Саба? жоспары Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару
Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару Мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру.Сөз есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену, сауатты түрде шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыпты орындап,қатесіз жазуға,теңдеуді сауатты құра білуге дағды қалыптастыру. Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге ,еңбекке баулу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер, тесттер, оқулық.
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тест сынағы, салыстыру.
Сабақ барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды сабаққа дайындау,психологиялық дайындық. (жақсы тілек тілеу)
ІІ.Жаңа сабақ. Есепті теңдеу құру арқылы шешу.
«Ой қозғау» Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі,қарапайым) Салыстыру,ұқсастығы неде,айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу,айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады,қара-пайым: тек қана бір амалмен орындалады)
«Ойлан,тап!» 1кг сары май 360 теңге тұрады.Жарты кг сары май қанша тұрады? 360:2=180 (жарты,немесе 500г)
х:5=18 х=18•5 х=90 90:5=18 18=18Қайсысы ыңғайлы? (әрина теңдеу құрған)
Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»
Бір дегенім – білек,
Білсең,білек те керек.
Екі дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек
«Топпен жұмыс»
І – топ №3-208бет,
Бар еді-1706қап ұн. Қалды-1009қап ұн. Жөнелтілді-? Қап ұн.
Шешуі: 1706-х=1009 х=1706-1009 х=697 1706-697=1009 1009=1009
Жауабы: 697 қап ұн.
ІІ-топ №4-208бет, Болды-548т қызылша. Қалды-399т қызылша. Тиеп жіберді-?т қызылша.
Шешуі: 548-х=399 х=548-399 х=149 548-149=399 399= 399
Жауабы:149т қызылша. ІІІ-топ №5-208бет, Әр қ.8 көшеттен-5 қатар жиектеді-? Көшет. Болды-63 көшет. Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63-40 х=23 (8•5)+23=63 63=63Ж: 23 көшетпен жиектеді. ІV-топ №6-208бет, S=18км, t=2 сағ, υ1=4км/сағ, υ2=?км/сағ
Ш: 18:2-х=4 9-х=4 х=9-4 х=5 18:2-5=4 4=4Ж: υ2=5км/сағ3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс-тыр.Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720) 4.жылдамдық 20 км/сағ,уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км) 5.Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды,ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)
Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.