Шиден композиция (А??ала) ??растыру технологиясы
Тақырыбы: Шиден композиция (Аққала) құрастыру технологиясы
Мақсаты: Оқушыларға «Аққала» жасауды үйрету.Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: шиден жасалған мүсіндер. Қажетті материалдар мен құралдар: барқыт мата, қатты қағаз, ши немесе пенопласт (ұсақталған), ПВА желімі.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.
II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Аққала – қыста балалардың қардан мүсін жасап ойнайтын ойыны. Аққаланы мектептің, үйдің ауласында жасауға болады. Бүгін сендермен аққаланы шиден жасап көрейік.
Сергіту сәті.
Қане балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық
Оң аяқ, сол аяқ
Шынығып алайық.
IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
1.Шиді аққала жасауға жететіндей етіп дайындап алып, тазалаймыз да, суда жібітеміз.
2. Судан алып, оларды кеңсе пышағымен бойлай жарамыз.
3. Жарылған шилерді астына және бетіне қағаз төсеп, үтіктейміз. Одан кейін шилерді ұсақтап бөлеміз.
4. Барқыт матасын қатты қағазға желімдеп аламыз. Содан соң бормен аққаланың мүсінін бейнелейміз.
5. Аққалаға ұсақталған шилерді, ал сыпыртқысының сабы мен басына ұзын жіңішке шилерді желімдейміз.
6.Аққаланың айналасындағы қар ұлпаларын да шимен жапсырмалаймыз.
7. Ұсақ шимен аққаланы тұтас толтырып шығамыз.
V.Бекіту кезеңі.
Қорытындылау. Ши қайда өседі? Шиден кілем тоқуға бола ма? Шиден тағы қандай мүсіндер жасауға болады?
Кері байланыс жүргізу.
VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.