Ма?ала Жа?аша о?ыту – саналы ?рпа? т?рбиелеуді? ал?аш?ы баспалда?ы



Оқшау ой
Жаңаша оқыту – саналы ұрпақ тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы
"Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман" -деп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, биылдан бастап еліміздің білім беру саласы жаңа кезеңге, жаңа бағытқа бет бұрды. Бұл жаңартылған оқу бағдарламасының басты мақсаты – оқушылардың бойында командадағы жұмыс дағдыларын, көшбасшылық, бастамашылық, IT-біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық қасиеттерін дамыту, қалыптастыру болып табылады.
Республикамыздың барлық мектептері 2016-2017 оқу жылын осы жаңа оқу бағдарламасы негізінде жасақтап, жаңаша бағытта жұмыс істей бастады. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушылар да осы жаңа оқу бағдарламасымен оқып жатыр. Бұл бағдарламаның ең негізгі жаңалығы 1-сыныптан бастап-ақ үш тілде сауатын ашумен қатар, жаратылыстану, өзін-өзі тану, дүниетану сынды пәндерді оқу арқылы жас сананың дүние танымын жан-жақты жетілдіруге баса мән беру болып табылады. Әсіресе, 1-сынып оқушыларының қазақ тілін, орыс тілін және ағылшын тілін ерте жастан меңгеріп кетуіне ерекше басымдық беріліп отыр.
Сондай-ақ, атап айтар болсақ, жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері төмендегідей:
пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білімді тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру;
таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау);
білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беру;
бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыру болып табылады.
Сонымен қатар, жаңартылған оқу бағдарламасында білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалуда да ерекшеліктер бар, яғни критериалды бағалау жүйесі. Критериалды бағалаудың екі түрі бар.
Олар: қалыптастырушы бағалау – оқудың ажырамас бөлігі болып табылады;
жиынтық бағалау – ол ортақ тақырыптар және тоқсан аяқталғанда жасалады.
Ойды жинақтап, "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" жаңартылған оқу бағдарламасы білімді шығармашылықпен қолданатын, сыни тұрғыдан ойлайтын, зерттеу жұмыстарын жасай алатын, АКТ қолданатын, тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін үйлестіре білетін, топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеуді көздейді. INCLUDEPICTURE "https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/12cc/0002d1eb-59fe271b/640/img6.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/12cc/0002d1eb-59fe271b/640/img6.jpg" \* MERGEFORMATINET
Абыройы асқақ, келешегі кемел, азат елдің INCLUDEPICTURE "https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/12cc/0002d1eb-59fe271b/640/img6.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/12cc/0002d1eb-59fe271b/640/img6.jpg" \* MERGEFORMATINET еркін ойлы, білімі мен білігі толысқан ұрпағының рухы әрдайым жоғары болуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рух-ты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшылжас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмететуге ұмтылады" деген болатын. Демек, еркін ойлы, саналы, нағыз патриот, ұлтшыл ұрпақты тәрбиелеуде жаңартылған оқу бағдарламасының алатын орны зор екеніне сенемін.

Жұмасыл САЛТАНАТ.