Математика.Та?ырыбы: Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығаруМақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру. Сөз есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену, сауатты түрде шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.Ұқыпты орындап, қатесіз жазуға, теңдеуді сауатты құра білуге дағды қалыптастыру.Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге, еңбекке баулу.Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер, тесттер, оқулықСабақ түрі: араласӘдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тест сынағы, салыстыру.Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.Балаларды сабаққа дайындау, психологиялық дайындық.(жақсы тілек тілеу)ІІ. Жаңа сабақ.Есепті теңдеу құру арқылы шешу.* «Ой қозғау»Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі, қарапайым)Салыстыру, ұқсастығы неде, айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу, айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады, қара - пайым: тек қана бір амалмен орындалады)• «Ойлан, тап!»1кг сары май 360 теңге тұрады. Жарты кг сары май қанша тұрады?360: 2=180 (жарты, немесе 500г)• х: 5=18 х=18•5 х=90 90: 5=18 18=18Қайсысы ыңғайлы? (әрине теңдеу құрған)Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»Бір дегенім – білек,Білсең, білек те керек.Екі дегенім – еңбек,Еңбек бәрін жеңбек* «Топпен жұмыс»І – топ №3 - 208бет,Бар еді - 1706қап ұн.Қалды - 1009қап ұнЖөнелтілді -? Қап ұнШ: 1706 - х=1009 х=1706 - 1009 х=697 1706 - 697=1009 1009=1009Ж: 697 қап ұнІІ - топ №4 - 208бет,Болды - 548т қызылша.Қалды - 399т қызылша.Тиеп жіберді -? т қызылша.Ш: 548 - х=399 х=548 - 399 х=149 548 - 149=399 399= 399Ж: 149т қызылша.ІІІ - топ №5 - 208бет,Әр қ. 8 көшеттен - 5 қатарЖиектеді -? көшетБолды - 63 көшет.Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63 - 40 х=23 (8•5)+23=63 63=63Ж: 23 көшетпен жиектеді.ІV - топ №6 - 208бет,S=18км,t=2 сағ,υ1=4км/сағ,υ2=? км/сағШ: 18: 2 - х=4 9 - х=4 х=9 - 4 х=5 18: 2 - 5=4 4=4Ж: υ2=5км/сағ• «Логикалық тапсырма»Шаршының Р=64смS1=? см2S2=? см2 2есе кемв2=4сма2=? см Ш: 1) 64: 4=16 (шаршының қабырғасы)2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)3) 256: 2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)4) 128: 4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)Ж: S1=256см2, S2=128см2, а2=32смСергіту сәті: «Ұшты - ұшты».Мақсаты: Зейінді тексеру.Ұшты - ұшты құс ұшты (қолын көтереді)Ұшты - ұшты парақ ұшты (үндемеу керек) Осылай жалғастырылады.* «Қызықты тапсырмалар»1. қосындының да мәні, көбейтіндісінің де мәні 6 - ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1, 2, 3; 1+2+3=1•2•3)2. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс - тыр. Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)4. жылдамдық 20 км/сағ, уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)5. Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды, ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)Қорытынды. Бағалау.Үйге тапсырма: (өрнек құрастыру)