К?ЛДЕ атты ?лгі саба?


Пәні:әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы. Ғабит Мүсірепов «Көлде»
Жалпы мақсаты: Мәтіндегі құстардың тірлігі,көл көрінісі,табиғат сұлулығы жайлы сезімі мен түсінігін тану.
Сілтеме: Әдебиеттік оқу. 3-сынып.Қосымша материалдар.
Жұмыс нәтижесі Қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып,жазушының пікіріне өз ойын еркін айта білуге баулу.
Негізгі нәтиже Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс
Қолданатын материалдар Интербелсенді тақта,постер,тапсырмалар
Сабақтың жоспары 1.Топқа бөлу,мақсат қою.
2.Сабақ барысы:Блум таксономиясы
3.Рефлексия
4.Үйге тапсырма
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық дайындық Жағымды ахуал.
Пазлдармен топқа бөлу Пазлдар арқылы топқа бөлінеді.
І.Білу Видео «Табиғат» көрінісі Табиғат көрінісінен «Көлде»тақырыбын ашады.Тақырып арқылы автормен танысады.
ІІ.Түсіну «Көлде»тақырыбының авторы Ғабит Мүсірепов жайлы мағлұмат беріледі.
1.Ғабит Мүсірепов 1902-1985
2.Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.
3. «Ұлпан» повесінің, «Қазақ солдаты»романының авторы.
Ғабит Мүсірепов өмірбаянымен танысады.

ІІІ.Қолдану Мәтінді оқып шығады.
Постермен жұмыс Екі-үш оқушы оқиды.
1.топ «Көл»Табиғи ойпаңға жиналған су.т.с.с.
2.топ «Көлде»тақырыбы бойынша өрбітеді.Көлдегі кездесетін құстар,т.с.с
Сергіту сәті «Құстар»биі Қимыл-қозғалыс жаттығулары.
ІҮ.Талдау «Түртіп алу»стратегиясы бойынша
жаңа сөзбен жұмыс.

«Ой қозғау»стратегиясы бойынша Дәптерлеріне жазады.
Доңыз-арам ниетті
Оттады-жеді
Қанды-әбден ішті
Сақалды басымен-кәрі
Мәтінге сүйеніп,әңгіме құрау.
Сыланып отырған аққу сырласып отырғандай.Мыңдаған үйрек сусылдап келіп көлге қонады.
Ү.Жинақтау «Болжам» стратегиясы
Тест-интервью
Екі топқа 5 сұрақтан беріледі.
«Көлде»шынайы түсірілімнен көрініс
Мәтіннен үзінді оқылады,әрі қарай өздері өрбітеді.
І. топ
1.Мәтіннің авторы кім?
2.Мәтінде жылдың қай мезгілі айтылған?
3.Қара ала аралар жайлы не айтылған?
4.Аққуды атпа,.........
5. «Доңыз»сөзінің мағынасы
ІІ.топ
1.Мәтінде қандай құстар жайлы айтылған?
2.Құстар жайлы бір-екі мақал немесе өлең жолдары
3.Мәтіндегі қарғалар «доңыз»атына лайық па?
4.Неге олай ойлайсың?
5.Табиғатқа деген пікірлерің
ҮІ.Бағалау Қатысуы бойынша фишкалармен бағалайды Фишка санымен бағаланады.
Рефлексия «Екі жұлдыз,бір тілек» Стикерлерге жазады
Үй тапсырма «Көлде»Ғабит Мүсірепов Түсініп оқып келу.