СЫР МЕН СЫМБАТ та?ырыбында саба? жоспары


Сабақтың  тақырыбы : Сыр мен сымбат7 сынып Өзін-өзі тану
Сабақтың мақсаты : оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде  адамның  сыртқы ортаға  қатынасының  үндестігі  туралы  түсінік беру.
Міндеттері :Оқушыларды сұлулықты сезінуге, аялап, қорғай білцге шақыру,
Оқушыларды жалпы сұлулықты  дұрыс түсіне  білуге тәрбиелеу. 
Сабақ барысы :І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен амандасу;
- оқушыларды  түгендеу;
- сынып ішінде психологиялық ахуал туғызу;
Тыныштық сәті: Нұрға бөлену
Мәтінмен жұмыс :  «Тәңірісі  сұлулықтың марал деген»
Оқу ақпараты:  Сыртқы және ішкі сұлулық жайлы  жаңа ақпаратпен оқып танысу Дәйексөз : мағынасын түсіндіріп, мұғалім оқушыларға  рухани саулықтың  қоршаған ортаға  қатысты екендігін  түсіндіреді.
Шығармашылық жұмыс :  Қанипа Бұғыбаеваның  «Сұлу Күләш»  өлеңін оқи отырып,  өлеңде айтылған адам сұлулығы мен табиғат сұлулығының  үндестігін табу.
Сахналау : «Сұлулықпен сырласу»  рөлге  бөліп оқуДәптермен жұмыс : М.Жұмабаевтың «Сен сұлу»  өлеңін  оқи отырып,  өлең мазмұнына сәйкес табиғаттағы сұлулық туралы  өз пікірлеріңді  дәптерге  түсіріңдер.
Жүректен-жүрекке : сабақ соңында оқушылар мұғаліммен қосылып,  берілген  «Алтыным» әнін орындайды.