Презентация Дарынды ж?не талантты балаларды аны?тау жолдары
Жобаның мақсаты: Дарындылықты анықтау мен қолдау жолдарын зерделеу . Міндеті:.Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу. 2.Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын беру. 3.Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелерді жинақтау. 4.Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологияларын жалпылау. Күтілетін нәтиже: Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер зерделенеді. Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балаларға сипаттама беріледі. Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелер жинақталады. Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологиялары жалпыланады. Жобаның негізгі мазмұны 1. Теориялық негіздеме Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Демек, бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік келешектегі қабілеттіліктің көрсеткіші бола алады. Ерекше қабілеттілік - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Адамның ерекше қабілеттілігі оның жоғары туа біткен жеке қасиеттерімен тығыз байланысты. Табиғи дарындылық дегеніміз не? Нышан дегеніміз- қабілеттің дамуының анатомиялық-физиологиялық алғышарты. Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез- келген іс- әрекетті табысты орындауы. Дарындылық дегеніміз- адамның кез- келген іс- әрекет түріне ерекше қабілетті болуы. Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Данышпандық дегеніміз - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. 2.Жоба өніміне сипаттама Теориялық негіздеме Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп –тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде көрініс тапқан. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы пікірталастардың негізі болып табылады. Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын мына тұрғыда беруге болады. Дарынды балалар сипаттамасы Дарындылықтың факторлары Құрамды бөліктер Ерекшеліктердің көрінісі Ақыл-ой Жалпы қабілеттілік - Ақыл-ой коэфициенті 120 балдан жоғары; - Ерекше есте сақтау; - Ауызша түсіну және ойды нақты баяндау ; - Сөйлеу шапшаңдығы, мол сөздік қор; - Есептеуіш қабілеттіліктер; - Ойлау өткірлігі(қабылдау жылдамдығы) - Қабылдау кеңдігі (объектімен кең композициялар құру); - Жүйелі білім құрылымы (ақпаратты өңдеу, анализ -синтез, индукция- дедукция); - Аса жоғары тұрақталған көзқарас - Байқағыштық; - Когнетивті көзқарас. Арнайы қабілеттілік - Академиялық ( жеке пәндер бойынша жоғары нәтижелер); - Лингвистикалық (тілді қолдану қабілеттігі); - Қисынды –математикалық (объектілермен, символдармен, белгілермен жұмыс жасау); - Кеңістік (үлгілермен, фигуралармен, суреттермен жұмыс жасау); - Музыкалық (орындау, шығару); - Жеке тұлғалық ( өз сезімін басқара білу,ажырату, сараптама жасау) Шығармашылық - Мәселені түсінушілік ( олардың танылуы, табылуы); - Шапшаңдық (түрлі идеяларды генерациялаудағы шапшаңдық); - Икемділік (мәселені шешу мүмкіндігіне жеңіл ауысу); - Түпнұсқалық ( обьектіні дамыту, жаңа шешімдер, идеялар); - Елестету ( фантазия); - Жоспарлау; - Шешімдерді қабылдау; - Шешімдерді жүзеге асыру, зерттеушілік белсенділік; - Эмоционалды белсенділік; - Сезіну; Аналитикалық қабілеттіліктер (идеяларды бағалай білу дағдысы); - Өзін-өзі дамыту; - Түпнұсқалы шешімдерге жету. Мотивация Танымдық қажеттіліктер - Білімге құштарлық, танымдық белсенділік; - Ақыл-ой еңбегін қанағаттандыру; - Оқудың шапшаң жылдамдығы мен ептігі; - Әрекет етудің белгілі бір жақтарына жоғары сезімталдық. Мақсатқа тұрақтылық - Тұрақты қызығушылық; - Мақсатқа жетудегі тұрақтылығы; - Мүмкіндіктерін таратуға ұмтылу; - Еркіндікке тұрақтылық; - Еңбексүйгіштік жұмысқа қабілеттілік ;- Өзін- өзі тәрбиелеу; - Өзін өзі сынай білуі. Оқушының тұлғалық әлеуметтік бейімделуі Жанұя Мектеп Қоғам - Өз қатарымен, ересектермен өзара қарым-қатынасын орната білу дағдысы - Ынталылық - Өзін және өзгелерді түсіне білуі - Іс-әрекетте тәуелсіздігі - Жалпыға бірдей стандартты қабылдамау - Ашық темперамент - Өзін-өзі басқару, өзіндік жауапкершілік - Мен- концепциясы (өзіне сенімдік және өзін адекватты бағалауы) Дарынды бала жайында айтылған сипаттамаларды байланыстыра келе, дарынды баланың қарапайым балалардан ерекше болып келетін белгілерін қарастырамыз. Дарындылықтың сыртқы көріністері әртүрлі интеллектуалдық және жеке тұлғалық қабілеттіліктерінде түрліше көрінеді. Балалардың дарындылығын пайымдау ерекшеліктері. Қазіргі кезде балалардың дарындылығын арттыру мен оны қалыптастыруда алдын-ала пайымдау өзекті мәселенің бірі. Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға төмендегідей әр түрлі оқыту әдістерін кешенді түрде қолдану негіз болады: - Балаларды бақылау әдістерінің түрлері; - Арнайы психологиялық тренингтер; - Балалардың мінез- құлқын бағалау арқылы тексеру; - Арнайы бағдарламалар бойынша сынамалы сабақтар жүргізу; - Интеллектуалдық іс шараларды ұйымдастыру ( пәндік олимпиадалар, конференциялар, жарыстар, байқаулар) Оқушылардың дарындылығын пайымдау үрдісі неғұрлым сапалы және тиімді нәтижеге жету үшін педагогтарға арнайы құрастырылған оқыту әдістерін қолдану қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша мұндай әдістер ең алдымен баланың танымдық және тұлғалық даму деңгейін айқындауға бағытталуы тиіс. Бұл міндетті төмендегідей шкала бойынша анықтау ұсынылады: - Төменгі деңгей егер жеке ерекшелік мүлдем байқалмаса; - Орташадан төмен деңгей егер жеке ерекшелік сирек байқалса; - Орташадан жоғары деңгей егер жеке ерекшелік жиі байқалса; - Жоғары деңгей егер жеке ерекшелік үнемі байқалып отырса. Педагог баланың дарындылық қасиетін оның белгілі бір қызмет түрінде жиі байқауы мүмкін. Жеке зерттеушілер С. А. Леднева осыған байланысты баланың төмендегі сипаттамаларына көңіл бөлуді ұсынады: Тұлғалық сфера - Жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс; - Белгілі бір қызмет барысында жаңа шығармашылық жұмыстарды орындауға ұмтылу; - Белгілі бір қызмет түрінде жаңа жобаны өздігінше жүзеге асыруға ұмтылу. Танымдық сфера - Жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс; - Алынған ақпаратты талдауға, жинақтауға, қорытындылауға және өз қызметінде пайдалана отырып, нәтиже шығаруға деген қабілеттілік; - Алға қойылған мәселенің қайталанбас шешімін таба білуге деген қабілеттілік. Қарым қатынас сферасы - Өз көзқарасың басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну; - Белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс; - Өз қызметінде және белгілі бір қызмет барысында балаларды өз қарамағына топтастыруға деген ұмтылыс. Педагогикада «дарындылық» түсінігі екі негізгі тәжірибелік мәселемен тығыз байланысты: - Әр баланың интеллектуалдық шығармашылық қорын анықтауға бағытталған жұмыстар; - Дарынды балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу. Жаппай орта білім беру мәселелері жағдайларында оқытудың отандық ғалымдар ұсынған әдістемелік үлгілеріне негізделген және оқытушылардың ойлау қабілетін дамытудың психологиялық механизмі тұрғысында құрылған бірнеше бағыт қолданады. Олардың негізгілеріне тоқталып өтейік: «Еркін үлгі» оқыту процесінде баланың ішкі ұмтылысына барынша көңіл бөлу ескеріледі. Бала өз уақытын еркін жоспарлайды және оқыту құралын өз еркімен таңдайды. Оқытушы тарапынан қатаң педагогикалық ықпал болмайды. «Диалогикалық үлгі» балаларды оқытудың түрі мен мазмұнын олардың адамзаттық танымның мәдени негізін түсінуіне бағытталып өзгерту болып табылады. «Тұлғалық үлгі» оқушылардың танымдық, эмоционалдық, адамгершілік және эстетикалық мүмкіншілік қорын дамытуға бағытталған. «Дамытуға бағытталған үлгі» төменгі сынып оқушыларының теориялық ойлау қабілеттерін дамытуға негізделген. Жоғарыда айтылғандарға толықтыру ретінде мектептегі оқу үрдісінде анықталатын баланың интеллектуалдық даму аумағындағы басқа да қасиеттерін айтуға болады: алдын –ала көре білу, идеяларды ұсынып қана қоймай, оны талқылай білу, логикалық тұжырым жасауға бейімділік, себеп пен салдар арасындағы байланысты анықтай білу, көп сауалдар қоюға ұмтылыс және т. б. Кез-келген аумақта жоғары жетістіктерге жету біз көріп отырғандай жалпы психологиялық дамудың жоғары деңгейі негізінде мүмкін болады. Қорыта айтқанда, пайымдау психологияда да педагогикада да пікір –таласқа негіз болып табылады. Баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары ) - Арнайы психо-диагностикалық тренингтер; - Баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-ана тарапынан экспертті бағалау; - Ұжымдық-шығармашылық іс-шараларын жүргізуде балаларды қатыстыру; - Балалардың шығармашылық жұмыстарының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау; - Белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиагностикалық зерттеулер жүргізу- деп, қарастырсақ біріне-бірі еліктеп қатарларын толықтырып отырса нұр үстіне нұр болар еді. «Әрбір бала –болашақ данышпан» деген қағидаға ой жіберсек,ұстаз атаулының жас шәкірттерді дарынды, дарынсыз деп жіктеуінің үлкен қателік екенін сеземіз. Психологтер соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. «Туа» біткен данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған. « Туа қалыптасқан» данышпандар-Моцарт, Рафаэль, Пушкин, тағы басқалары өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Бұл топқа біздің халықтың ішінен Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовты жатқызуға болады. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті-қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне-өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен. Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты - табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету. Осы жағдайға жеткен оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды. Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулу, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет. Шығармашылық қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады. Яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік-баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Жаз», «Үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; - Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу; - Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін байқау, қамқорлық таныту; - Ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету; - Оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру; - Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен жауап беру, олардың психологиялық екпіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс. Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы. Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологиялары Дарынды балаларды іздеу, оларды оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық.Ендеше сол жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқу әдістерін ( технология) қолданамыз. Жаңа оқыту әдісі (технология) – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. Ал педагогтардың жаңа оқыту әдісі дегеніміз – бұл педагогтың мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы. Жаңа оқыту әдісін жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі шәкірттердің бағалауы ерекше орын алады. Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. ҮІ топ. Көбейтіндідегі бірліктер 0, 6, 2, 8, 4 болып қайталанады.6 х 0 = 0 6 х 5 = 306 х 1 = 6 6 х 6 = 366 х 2 = 12 6 х 7 = 426 х 3 = 18 6 х 8 = 486 х 4 = 24 6 х 9 = 54 Енді барлығымыз тағы бір «құпияны » тауып көрейік. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға кім тез қосады екен?Көбейтіндідегі қай сандардың қосындылары бірдей сан болады? Кім жылдам? 6 х 2 = 126 х 3 = 186 х 4 = 246 х 5 = 306 х 6 = 36 Қосынды 666 х 7 = 426 х 8 = 486 х 9 = 54 Көбейту кестесін оқып үйренуде қолдалылатын, оны еске сақтауға көмектесетін тапсырмалар түрі 1. Бірлігі 4, 2, 6, 8, 0 болатын мысалдарды жаз 6 х 4 = 24, 6 х 9 = 546 х 2 = 12, 6 х 7 = 42 6 х 3 = 18, 6 х 8 = 48 т.с с2. Ондығы 4 –ке, 1-ге, 3-ке тең көбейтіндіні жаз.3. Мен сандар айтамын, егер көбейтіндіні естісеңдер шапалақтап, көбейтінді болмаса аяқ тоқылдатыңдар.4. * : 6 = 7 * : 6 = 9 6 х * = 306 х * = 54 т с с Көбейту кестесін оқып үйренуде қолдалылатын, оны еске сақтауға көмектесетін тапсырмалар түрі 5. Өтіліп отырған көбейту кестесінің мәніндегі сандарды қоса отырып, сандар қатарын жазып қойып, ішінен керектісін таңдап алуға болады.12, 15, 21, 24, 30, 49, 54, 72 6. 2 және 4 -тің кестесінде көбейтінділері бірдей, ал көбейткіштері әр түрлі мысалдарды тап. 4 х 4 = 16 4 х 3 = 12 4 х 5 = 202 х 8 = 16 2 х 6 = 12 2 х 10= 20 7. Сандарды 5-ке бөлінетіндей етіп, толықтыр.1..., 4..., 2..., 5..., 3 ... 8. Берілген сан қандай көбейту кестесінде кездеседі?9 – ( 3, 9)12– ( 2, 3, 4, 6 )24– ( 3, 4, 6, 8) Пифагор таблицасының көмегімен көбейту кестесін еске сақтау 1 2 3 4 5 6 7 8 9 2 4 6 8 10 12 14 16 18 3 6 9 12 15 18 21 24 27 4 8 12 16 20 24 28 32 36 5 10 15 20 25 30 35 40 45 6 12 18 24 30 36 42 48 54 7 14 21 28 35 42 49 56 63 8 16 24 32 40 48 56 64 72 9 18 27 36 45 54 63 72 81 9 х 5 8 х 5 8 х 8 7 х 7 7 х 8 6 х 8 6 х 4 4 х 3 9 х 8 7 х 5 7 х 6 3 х 5 6 х 7 6 х 5 5 х 4 2 х 6 6 х 6 4 х 6 4 х 4 Дамыта оқыту технологиясы – ана тілі сабағында Ана тілі сабақтарының мақсаты эстетикалық талғамы жоғары, көркем әдебиетті және автордың көзқарасын түсінетін оқырман тәрбиелеу. Оқу техникасын жетілдіру алдыға қойылған ең негізгі мақсат емес, ана тілі оқушыда эстетикалық талғамын дамыту құралы. 6-7 жасар балалар үшін ең негізгі жұмыс түрі рөлдік ойындар, рөлге бөліп оқу. 2 сыныпта негізгі кейіпкерлер, негізгі кейіпкердің көзқарасы, 3-4 сыныптарда оқырман көзқарасы, оқырман - сыншы болу сияқты жұмыс түрлеріне көшеді. Мұғалім де, ата- ана да әрбір оқушыға оның бойындағы одан әрі дамытуға болатын жақсы жақтарына деген оптимистік сеніммен қарауға тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу – мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзіне өзінің сенуі оқушыны тәрбие субъектісіне айналдырады, ол біртіндеп өзінің алдына әр түрлі міндеттер қойып, оны шешудің жолдарын іздеп табатын болады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту (Ата-аналарға нұсқау) Баланың сұрақтарына сабырмен және адал жауап беріңіз.Жеке жұмыстары үшін балаға бір бөлме, не шағын бұрыш ұсыныңыз.Оның өзіндін жоспар құрып, шешім қабылдауына, онысына жауапкершілік танытуына көмектесіңіз.Балаңыздың кемшілігін алға тарту арқылы оны басқалармен салыстырмаңыз. Балаңызды кемсітпеңіз, ол өзін сізден кем сезінуіне жол бермеңіз.Кез- келген жетістігін мақтай біліңіз. Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі Ой өрісін кеңейтуге жәрдемдеседіСын көзбен бағалау шеберлігі артадыӘдеби тілдік нормаға сәйкес өз ойларын жеткізе білуге үйренедіӨз бетімен, топпен жұмыс істеуге дағдыланады Оқуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйренеді Оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізетіндей етіп жұмыс істеу мұғалімнің ұстаздық міндеті. Ал өз пікірін пайымдай алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын оқушы ертеңгі үлкен өмірдің бәсекесіне төтеп бере алатын тұлға болып шығатыны сөзсіз.