөз таптарына, сөз мағыналарына қарай талдау жасап көрейік.Сергіту сәті12 6 4 8 1 17 5 10 24т с ұ ұ н а р л н16 9 21 15 7 11 14 3 19а з в б а а р н еСандарды өсу ретімен орналастырыңдар да, оған сәйкес әріптерді тізбек теп оқығанда кімнің аты - жөні шығады? Ол ұлы ақын Абай жайлы не деген еді?Кім жылдам?«Ыстық орындық» Үш топтың оқушылары бір - біріне сұрақтар қояды?ҚорытындылауБағалау.Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, бағалау парағындағы стикерлеріне сәйкес ұпайларды жинақтайды.Үйге тапсырма: Абайдың он жетінші қара сөзіРефлекция.