А?ша?ар сурет салу технологиялы? карта
Ортаңғы «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялықкартасы
Күні : 24.11.2016 ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Ақшақар»
Мақсаты:
Білімділік: Қардың жауып тұрған бейнесін бере білу, бұлттардың суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу, қардың ерекшеліктері жайында түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: суретке көркемдік элементтерді кіргізе білуді үйрету.
Тәрбиелік: Талғампаздыққа,әсемдікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: қыс мезгілінің, қардың суреті, дәптері, бояу, қылқалам.
Сөздік жұмыс: алғашқы, суық түс, мұз .
Қостілділік компонент: мұз лед.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің-қызметі Балалардың -қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық Педагог балалармен бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтайды.
(жұлдызшаға ұқсайды, жылтыр жылтырайды, ақ, ақ сұр, ақша қар, аппақ)Қардың қандай екенін сұрайды.. Қарды ұстап көреді. Еритінін, суға айналатынын, мұз болатынын анықтайды.
Ақша қар.
Ол қар, мұз түстес болып келеді..
Ұйымдастыру-
шылық-ізденістік Жұмбақ жасыру:
Аппақ-аппақ көбелек,
Жерге қонар көлбеңдеп.
Ақ жұлдызша себелеп,
Ұстатпайды, не керек ?
Педагог балалардың көңілін жауып тұрған қарға аударады. Қостілділік компонент: мұз лед.
Сергіту сәті:
Әппақ, әппақ, жапалақтап,
Қар жауып тұр далада.
Әппақ дала, барлық бала,
Қуанып жүр далада.
Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін қылқаламның тек ұшымен жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз.
Ең бірінші, әртүрлі бейнедегі бұлттар саламыз. Ол үшін сызықтарды анық етіп
басып сызып салу керек.
Қарды салғанда оңнан солға қарай сынық, түзу сынық салу қажет, дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз, сызықтар бірдей болу керек. Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз Қар.
Балалар сөздерді қайталайды.
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Әр бала сурет салу үшін бояулардың ішінен суық түстерді таңдап алады.
Қылқаламды әртүрлі
Күш салақатты, ақырын басып, жуан жіңішке із түсіреді.
Рефлексиялық – түзетушілік Педагог балалардан қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды.
-Балалар, бүгін суретті бәрін жақсы, әдемі салдыңдар. Жаңа жылда Аязата келгенде осы суреттерді көрсетеміз. Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді.
Игерді: геометриялық фигуралар арқылы бейнелеуді.
Меңгерді: қардың суретін салуды..