М??а?али Ма?атаев ?айырлы т?н,?ара ?ле? ашы? саба?


Тексерілді:................
Сабақ жоспары
Мұғалімі: Қазиуллин Ақжол Жасқайратұлы
Күні, айы: 9.02.2016
Сыныбы: 6
Пәні: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы : Мұқағали Мақатаев «Қайырлы түн», «Қара өлең»
Мақсаты :
Білімділік:. оқушыларға Мұқағали Мақатаевтің өмірі, шығармашылығы,
«Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері жайлы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, өздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке,
адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
а) Мұқағали Мақатаев «Қайырлы түн», «Қара өлең» туралы мағлұмат алады.
ә) Ақынның «Қайырлы түн», «Қара өлең» туралы өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
б) Шығармашылық ізденісте болады.
Көрнекіліктер:Мұқағали суреті, слайд-шоу, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Кезекші мәліметі
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ә)Үй тапсырмасын тексеру:
1.Б.Соқпақбаев "Менің атым қожа"повестьі мазмұнын сұраймын.
2.Сөзжұмбақ арқылы өткен тақырыпты қортындылаймын.
1. С 2. О 3. Қ 4. П5. А 6. Қ 7. Б 8. А 9. Е 10. В 1. Шығармадағы Қожаның досы кім?
2.«Менің атым Қожа» шығарманың қай түріне жатады?
3. «Менің атым Қожа » фильмін түсірген қазақ режиссорының фамилиясы?
4.Қожа орыс тілі пәнінен орыстың қай ақынының өлеңін жаттамай келді?
5.Орыс тілі пәнінен беретін ұстаздың аты?
6.Қожаның шын есімі?
7.Менің шашымды алғанда өтетін осы ауылда бір ғана ұстара бар. Ол кімдікі?
8.Шығармада орыс тілі пәнінен екінші рет «екілік» баға алған оқушы кім?
9.Жантастың қолындағы мөр басылған қағаз, қайда жолдама еді?
10.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі және Қожаның сынып
жетекшісінің фамилиясы кім?
І. Қызығушылықты ояту
Үнтаспа арқылы әннен үзінді беріледі. Ой қозғау әдісі бойынша сауалдарға жауап алу. /Балалар әнді тыңдап отырып ойланады/.
1.Бүгінгі туған күн иесі кім?
2.Нешеге толып жатыр?
II. Мағынаны тану
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мүкағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері жайлы түсіндіремін.
"Қара өлең". Мүғалім жатқа оқиды. ("Қара өлең" үғымымен таныстырады).
1.Мұқағали Мақатевтың өмірі
Мұқағли Мақатаев 1931 жылы Алматы обылысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарының қиыншылықтарымен дәл келгендіктен,болашақ ақын өмірдің ащы-тұщысын ерте тартады. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза табады,анасы Нағиман балаларын өзі асырап өсіреді.
Болашақ ақын әр түрлі салада қызымет атқарады: ауылдық кеңестің хатшысы,Қызыл отау меңгерушісі, мектеп мұғалімі, комсамол қызыметкері. Өлең жазуға деген құштарлығы ақынды қаламгерлікке жетелейді,әсіресе, газет саласында жемісті еңбек етеді. Алматы қаласындағы әдебиет және өнер қайраткерлерімен араласуы ақын болуына үлкен әсер етеді. «Армысыңдар достар!», «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» атты жыр жинақтары жарық көреді. Мұқағали поэзиясының негізгі тақырыптары – Отан, туған жер, туған ел тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, адамдар арманы, мөлдір махаббат.
Ақын балдәурен балалық шақты «Бақытты шақ», «Мектебім», «Аққала-ақ бала» сияқты өлеңдерінде жырласа, Отанға , халқына, туған тіліне деген сүйіспеншілігін «Үш бақытым», «Менің Отаным», «Отаным», «Отан туралы» өлеңдерінде білдіреді.
Мұқағали Мақатаев өзінің шығармалары арқылы қазақ поэзиясын мазмұн жағынан байытып, жаңа бір биікке көтерді.
Ақының өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев көптеген әндер шығарған.
Мұқағали Мақатаев – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу. «Қайырлы түн»
Қайырлы түн,
Жер-Анам!
Көк аспанды жамыл да,
Таңға дейін дін аман,
Тәтті ұйқыда дамылда.
Орманың да шуламасын,
Суларың да туламасын.
Ақ басты ала тауларың да,
Күңіренбесін, жыламасын,
Шамыңды өшір,
Түсіре ғой пердеңді,
Қайырлы түн алып Жер!
Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді,
Таптамасын танктер.
Қайырлы түн ,
Көк аспан,
Алып жерді төсенде,
Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,
Ұшырама кеселге.
Қайырлы түн,
Ақ аспан,
Алып жерді төсен де,
Боз көрпеңді айқара жап иыққа,
Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан.
Қайырлы түн, ұйықта!
Шашу болып жұлдыздарың шашылды,
Айың келіп ақ мойныңа асылды,
Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы,
Тыныштық деп аталатын жас ұлды...
3. Өлеңді мәнерлеп оқу. «Қара өлең»
Қалқам, мен Лермонтов, Пукин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
Қасиетіңнен қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халықымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын
III.Топтық жұмыс: Әр өлеңнің бір шумағын өлең қүрылысына талдату (буын, тармақ, шумағы және ұйқас түрін табу).
IV.Сөздікпен жұмыс:
Күпі- матамен тысталған,ішіне түйенің,қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім.
Шекпен -иірілген жүннен өрмекпен тоқылған,шапанға ұқсас сырт киім.
V.Ой-толғаныс
Дәптермен жүмыс. Графопроектор арқылы үш сөйлемнің басы беріліп, соңын өз беттерінше аяқтау.
Мүқағали Мақатаев 1931 ....
Оның өлеңдерінің тақырыбы....
Біз Мүқағалиды....
VI.Үй тапсырмасы:
Мұқағали Мақатаевтың өмірі бойынша қосымша іздену, «Қара өлең»өлеңін жаттау.
 VII.Оқушыларды бағалау.