Планирование на тему ?нерлі ?олдар
«Өнерлі қолдар» вариативтік
сабақ бағдарламасы
Бағдармаларының авторлары
№32 сәбилер бақшасының тәрбиешілері: Абикенова Д.О. –І санатты
Қожанова Г.Е. -санатсыз
Ертаева Г.Б. –санатсыз
Түсінік хат
Бағдарламаның мақсаты:
Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Балаларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бағдарламаның міндеті:
Балаларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.
Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық.
Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.
Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.
Бұл авторлық бағдарлама, бұл бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты балаларға арналған. Бағдарлама бір оқу жылына арналған. Сабақтың түрлері: баяндама, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, сауалнама, кездесулер түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Күтілетін нәтижелер: балалар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін қалалық, аудандық көрмеде көруі.
Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі балабақща, аудандық, қалалық көрмеге жұмыстарды шығару.
Бұл бағдарлама 15 бөлімнен тұрады.
Көркем еңбек бөлімінде ұлттық киім түрлері, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан қиып жапсыру үйретіледі.
Тұрмыстық еңбек бөлімінде әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру үйретіледі.
Жұмсақ бейне ойыншықтар бөлімінде жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясы үйретіледі.
Жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйретіледі.
Былғарымен жұмыс жасау бөлімінде былғарыны тазалау, бояу, пішу, одан әртүрлі бұйымдар жасау үйретіледі.
Ою-өрнек бастырмалар бөлімінде ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері үйретіледі.
Сәндік қолданбалы – өнер элементтері бөлімінде шолпы, алқа, білезік, тұмарша бұйымдарын жасау үйретіледі.
Су моншақ тоқып үйрену бөлімінде моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен кестелеу жұмыстарына үйретіледі.
Тоқыма-өнері бөлімінде тоқу әдістеріне үйретіледі.
«Қолөнер - еңбектің қайнар көзі» үйірмесінің бағдарламасы балаларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне, балалармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
Әрбір тәрбиеші өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе компьютер арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура келеді.
Қазір балалармыздың өнердің барлық түрлерін, қолөнер еңбекке икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс-әрекеттерімен көрсетуде.
Балаларға арналған қосымша білім берудегі балалар шығармашылық үйінің оқу жоспарына сай үйірменің күнтізбелік жоспарының құрылымы 36 сағатқа, аптасына 1сағаттан өтілу берілген.
Күнтізбелік жоспар№ ТақырыбыМақсаты СағатыОсының ішіндеАйыКүні
1 2 3 4 5 6
1 Техникалық еңбек Технологиялық мәліметтер. Үйірменің мақсаты, маңызы, қолданылуы, әдіс-тәсіл жұмыс түрлері. Қажеттілік материал әзірлеу, жұмыс орны ережелерімен таныстыру.
1
2. Көркем еңбек. Қолданбалы еңбек. Шеберлер, туынды жұмыстарымен, еңбектерімен таныстыру, ұлттық безендіру, бедерлер көркемдік өнер бейнелерді киіндіру картон қағаз, түрлі материалдардан. Тігіс, жапсыру, есу әдіс-тәсілдері ұлттық қуыршақ үлгісімен жасау. 2 3 Тұрмыстық еңбек. Қолданбалы сәндік, көркем өнер, бұйым, әйнектен жапсырма және ыдыстарды мүсіндеу немесе қалыптау. Ыдыстарды әр түрлі материалдан құрастырма жапсыру.
3 4. Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау. Жануарлар, құстар, адам, жәндіктер түрлерін жасау, сызба тігу. 5 5. Жапсырмалау жұмысы. Апликациялық қиылыстыру арқылы «Ертегілер елінде». Мата, былғары, фальга, өсімдік түрлерімен композициялау, көрініс жасау. 3 6. Былғарымен жұмыс. Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, пішу, бояу. Жұмыс жүргізу құрал-жабдықтармен таныстыру. Әдіс-тәсілдерін меңгеру. 3 7 Ою-өрнек жұмысы. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру. Шығу тарихы.Қазіргі қолданыста ою-өрнек ерекшелігі, ою-өрнек сән үлгілерін жасау; (қалауынша) жұмыс )киіз үй, тұмарша). 3 8. Сәндік қолданбалы өнер. Көркем қолөнер элементтерінің қолданыста пайдалану технологиясы.Тұмарша, қобдиша, қоржын бұйымдар жасау. 2 9. Адамгершілік тәрбиесіне саяхат. «Салауаттылық,жарқын болашақ», «Жаман әдет кесірі көп», ( Жол қауіпсіздік шарасымен танысайық», «Әдепті сөйлеу мәдениеті», «Отбасындағы тәрбие», «Мамандыққа саяхат». 2 10. Су моншақпен жұмыс. Моншақ туралы түсінік. Қолданылуы су моншақпен бұйымдар бедерлеу,кестелеу. 3
11. Тоқыма өнері. Тоқу өнері туралы түсінік беру, керекті құралдармен танысу.Тоқылу әдіс-тәсілдерін технологиясын меңгеру,
2
12 Қол тігістері, кестелеу түрлері Қол тігістері, кестелеу түрлері туралы түсінік беру.Көрнекті материалдармен, құрал жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Кестелеу әдісімен бұйымдарды безендіру. 1 13
Әртүрлі материалдардан панно жасау.
Панно, оның шығу тарихы, түрлері туралы мағлұмат беру. Панно жасауға қажетті заттар, жабдықтар. Гүлдерден панно жасау.
2 14 «Сызба ою» үлгісін қию. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қол моторикасын дамыту. 2 15 Қорытындылау. Көрме ұйымдастыру. Жобалар қорғау.
Әр топ бір жыл бойы өз жұмыстарын қорғап әңгімелеп беру. 2 Барлығы 36 сағ