Технология на тема: ?нерлі болса? ?зіп к?р


<<Өнерлі болсаң, озып көр>>Хакима Усмонқызы МАДКАСИМОВA,
№100 жалпы орта мектебі
Шымкент қаласы
Сайрам ауданы
Қорабулоқ ауылы
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, ептілікке, шеберлікке, еңбексүйгіштікке, жылдамдыққа, еркін сөйлеуге, іскер болуға тәрбиелеу.
Даярлық кезеңі: 6-сынып оқушыларының арасынан екі топ құру, қонақтар шақыру, әділқазылар алқасын тағайындау, тапсырмалар, сұрақтар дайындау.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі оқушылар арасындағы өнер сайысына қош келдіңіздер.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Қазақ халқы қолөнерін аса жоғары бағалаған. Баланы жастайынан өнерге баулып, жұмбақ шешкізіп, еркін ойлап, кең көсіліп сөйлеуге баулыған.
Біздің сайыс сабағымыздың да мақсаты тіл ұстартып, ой ұштауға жаттықтыру, тапқырлыққа, шеберлікке, еңбексүйгіштікке, жылдамдыққа, іскерлікке, естелікке тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар, жанкүйерлер <<Өнерлі болсаң, озып көр>> атты сайыс сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше, сайысқа қатысып, кешімізге нәр беретін ойыншыларымызды ортаға шақырымыз.
Таныстыру кезеңі:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулер өрнек салыпты.
Терме түйін түйіп тамсаныпты, - дей келе, кезекті сайыскерлердің өз топтарын таныстыруына берейік.
Кім жылдам?
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған сәніміз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар қолөнер салтымыз.
Бұл бөлімде қыздар салат дайындайды. Қай топтың салаты дәмді әрі жылдам дайындалса, сол топ жеңеді. Ал, ұлдар арнайы дайындалған тақтайдың бетіне қарындашпен сызық сызып, сол сызықтың бойымен ағашты аралап кесу керек. Бұл жерде оқушының қырағылығын, ептілігін, жылдамдығын анықтаймыз.
<<Сөз маржан>>
Бүгінгі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқумен өнер білмек.
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты,
Жоятын надандық қой, жаман індет.
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыса басқа елдердей қатарға еңбек.
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек, деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті мақал-мәтелдер сайысына береміз. Екі топ кезек-кезек мақал айтады, қайсы топ көп мақал айтса, сол топ жеңеді. Мақалдар қайталанбауы керек.
Кім өнерлі?
Шебер біздің әжеміз,
Шебер біздің атамыз.
Шебер болған бабам да,
Біз де шебер боламыз.
Келесі кезекте сайыскерлеріміз үйге берілген қолөнер бұйымдарын қорғайды.
Кім шебер?
Ою-өрнек қарасаң,
Өңкей мүйіз тігілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізіңмен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер, ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек.
Бұл сайыста бір-біріне ұқсас ою элементтерін тауып, жылдамдықта композиция құрастыру керек.
Топ жетекшілерінің сайысы.
Халықымыздың қолөнері қашанда,
Мәңгі жасап жалғасады заманға.
Бұл сайыста топ жетекшілері:
Үй тапсырмасын қорғайды;
Қарсылас топ мүшелері 5 сұрақтан қояды, келесі топ капитаны сол сұрақтарға жауап береді.
Бұйымдар мен заттарды,
Сәндеу үшін көрнекті
Қиын да болса қиналмай,
Мен де үйрендім өрнекті, - деп келесі кезекті қылқалам шеберлеріне береміз.
<<Білекті жықса біреуді,
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай
Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті білім сайысына берейік. Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді. Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Қорытынды.
Сіздер, біздің шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар.
Өнер – құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырып біріншілікке шығады.
Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы – дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиеттеріңіз арта берсін.
Халқымның қолөнері өрістесін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен сайысымыз аяқталып,
Өнерлі жастарымыз өсіп-өнсін.