Суретшілер шы?армаларын талдауды ?йренеміз от Сералиевой Айгерим


Сабақ жоспары
Пәні:Бейнелеу өнері
Класс: 6 «ә»
Уақыты: 10,12,2015
Сабақ тақырыбы:Суретшілер шығармаларын талдауды үйренеміз.
Жалпы мақсаты:
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру .Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,оқушы санасына терең сіңіру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.  
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Әдіс- тәсілдер:Эстетикалық тұрғыда бейнелеуге үйрету, тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану, сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілетін дамыту ,оқушыларды өнертанушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақ кезеңдері
І Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру:- Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?- Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?- Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Жаңа сабақ       Суретшілер шығармаларын көріп, қабылдауда суреттегі табиғат көрінісі, заттар тобы, оқиғалар, адамдардың көңіл күйі, яғни қуанышқа, қайғыға, қорқынышқа икемдігін түсініп, автордың бейнеленген бейнеге, оқиғаға әсерленуін, сүйіспеншілігін, ренішін аңғару қажет. Суретші С. Мәмбеевтің шығармасына назар аударып көрелікші.    Қазак халқының мақтаныш етер шебер суретшілерінің бірі Сабыр Мәмбеевтің көркем шығармалары ең алдымен көрерменнің эстетикалық сезіміне әсер етеді. Түстердің әсемдігі, композицияның анықтығы, бояу колоритінің байлығы суретшінің әрбір шығармасында әлемді әуезді кабылдауға бейімділік байқалады. Суретші шығармалары көрген адамның жан дүниесін тебірентпей қоймайды.    Суретші Қ. Телжановтың «Көкпар» атты шығармасында қазақтың кең-байтақ даласында көкпар шауып, тартысқа түскен ер-азаматтар бейнеленген. Ширыққан ат үстінде шыныққан көкпаршы жігіттер. Суретші бұл шығарманы жасау үшін ең алдымен эскиздер салып, аттардың әр түрлі қозғалыс кезіндегі қимыл-қалыптарын қағаз бетіне түсіреді. Одан кейін кең дала табиғатын, адамның бастары мен қолдарын, денесін сан түрлі кейіпте жеке-жеке орындап шығады. Бұл шығармадан біз орындалу техникасының және адам ойының мазмұнға бай көрінісін көре аламыз.
Сабақты бекіту
І тапмырма:-Айвазовскиидің «Тоғызыншы толқын» картинасында бейнеленген оқиға туралы не айтуға болады?
-Суретші өз картинасында қандай түстерді көбірек пайдаланған?
ІІ тапсырма:Сәйкестендіру тестісі.
а/ Қ Телжанов б/Жуалы атырабында
Ә ЫсмайловТоғызыншытолқын
И АйвазовскииКөкпар
С МәмбиевЖолғашыққанда
Сарамандықжұмыс
Қ Телжанов « Көкпар» шығармасын орындау
Үйге тапсырма беру
 Әртүрлісуретшілер шығармаларын салыстыраотырып, ерекшеліктерін ашуға тырыс.