Біз ?нерлі баламыз Урок
Біз өнерлі баламыз
Мақсаты: Жас ұрпақтарды шығармашылыққы баулып, оқушылардың бойындағы өнерімен талабын арттыра түсу.
- Құрметті қонақтар,ата-аналар оқушылар өздеріңізге арналған "Біз өнерлі баламыз" атты концертімізге қош келдіңіздер.Бүгін сіздер мектепалды даярлық сыныбының өнерін тамашалайсыздар.
Сейтек салған сара жол
Өнерге тартқан дара жол
Пернелер қуып сырғыйды
Көкейден туған дана жол
Рамазан
Өнер десе елең дейтін халықпыз,
Өнер барда шалқыған Ақ жайықпыз
Әнсіз, күйсіз өткен тойы қазақтың
Көрінетін секілді-ау қызықсыз
Айжан
Күй атасы Құрманғазы атамыз
Күйлеріне тәнті болып жатамыз.
Динадайын шәкірті бар тектінің
Өнегесі азық бізге жақсының
Жасұлан
Әндері мен күйлерін,
Жаттап лезде аламыз.
Ізін басып өнердің
Бізде сондай боламыз.
Жансая
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан шашайық
Қонақтарды таңқалдырып,
Өнерді күмбез жасайық.
Салтанат
Биле,жаным,билеші,
Билегенді қоймашы
Қайтып келмес жастығың
Мың бұралып билеші.
Би: Балапан.
Аянат
Сөз анасы- бұлақтан,
Тыңдаушысы құмартқан.
Мақалға кезек берейік.
(Оқушылар мақал айтады)
- Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсен менше сүй,-деп Абай айтпақшы, ән арман әлемі ғой.
Ән:Ата –анамды тыңдаймын
Ерсін
Әнді айту әркімге де өнер ғой
Өнер деген түбі шексіз әлем ғой
Әр шәкірттің қабілеті әр қилы,
Әсем әнді орындаған шебер ғой
Жансерік
Ән-көңілдің ажары
Күй- көңілдің бұлағы
Әнде сала біледі
Биді билей біледі.
Би:Қуыршақ
Аяулым
Қолымда менің ине-жіп,
Өрнектеп ою тіге алам.
Өнерімді көргенде
Қуанамын мәз болам.
Аяжан
Ойыншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді
Еркелігі соншама
Көтерсемде жүрмейді
Мади
Досым маған ойыншық
Машинасын сыйлады
Бірақ оның ішіне
Саусағымда сыймайды.
Ойын:Кім бірінші
Біржан
Шәй ішетін қоюлап
Жақсы көрем атамды
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы көрем апамды
Ілиас
Танертең мен тұрам да
Тауықтарға қараймын
Бәрі түгел жүрме деп
Балапанды санаймын
Ардақ
Пеш үстінде мысық отыр
Екі көзін қысып отыр
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр
-Бұл өмірдің лаулаған жалындары
Бойында өнер оты жалындады
Үлкен өнерпаз боп болашақта
Болыңдар еліміздің дарындары
-Осымен құрметті қонақтар бүгінгі ертеңгілігіміз осымен аяқталды
Қош сау болыңыздар.