«?АЗА?СТАН – 2050» О?УШЫЛАР?А ПАТРИОТТЫ? Т?РБИЕ БЕРУ


№ 16 орта мектеп
Баяндама
Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН – 2050» ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ-11430016002000
Орындаған:Байгереева Арай Болатбековна
Бастауыш сынып мұғалімі
Талдықорған 2016
«ҚАЗАҚСТАН – 2050» ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ-11430016002000Баяндама: «Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру». Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні салтанатына арналған жиында жұртшылыққа Жолдау арнап, мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі жаңа межесін айқындады. Тәуелсіздіктің салтанатты мәжілісі елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет өтіп, ғажайып мәдениет ордасының шымылдығы Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарын айқындайтын Жолдаумен ашылды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Жаңа қазақстандық патриотизм» тарауына айрықша тоқталдық. Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады. Қазақстандық патриотизмнің іргетасын қазақ елінен жайлы қоныс тапқан 130-дан астам ұлттың бірлігімен берік қалыптастыруымыз керек. Ұлт көшбасшысы бұл орайда, халықтар бірлігі мен татулығын бірінші кезектен түсірген емес. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жаңа Жолдауында: «Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады... Әрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын және тірек екенін сезінуге тиіс» делінген. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.  Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М. Дулатов “Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады”,- деген болатын.  Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм туралы: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» деп патриотизм мәселесіне жан-жақты тоқталып өткен болатын. Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. Жастардың бойына жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Парасатты қоғам құру, қазақстандық балалардың тәрбиесін қалыптастыру - әрбіріміздің қасиетті парызымыз болуы тиіс. Патриотизм -Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына,жеріңнің игілігіне қуана білу болса, “қазақстандық патриотизмнің” еркшелігі қандай?. Біздің көзқарымыз тұрғысынан алғанда,ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.Сырт қараған адамға елімізде “қазақстандық патриотизм” мәселесі жоқ тәрізді елес береді. Біріншіден, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мәлімдегеніндей, қазақстандықтардың 90 пайызы, қай ұлттық өкілі болғанына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп мойындайды. Екіншіден, Қазақстан бұрынғы Кеңестер Одағынан бөлінген мемлекеттер арасында ұлтаралық, саяси, мүдде аралық, конституциялық тәртіп, т.б. жағынан алғанда тұрақтылығымен ерекшелінген. Бұның екеуіде тамаша көрсеткіш өлшемдері. Көп елдерде патриотизм сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, “Американдықтар өз елдеріне қатысты нәрсенің бәрін дүние жүзінің ең үздігі деп есептейді: мемлекеттік рәміздерін - ту,елтаңба,әнұраннан бастап, шайнайтын сағызға дейін”. Жоғарда айтып өткеніміздей, патриотизмдердің ең алғашқы шарты- мемлекеттік рәміздерге – туға , елтаңбаға, әнұранға құрмет. Өйткені, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған.  Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының құрамында болған ұлттармен ұлыстар арасында ерлік көрсету көрсеткіші жағынан қазақтардың шоқтығы биік. Ресми деректерге сүйенсек, қырқыншы жылдардың қырғынына қатысқан қазақ ұлты перзентінің жүзбіріне Кеңес Одағының батыры атағы беріліпті. Яғни, жалпы көрсеткіш бойынша, Одақтың негізін құраған үш славян халқы мен еврей және татарлардан кейінгі орындарда қазақтар тұр. Өктемдігі жүріп тұрған ұлттың кейбір өкілдерінің тарапынан болған кейбір әділетсіздіктерді солақай саясатты есепке алсақ, халқымыздың қаһармандығы күмәнсіз. Бұл - патриоттық тәрбиенің жемісі. Оның ішінде ізгілікке, адамсүйгіштікке, парасаттылыққа негізделген идеяның игілігі. “Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі- патриоттық тәрбие. Қазақстан Республикасы көп ұлтты іргелі ел. Интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеу - күрделі педагогикалық үрдіс. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жету қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүниетанымының өсуіне жағдай жасады. Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу бір кезеңдік іс емес. Интернационалдық және патриоттық тәрбиені қалыптастыру процесінің өз идиологиясы және айқын жүйесі бар. Мектептерде жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан батырлары мен танымал тұлғалары көп ел екені даусыз. Ал оларды тәрбие беру құралына айналдыру елтану бағытында жасалған оңды шара. Мысалы, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Баян батыр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар. Тарихты бағалау жастарға Отан қорғаудың үлгілі жолын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады. Сондықтан ұстаздар Қазақстан патриотизмін арттыруды өз дәрістері мен ізденістерінде басты назарда ұстауы тиіс. Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде ақын, жыраулардың тағылымдарын оқытудың мәні зор.Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірімдердің жаны мен қоса тәнінің шынығуына, елі мен жерін жан тәні мен сүйіп, осы қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. ХІХ ғ 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ақын және батыр Махамбет Өтемісұлы мен оның жерлесі Исатай Таймановтың ерліктері елі үшін күресуде және туған халқына қызмет етуде интернационалдық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлесі болады.Білім негіздерін меңгеруші шәкірттер үшін Әбу Насыр Әл- Фарабидің өз басында, еңбектері де теңдесі жоқ өнеге. Ол өзінің туған жұртын, кір жуып кіндік кескен кең даласын жанындай жақсы көріп, барынша қастерлеп өткен нағыз патриот ғалым еді. Сонымен қатар әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой пікірмен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтардың педагогикалық тұжырымдары өмір шеңдігімен жұртты қайран қалдырады.Жеткіншектерді интернационалдық және патриоттыққа, Отанын сүюге, елін қорғауға бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінде жүргізілген іс шараларды жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, 1986 жылғы желтоқсан оғиғасы туралы айтпауға мүмкін емес десекте Кеңес Одағының ыдырауы, алғашқы кездегі халықтың белсенділігі, артынша өмір сүру деңгейінің төмендеп кетуі, экономикадағы дағдарыс құбылысы адам көңіл-күйіне әсер етті. Жаңа құрылып жатқан Қазақстан Республикасына оның нарықтық экономикаға өтуіне қалыпты жағдай жасаған жалпы халықтың қолдауы осы отаншылдықтың арқасында болды. Алайда Қазақстанның Тәуелділік алуымен жас өспірімдерді тәрбиелеуде және оларды отаншылдық көз- қарасын қалыптастыруда жаңа бағыт пайда болды.  Тәрбие - халықтың ғасырлық бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көз- қарасын және оған сай мінез құлқын қалыптастыру. Соның ішінде азаматтық тәрбиенің тірегі отаншылдық болып табылады. Мектеп барлық кезде оқушыларды Отанды сүю және қорғау сезімдерін дамытты және дамытып келеді. Интернационалдық жәнет патриоттық тәрбие деген кең мағыналы, қасиетті ұғым. «Отан от басынан басталады» - деп айтады халқымыз. Әрбір адамның от басы, туған жері өскен ортасы, ауылы, елі- оның Отаны. Өмірге келген адамдардың бәрінде міндетті түрде, рефлексті тұрғыда интернационалдық және патриоттық сезімі туа қалмайды. Патриотизм, отаншылдық сезімі ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық құбылыс.Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір- қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген, жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын, қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін сезіп білгенде ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады, Адам бүгінгі өзі басып жүрген топырағын, суын қадір-қасиетін жете сезініп , өз еліне деген мақтаныш сезімі күшейе бастайды.Президент стратегиясының түп- қазығы, басты арқауы- адам тағдыры.Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін алғышарттар пісіп-жетілуі керек. Сол алғышарттардың пісіп- жетілуін сабақтаса адамдардың сана-сезімі артып, жаңа құндылықтарды, оның ішінде интернационалдық және патриоттық сезімді бойына молырақ, сезінетін болады. Қазақстанда мекендеген халықтардың тіліне, дініне, аз- көптігіне қарамастан тең құқықтығын, іс- жүзіндегі теңдігін жария етіп, ешкімге де артықшылық жасамайтынын атап көрсетеді. Қазақстанды барша жұртшылықтың сүюіне жетелейтін бірінші саяси фактор- Конституцияның негізі. Екінші арнасы- экономикалық негіз. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар негізінде- экономикалық өсіп-өркендеуін алға қойды. Интернационалдық және патриоттық сезімді қалыптастырудың тағы бір алғышарты- халық пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту.Қазақстандық патриотизм идеясының, халқымыздың сапасын кеңінен билеуі өз тарапынан республиканың, өсіп- өркендеуіне, жап-жақсы гүлденуіне Елбасы Н. Ә. Назарбаев стратегиясының іске айналуына қызмет ететіні сөзсіз. Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақталу, парасаттылық , достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтық батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Егер, бала жас кезінен ұлттық жырларымыздың сұлулығын сезініп, мазмұнындағы адами құндылықтарды бағалай білсе, оның өз Отанына, халқына, төл өнеріне сүйіспеншілігі артатыны сөзсіз. Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі - ертегілер. Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өз заманының адамдарына да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруді көздеген.Көп ертегілерде суреттелетін әділдік пен жауыздық арасындағы күрес бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін оятуға септігін тигізеді. Ертегілер оқушылардың қиялын дамытып, жақсы мінез-құлық қалыптастырады, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады, өзінің елін, жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейді.Еліміздің азаматтарын, казақ жігіттерін жан-жақты, "сегіз қырлы, бір сырлы" азаматтар етіп тәрбиелеуде ұлттық ойындардың атқарар маңызы жайлы іс жүзінде Отан қорғауда, күрес үстінде көріп-біліп, оның күш-қуатына көзі жеткен батыр Б.Момышұлы өзінің "Соғыс психологиясы" еңбегінде ұлттық әдет-ғұрыпты сақтай отырып, жеңіске жетуге болатындығын айтады. Өзінің күрес үстінде сыналып, шыңдалған тәжірибесінде байқалған, өз елін, жерін сүйетін азаматтар тәрбиелеуді халыктың дәстүрінен бастау керек екендігіне көзі жеткен батыр Қазақстан Халық кеңесі төрағасынан жастар тәрбиесінің бөліміне хат жолдағаны тағы бар: "Мен өз тәжірибемнен көзім жетті, жауынгерлік қасиеттерді дарытуда халықтық ұлттық салт-дәстүрлердің үлкен маңызы бар. Олар ойын,көкпар,бәйге,аударыспақ,күрес"деп жазған.Сондықтан біз ел қорғайтын ер азаматтар - тәрбиелеуде халықтың дәстүрлік тәжірибесін мектеп табалдырығында қазіргі әскери тәрбие саласына терең енгізіп, жауынгерлердің қазақ батырларының ерлік істерін оқып, үйренуіне баса назар аударсақ, сондай-ақ сөз құдіретін түсіну- ер азамат үшін керек болса, мұның бәрі жауынгерлерді сабырлылыққа, ұстамдылықка үйретіп, отанды сүю тәрбиесіне өзіндік үлесін қосары даусыз. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Егемен ел атанып, Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атқан күннен бастап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке, ұлтжандыққа баулу ісі күн тәртібіне қойылды. Кең байтақ қазақ даласын пана еткен тілі басқа болса да тілегі бір, түрі басқа болса да жүрегі бір барша халықтың бойына қазақстандық патриотизмді дарыту өте-мөте маңызды дүние. Бүгінде бұл мәселе барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. Тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көздейтін патриотизм белгілі бір уақытпен шектелетін науқандық шара емес. Сондықтан стратегия – патриоттық тәрбие жүйесін нысаналы дамыту арқылы азаматтардың бойындағы жоғары патриоттық сананы қалыптастыруды, өз елі үшін мақтаныш сезімін оятып, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтың борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға деген дайындығын тәрбиелеу мақсатын алға қояды.  Бұл – Елбасы Жолдауын жүзеге асырудағы қоғам үшін аса маңызды құндылық. Жасыратыны жоқ, дәл қазір ел патриотының тұлғасын жасақтау жағы кемшін. Оны Елбасы әрдайым айтып отырады. Сол себепті, бұл мәселеге шығармашылық тұлғадан бастап, қоғамның әрбір мүшесі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге атсалысқаны дұрыс. Сондықтан да осы тақырыпты конференция жұмысы барысындағы секциялық бөлімдерде ортаға салынып отыр. «Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. Лондон Олимпиадасында біздің спортшыларымыз 205 ұлттық құрама арасынан 12-орын алды. Олимпиададағы жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті, патриотизмнің ұлы күшін танытты. Бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді жүйелі тәсілді талап етеді. Тек саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін? Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары».- деді Елбасы Н. Ә. Назарбаев жаңа Жолдауында. Қорыта келгенде, осы жоғарыда баяндалғандай әдістерді пайдала отырып, оқушының көкейіне осындай іс-әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай , қоғамға керекті отансүйгіш патриот, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.Пайдаланылған әдебиеттер: Е.Жұматаева "Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру", "Қазақ мәдениетінің тарихы",