Ашы? т?рбие са?атыТ?уелсіздік бастауы- Желто?сан


Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі
-Балалар біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
-25 жыл
-Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
-Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
-Біздің президентіміз кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
-Қазақ тілі
-Балалар біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығы мен алған қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктеріменде әр бір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп бір жұдырыққа жұмылдырылған бақыттыда қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп әділетсіз шешім қабылданып халықтың ар намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қамықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі. Осыдан 30 жыл бұрын яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздігіміз құтты болсын!
Сонымен «Тәуелсіздік бастауы –желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Хор: мемлекеттік әнұран.
Жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
Желтоқсан оқиғасы-біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16 желтоқсан- ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп ардақтап өтетін күн. 1991 жыл 1желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1991 жыл 29 тамызда Семей полигоны жабылды. 1992 жыл 2 наурызда Қазақстан Республикасын біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. 1992 жыл 4 маусымда елімізідің мемлекеттік рәміздері қабылданды. Армандаған күнгеде жеттік. Мемлекеттік егемендігімізді алып тәуелсіз ел болдық.
Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп ән ұран қабылданды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Ел болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемелекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
1-оқушы
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан,
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан.
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің Қазақстан.
2-оқушы
Желтоқсан-тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршыннан қиылған боздақтары,
Қалар мәңгі есінде қазағымның.
3-оқушы
Желтоқсан жадымызда жаралы күн,
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.
Еркіндік егемендік елдігімді,
Емірене аңсады саналы ұғым.
4-оқушы
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
5-оқушы
Жалғыз Отан-адамның жүрегі ғой
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат-нағыз ердің бірі еді ғой.
6-оқушы
Желтоқсан тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін.
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
7-оқушы
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан,
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Жүргізуші:
Ән:
Жүргізуші:
Би: Қара жорға
Жүргізуші:
Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата-бабамыздың ғасырлар бойғы аманаты жатыр.
Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім.
Самғап жүрсек бостандықта биікте,
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Хор: Атамекен
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын!