Конспект занятия по технологий на тему: «Кесте. Кесте тігістеріні? т?рлері» (5 сынып)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Қызыл-төбе елді мекені
№2 орта мектебі
Көшенова Айжан Құдайбергенқызы
Технология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Кесте. Кесте тігістерінің түрлері»Сабақтың мақсаты: жалпы кесте түрлерімен таныстыру, тігу технологясымен көрсетіп, тігілу технологиясын меңгерту.
Білімділік: халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдістерін меңгерту, қол икемділігін дамыту,тағампаздыққа баулу.Тәрбиелік: қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.Сабақтың түрі: сарамандық.Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ - жауап.Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, сызу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Дайын бұйымдар.2. Слайдтар.Құрал - жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушыларды түгелдеу.2. Оқу құралдарының дайындығын тексеру.ІІ Үй тапсырмасын қайталау.Қайталау сұрақтары:1. Изонить - дегеніміз не? 2. Жіппен бейнелеу өнері қандай бұйымдарды безендіру үшін қолданылады?3. Жіппен бейнелеу кезінде қандай құрал - жабдықтарды пайдаланамыз?4. Бұрыштарды, дөңгелектерді қалай толтырамыз?5. Бұрыштарды тігуде беткі жағында жіптер қалай тартылады, ал теріс жағында қандай сызықтармен көрінеді?
Жаңа материалды меңгерту. 1.Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады. Кесте тігуге қажетті негізгі құрал – жабдықтың бірі кергіш.
Әредік кесте - матаның әр жері әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек салынады. Тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы сияқты зат бөлігіне тігіледі.Оюластырып кестелеу маталарды бөлек - бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бір матаның бетіне екінші матадан тігілген фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен тігіледі.Маржандап, моншақтап кестелеу әйелдер бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңір, қол дорба қамзолдар және сән - салтанатты киімдерді маржандап, моншақтап кестелейді.
Сарамандық жұмыс.Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.1. Инені аузыңа салма2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.Нұсқау картар/с Жұмыстың орындалу реті Керекті заттар1. Матаны кергішке керу2. Матаға өрнекті салу3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру кергіш, мата5. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы.1 - кезең. Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз.2 - кезең. Шалып торлаудың түрлері.3 - кезең. Таңдай тігіс әдісімен тігілген қабырға кесте.4 - кезең. Жіп салып тігу.5 - кезең. Айқас тігісімен тігу.
ҮІ. Сабақты бекіту.Мақал мәтелдер1. Алтын кемер белге сән ------------------(Ақылды жігіт елге сән)2. Адам өнермен әсем ------------------------(Аң жүнімен әсем)3. Дау қуған жау табады -------------------------(Өнер қуған қазына табады)4. Ата көрген оқ жонар_--------------------------( Шеше көрген тон пішер)5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)6. Киіс пішсең, кең піш ---------------------(Тарылтуың оңай)7. Өнер іздеген өсер ---------------------(Өсек іздеген өшер)ҮІІ .БағалауҮІІІ. Үйге тапсырмаКесте тігістерін тігу