?ылыми жоба СА?ЫЗ: ПАЙДАЛЫ МА, ?ЛДЕ ЗИЯН БА?
ПОДСТЕПНЫЙ ҚАЗАҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Жұмыстың тақырыбы:
САҒЫЗ: ПАЙДАЛЫ МА, ӘЛДЕ ЗИЯН БА?
Орындаған: Отарова Шынара
Жетекші: Керешова Бибигул Асылбековна
2014 – 2015 жж.
МАЗМҰНЫ: 1 Теориялық бөлімі 1.1 Сағыздың пайда болу тарихы 1.2 Сағыздың құрамы 1.3 Сағыздың пайдалы жақтары 1.4 Сағыздың зиянды әсерлері 2 Эксперименттік бөлім 2.1 Сағызды химиялық зерттеу 2.2 Оқушыларға әлеуметтік сауалнама 3 Қорытынды Әдебиеттер Қосымшалар Пікір
Қазіргі таңда көздің жауын алатын және еліктіретін неше түрлі сағыз туралы жарнамалар толып кетті. Тіпті дүкен сөрелерінде сағыздың түрлері өте көп. Сағыздың түрлері көбейген сайын олардың пайдалы ма, әлде зиянды ма екендігі жөнінде пікірталастарда көбейіп барады. Жұмысты бастамас бұрын оқушы алдымен әдебиеттерге шолу жасап, интернет желісі арқылы мәліметтер жинады. Алдымен сағыздың шығу тарихы, химиялық құрамы, пайдалы және зиянды жақтары туралы ақпарат жинақтады. Қаншама материалдарды ақтарсада сағыздың химиялық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеген дәлелдемелерді таппады. Осыған байланысты химия кабинетінің лабораториясындағы бар заттармен сағыздың химиялық құрамына зерттеу жасады. Атап айтқанда, сағыз құрамында көпатомды спирттің бар бар – жоғы, сағыз құрамындағы резеңкенің әртүрлі еріткіштерге әсері және сағыз құрамындағы ментолдың қасиеттерін қарапайым тәжірибелер арқылы анықтады. Анықтап қана қоймады, сонымен қатар оқушыларға сауалнама жүргізіп, сағыздың пайда – зияны туралы ақпарат берді. Сағыз шайнау мәдениеті туралы көптеген ережелермен таныстырды.
Бұл жұмыс жас жеткіншектер бойына мәдениеттілік қасиеттерді сіңіріп қана қоймай, жеке бастарының гигиенасына және денсаулықтарына көңіл бөлуіне септігін тигізеді деп ойлаймын.
Пікір жазған: жұмыс жетекшісі Керешова Бибигул Асылбековна
химия пәнінің мұғалімі
Кіріспе
Көптеген жылдар бойы сағыздың пайдалы ма, әлде зиянды ма екендігі туралы пікірталастарды жиі естиміз. Қазіргі таңда жас жеткіншектердің сағыздың пайдасы туралы түсініктері қалыптасқан және ең бастысы сағыздың мүмкін болатын жағымсыз әсерлері туралы хабарлары бар. Әдебиеттерге сүйенсек мәселенің өзектілігін ғылыми – сарамандық тұрғыда айқындап бере алмайды.
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Сағыз: пайдалы ма, әлде зиян ба?».
Жұмыстың мақсаты:Сағыздың құрамын әртүрлі жағдайда зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Сағыздың шығу тарихымен танысу
Сағыздың құрамын зерттеу
Оқушыларға анкета жүргізу
Зерттеу нысандары:Orbit «Спелая малина», Orbit «Сладкая мята», HubbaBubba «Чудесная черника», Dirol «Ягодный микс».
1. Теориялық бөлімі
1.1. Сағыздың шығу тарихы .
0223520
Ежелгі гректер Түркия мен Грекияда өсетін мастик ағашының смоласын шайнаған және өздері ойлап тапқан сағызға «мастика» деген атау берген.Олар ойлап тапқан сағыз, өздері ойлағандай, тісті тазартуға және демді сергітуге пайдасын тигізді.Мастик ағашының резеңкесі Қиыр Шығыс пен Грекияда әлі күнге дейін қолданылады.
Үндістер ағаштардың қатқан шырындарын шайнаған.Шамамен 1000 жыл бұрын Орталық Америкада Майя тайпасының үндістері саподилла ағашының шырыны-«chicle»-ді шайнаған.Көп жылдар өткен соң,дәл сол шырын сағыз өндірісінің негізін құраушы зат болды.
(Chickle – 1)чикл, каучук, 2)сағыз).
Оңтүстік континенттегі үндістер қылқан жапырақты ағаштардың шырындарын шайнаған.Ақ нәсілді қоныстанушылар бұл құпияны біліп алды да,ағаштардың қатқан шырындарын жинай бастады.Олар қылқан жапырақты ағаштардың смоласынан және араның балауызынан өздерінің отандық сағыздарын жасады.
Бірақ бірінші коммерциялық сағызды 1848 жылы 23 қыркүйекте Джон Б.Куртис пен Мэн штатындағы інісі өндірді.Куртистің өнімі"State of Maine Pure Spruce Gum" деп аталды.Оның мағынасы «Мэн штатынан таза шырша шайыры». Басқа жаңа өнімдер тәрізді,басында оның сатылымы төмен болды.
Ол заманда бір пенниге екі сағыз сатып алуға болатын еді.Өз жұмысында жоғарғы жетістіктерге жетіп,олар Бангор штатынан Портлендтегі Мэн штатына көшіп кетті.1850 жылдан бастап Мэн штаты өздерінің өнімдеріне парафин қоса бастады. «Белая Гора», «Самая большая и Лучшая», «Четыре в одном», «Сахарные Сливки» және «Ликорис Лулу»- осы парафин хошиістендіргіштердің бірі болды. Өндіріс бара-бара дами бастады және жақында штатта сағыз өндіретінөнеркәсіптерде 200-дей жұмысшы болды,бірақ бұл сағыздар құрамындағы смоладан оңайшылықпен кетпейтін қоспалардың кесірінен өз танымалдығын жоғалтты.
1869 жылы 28 желтоқсанда Огайо штатындағы Уильям Финли Семпл ең алғаш болып сағызға патент алды.Бірақ Семпл ешқашан сағызды сату үшін жасамаған.Сағыз тарихындағы келесі өзгеріс 1869 жылы болды.Отанынан қуылған Мексиканың бұрынғы президенті әрі генералы Антонио Лопез де Санта Анна Нью-Джерси қаласында тұрды.Ол бір тонна Мексикалық чиклды сатпақ болып алып келді және Томас Адамсты оны сатып алуға көндірді.Адамс фотограф әрі өнертапқыш еді және ол резеңкені алмастыратын зат ойлап табу үшін каучукты вулканизациялауды жоспарлады.. Бірақ Адамс Санта Аннаның chicle-ды шайнағанды ұнататынын байқаған. Өзінің нәтижесіз эксперименттерінен шаршаған Адамс chicle-дың кішкене бөлігін сағыз жасау үшін өз ас үйінде қайнатпақ болады.Ол өзінің сынамалы партиясын адамдар алады ма, алмайды ма білу үшін бірнеше дүкендерге ұсынады. Адамдарға оның жасаған сағызы ұнады және оның бизнесі тез арада, қарқынды жүре бастады. 1871 жылы Адамс сағыз жасайтын машинаны(құрылғыны)патенттеді,сондықтан ол сағызды көп мөлшерде әрі жылдам жасауға қол жеткізді.Ол сатып алушылардың назарын аудару үшін өзінің сағызына мияныңсығындысын қосты.Және бұл тағы да сәтті болды.Бұл АҚШ-тағы ең алғашқы дәмдеуіш қосылған сағыз болатын және ол «Черный Джек» деп аталды.Бұл уақытта Адамс өзінң сағызының формасын өзгертті, ол енді ұзын таяқша түрінде болды. «Черный Джек» 1970 жылға дейін сатылды,себебі бұл жылы сатылымның төмен болуынан ол енді сатылмайтын болды.Бірақ 1986 Варнер Ламберт «Сағызға ностальгия» жобасын шығарғанннан кейін «Черный Джек» жаңа қалампыр дәмімен өзінің екінші өмірін бастады.Адамс жаңа Tutti-Frutti сағызымен жаңа жетістіктерге жете беруін жалғастырды.Бұл сауда автоматтарынан сатылған алғашқы сағыз болатын.Мұндай автоматтар алғаш рет 1888 жылы Нью-Йорктегі Эль станциясында орнатылған еді.Кентукки штаты әдетте Луисвилдағы дәріханашы-Джон Колганға сағыздың хош иісін жоғарылатуды тапсырады.1880 жылы ол қантты сағызға қоспастан бұрын қантқа хошиістендіргіш қосатын.Бұл әдіс сағыздың дәмі мен хош иісінің ұзаққа жетуіне септігін тигізетін еді. Жиырмасыншы ғасырдың басында көптеген сағыз өндірушілер тұтынушылардың назарыжәне талғамы үшін бақталасты:«Ригли» компаниясы «Zeno» компаниясының өнімдерін сатып отырды.
- Биман базарға асқазанның бұзылуынан сақтайтын пепсин қосылған сағыздарды шығарды.
- Франк Флиердің компаниясы мұз кәмпиттермен жабылған сағыздарды сатты.
-Франк Каннинг «Dentyne» деген «тіс резеңкесін»(тісті қорғайтын) ойлап тапты және өндіріске енгізді.Спирттік ішімдік ішуге тыйым салынған жылдары спиртті ішімдікті заңсыз сатушылар тұтынушыларға,заңсыз ликер ішкен адамдарға демді сергіту үшін қалампыр қосылған сағыздарды таратқан.
1950-жылдардағы қант алмастырғыштардың дамуы сағызды қантсыз жасауға жол ашты.1906 жылы Франк Х.Флиер сағызға жаңа форма берді.Бірақ Blibber-Blubber сағызының жабысқақтығы сонша,оны сату қиынға соққан.Бірнеше жылдан соң,1928 жылы тамызда Франк Х.Флиердің компаниясындағы Уолтер Диемер тамаша формула ойлап тапты.Диемер химик,дәрігернемесе дәріханашы емес еді,ол қарапайым есепші еді.
0177165Диемер өзінің сағызының көзге тартымды болғанын қалады,сондықтан ол сағызды қызғылт түске бояды(себебі компанияда бұдан басқа түс болмаған еді).Сағыздың болашақтағы дамуымен әр түрлі компаниялар айналысты,бірақ сағыздың формасы сол күйінде қалды.
1.2.Сағыздың химиялық құрамы.
Академик Тодор Дичевтың пайымдауынша, көптеген сағыздардың құрамында тістер мен қызылиекті қорғайтын компоненттердің орнына, керісінше олардың ауруына өздері себепкер болатын,кариестің пайда болуына әсер ететін,пародонтозға әкеліп соқтыратын компоненттер бар.
Мен танымал деген сағыздардың(«Orbit Спелая малина», «Orbit Сладкая мята», «HubbaBubba Чудесная черника», «Dirol Ягодный микс») құрамын зерттеп,құрамындағы компоненттерді анықтадым:
тәттендіргіштер,резеңкелік негіз,табиғи,табиғиға ұқсас және жасанды хошиістендіргіштер,тұрақтандырғыш Е 422,қоюландырғыш Е 414,эмульгатор Е 322, бояғыш Е 171,глазурь Е 903,антиоксидант Е 320.
"Санитарные правила и нормы СанПин" анықтамалығынан біз мыналарды: стабилизатор Е 422-бұл глицерин.Ал глицериннің улылығы сонша қанға сіңген кезде, көптеген қауіпті ауруларды (гемолиз,гемоглобинурия,бүйрек талмасы) тудырады. Эмульгатор Е322 -бұл лецитин. Лецитинді соядан алады.Ол саруыздың құрамында кездеседі.Бұл маңызды қосылыс фосфорды барлық ағзаға тасымалдап, май алмасуды реттейді. Лецитин сілекейді мөлшерден тыс көп бөлетіндіктен,біртіндеп асқазан-ішек жолдарының жұмысын бұзады. Антиоксидант Е 320- бұл бутилгидрооксианизол. Құрамында антиоксиданты бар өнімдерді өте жиі қолдану қандағы холестерин мөлшерін арттырадыҚышқыл Е330 – бұл лимон қышқылы. Лимон қышқылын ұзақ және мөлшерін бақылаусыз пайдалану көптеген қауіпті қан ауруларын туғызуы мүмкін. Қоюландырғыш Е414 – бұл гуммиарабик, глазурь Е903 - бұл карнаубтық балауыз. Ол өнімге жалтырауық қасиет береді. Глазурьдан жасалған қаптамасы өнімнің кеуіп кетпеуіне,өнім құрамындағы майдың сыртқа шығып кетпеуіне және ауадағы ылғалдың ішке енбеуіне әсер етеді.Табиғи, табиғиға ұқсас және жасанды хошиістендіргіштер, табиғи хошиістендіргіштерді жасау үшін жемістерді,жапырақтарды,гүлдерді және тағы да басқа табиғи шикізаттарды пайдаланады. Табиғиға ұқсас хошиістендіргіштер табиғи хошиістендіргіштерге химиялық жолмен синтезделген аздаған қоспалар қосқан кезде пайда болады.Мұндай хошиістендіргіштер жоғары сапасымен және тәтті дәмімен ерекшеленеді, сонымен қатар олар денсаулыққа зиян емес.Осындай өнімдерді белгілі мөлшерде және белгілі концентрациясында пайдаланса,адам ағзасына ешқандай әсері болмайды.
1.3.Сағыздың жағымды әсерлері.
Стоматологиялық тұрғыдан, тамақ ішкен соң алғашқы 30 минутта сағыз шайнасаңыз, ол асқазан сөлінің жылдам бөлінуін қамтамасыз етіп, тамақтың тез қорытылуын қамтамасыз етеді. Сағыз тістің беткі қабатын тазалайды. Сағызды шайнау ауыз қуысының гигиенасына және қызыл иектің саулығына пайдасын тигізеді. Қазіргі таңда сағызды ауыз қуысын қорғаудағы әмбебап құрал ретінде қолданады.
Сағыз тістегі тіс жегісін жояды және ауыз қуысындағы микроорганизмдердің көбеюін азайтады. Сонымен қатар сағыз шайнау балалардың жақ сүйектерін нығайтады, ал ересектерде сөл бөліну жұмысын жақсартады.Сағыз ауыз қуысының демін сергітеді, сағызды темекі тартуды тастағысы келетіндер жиі пайдаланады.
1.4. Сағыздың зиянды әсерлері.
Сағыздың пайдалы әсерлерімен қатар зиянды әсерлері де бар:
1.Асқазан-ішек жолдары(гастрит, асқазан ойық жарасы) тұрғысынан сағызды ашқарынға шайнау өте зиянды.
2.Сағыздың құрамындағы қант кариестің пайда болуына әсер етеді.
3.Үрілетін сағыздар балалардың жақ пішінін бұзады.
4.Мектептегі партаның астына жабысқан сағызда оны шайнаған адамның микробтары бірнеше күн бойы өмір сүреді.
5.Базарлардағы жасанды сағыздар көптеген адамдарда аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
6.Сағыздың әсерінен тістер шытынап сынады және пломба түсіп қалуы мүмкін.
7. Сағызды жұтып қоюдан сақ болу керек,себебі ол тоқ ішекке тұрып қалып, оны бітеп тастауы мүмкін.
8. Сағыз шайнау әдетке айналуы мүмкін.
9.Ең бастысы сағыз ешқашан күніне екі рет тіс тазалауды алмастыра алмайды.
2. Эксперименттік бөлім
2.1 Сағыздың құрамын химиялық зерттеу
Химия өмірмен тығыз күнделікті өмірмен тығыз байланысты. Ғылым мен техниканың әр түрлі салаларының дамуына зор үлес қосады. Соңғы кезде табиғи материалдарды полимерлерлер алмастыруда, себебі олардың артықшылығы металл мен оның құймаларына және ағаштан жасалған материалдарға қарағанда жоғары. Тіпті полимерлерді өнеркәсібінде қолдануда. Соның бірі – сағыз. Оның негізгі құрамы полимерлік зат – каучук. Сондықтан жоғары молекулалық қосылыстарды зерттеу барысында қарапайым тәжірибелерді қолдану химияға деген қызығушылықты жоғарылатуға оңай болсада, зерттеушілік жұмыстармен айналысуға мүмкіндік береді. Заманауи сағыздардың құрамында көптеген заттардың қоспалары бар. Олар: каучуктер мен әр түрлі тағамдық қоспалар. Тәжірибе алдында сағызды қаптамасынан алып, пышақпен ұсақ бөліктерге бөлемін.
2.1.1 Көп атомдық спирттерді анықтау.
Сынауыққа әр түрлі маркадағы («Orbit Спелая малина», «Orbit Сладкая мята», «HubbaBubba Чудесная черника», «Dirol Ягодный микс») сағыз қабығының бір бөлігін ұсақтап салып, үстіне 2 – 3 мл дистилденген суды құямын. Сынауықтарды тығынмен тығындап, 1 минут бойы шайқаймын. Барлық төрт сынауықтарда лайлы ерітінді пайда болды. Енді осы ерітінділерге 1 мл 2 Мнатрий гидроксидінің ерітіндісін NaOH және 2-3 тамшы 10%-дықмыс сулфатының ерітіндісін(II) CuSO4тамызамын. Сынауықты әбден шайқап, пайда болған көкшіл түсті тұнбаны байқадым. Түстің өзгеруін мыс(ІІ) катионының сағыз құрамындағы көп атомды спирттердің кешенді қосылысының түзілуімен түсіндіруге болады.
№ Сағыз атауы Зерттеу қорытындысы
Дистилденген су қосу NaOH және CuSO4 қосу
1. «Orbit
Спелая малина» Лайлы ерітінді көкшіл түсті тұнба түзілді
2. «Orbit
Сладкая мята» Лайлы ерітінді көкшіл түсті тұнба түзілді
3. «Hubba Bubba
Чудесная черника» Ерітінді қызғылт түске боялды көкшіл түсті тұнба түзілді
4. «Dirol
Ягодный микс» Ақ түсті лайлы ерітінді көкшіл түсті тұнба түзілді
Сынауыққа әр түрлі маркадағы («Orbit Спелая малина», «Orbit Сладкая мята», «HubbaBubba Чудесная черника», «Dirol Ягодный микс») кесілген сағыздың бір бөлігін салып, 5 мл 96%-дық этил спиртін құямын. Сынауықтарды тығынмен тығындап, 1 минут бойы шайқаймын. Дайын болған қоспады фильтрлеймін, алынған сүзіндідегі көп атомды спиртті анықтаймын.
№ Сағыз атауы Зерттеу қорытындысы
Этил спиртін қосу NaOH және CuSO4 қосу
1. «Orbit
Спелая малина» Мөлдір ерітінді көкшіл түсті тұнба түзілді
2. «Orbit
Сладкая мята» Мөлдір ерітінді көкшіл түсті тұнба түзілді
3. «Hubba Bubba
Чудесная черника» Мөлдір ерітінді көкшіл түсті тұнба түзілді
4. «Dirol
Ягодный микс» Мөлдір ерітінді көкшіл түсті тұнба түзілді
2.1.2 Сағыз құрамындағы резеңкенің қасиеттерін анықтау.
Шайналған сағызды тең бес бөлікке бөліп,әрқайсысын бөлек бес сынауыққа салдым. Әр сынауыққа сәйкесінше 96%-дық этил спиртін, бензинді, ацетонды, концентрлікүкірт қышқылын, азот және тұз қышқылын сағыз бөлігі батып тұратындай құямын.Сынауықтарды 30 – 60 минутқа қоямын. Полимерлерді әр түрлі еріткіткіштерге тұрақтылығы жөнінде салыстырмалы қорытынды шығарамын. Себебі, бутадиенді және изопренді каучуктердің майларда, алифатты және ароматты еріткіштерге төзімділігі төмен және концентрлі қышқылдарда тұрақты емес.
Қосылған заттар Сағыз атауы
«Orbit
Спелая малина» «Orbit
Сладкая мята» «HubbaBubba
Чудесная черника» «Dirol
Ягодный микс»
H2SO4 Ерітінді әлсіз қызғылт – сары, ал сағыз қанық қызғылт – сары түске боялды Ерітінді әлсіз қызғылт – сары, ал сағыз қанық қызғылт – сары түске боялды Ерітінді қоңыр түске, ал сағыз қою қоңыр түске боялды Сағыз да, ерітінді де қызғылт – сары түске боялды.
HCl Еш өзгеріс байқалмады Сағыздың үстіңгі жағы іріп кетті Сағыз сарғыш – қызғылт түске боялды Ерітінді ашық сары түске боялды, сағыз іріп кетті
HNO3 Сағыз ашық сары түске боялды. Сағыздың жартысы ғана ыдырады Ерітінді сары түсті лай, ал сағыз қоңыр түске боялды. Ерітінді ашық сары түске боялды, сағыз іріп кетті
Спирт Еш өзгеріс байқалмады Еш өзгеріс байқалмады Еш өзгеріс байқалмады Еш өзгеріс байқалмады
Ацетон Еш өзгеріс байқалмады Еш өзгеріс байқалмады Сағыз ағарып кетті Еш өзгеріс байқалмады
Бензин Сағыз толығымен ыдырап кетті Сағыздың жартысы ғана ыдырады Еш өзгеріс байқалмады Сағыз ыдырап лай тұнба пайда болды.
2.13Ментолдың қасиеті.
Зерттеу үшін ментолды 1 дана сағызды аламын да, ұсақтап турап сынауыққа саламын. Үстіне 5 мл 96%-дық этил спиртін қосамын. Қоспаны 1 минут бойы шайқап, сүземін.
Сағыздың спирттік сығындысына су қосамын. Лезде лайлы тұнба түзіледі. Себебі, ментол суда ерімейді (ментолдың суда ерігіштігі 0,05%). Осы тұнбаға 5 мл 96%-дық этил спиртін қосамын, тұнба жойылып кетеді. Ментол спиртте жақсы ериді.
2.2 Оқушыларға әлеуметтік сауалнама жүргізу
Сағыздың пайда зияны туралы оқушылардың хабары бар ма, әлде жоқпа соны білу үшін оқушыларға әлеуметтік сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға мектебіміздің 7 – 9 сыныптар арасынан барлығы 205 оқушы қатысты. Сауалнамада төмендегідей сұрақтар болды:
Сағызды қаншалықты жиі пайдаланасың?
Сағызды қандай мақсатта пайдаланасың?
Сағыздың қандай пайдалы жақтарын білесіңдер?
Сағыздың қандай жағымсыз жақтарын білесіңдер?
Сауалнама қорытындысы төмендегідей:
Сауалнамаға қатысқандардың
Сағызды қаншалықты жиі пайдаланасың?
73% сағызды жиі қолданса
18% астан кейін,
9% сирек пайдаланады.
Сағызды қандай мақсатта пайдаланасың?
9% дәмі үшін,
48% ауыз қуысынан жағымсыз иіс шықпас үшін,
10% рахаттану үшін,
33% ауыз қуысының тазалығы үшін.
Сағыздың қандай пайдалы жақтарын білесіңдер?
Тістері помбаланған 22% оқушы бар.
Асқазан – ішек жолдары ауруымен ауратындар 56%
Тіс жегімен 10%
Білмеймін 12%
Сағыздың қандай жағымсыз жақтарын білесіңдер?
Тістерді ағарту 7%
Тамақ қалдығынан тазалау 38%
Демді сергіту 34%
Білмеймін 21 %
Сауалнама нәтижесі төмендегі диаграммада көрсетілген.
Қорытынды
Зерттеу жұмысымен айналысқан кезде біз төмендегідей қорытындыға келдік;сағызды қолдану стоматологиялық аурулардың алдын алғанмен,көптеген басқа ауруларға әкеліп соқтырады. Сағыздан пайда болатын аурулардың алдын алу мақсатында оқушыларға мынадай кеңестер берілді:
- Сағыздың құрамында қант болмауы керек
- Сағызды тек тамақтан соң 20 минуттайшайнау қажет
- Сағызды ешқашан жұтуға болмайды
-Қолданатын сағызыңыз сарапшылармен тексерілген,белгілі фирмадан болғаны абзал
- Сағызды қоғамдық орындарда шайнағанда мәдениеттілік сақтап,үрлемей шайнаған дұрыс.Бұл бір жағынан мәдениетсіздік болып табылады, ал екінші жағынан гигиенаға жатпайды
- Шайналған сағызды ешқашан аяқ астына тастамау керек, оны арнайы қоқыс жәшіктерге салған жөн
Қолданылған әдебиеттер
Я познаю мир: Детская энциклопедия: История вещей/ Составители Н. Ю. Буянова и др. - М.: ООО «Издательство АСТ – ЛТД», 1998 – 480 с.
О. Остапчук . Детская энциклопедия: Шоколад. – ЗАО «Аргументы и факты – детям», 2002 – 63 с.
http://www.poelidovolen.ru/parents/interesting/58http://www.rasteniya-lecarstvennie.ru/1788-zhevatelnaya-rezinka-polza-i-vred.htmlhttp://www.radionetplus.ru/teksty/poznavatelnye/34706-vsya-pravda-o-zhevatelnoy-rezinke.htmlhttp://www.sympaty.net/20121008/vred-zhevatelnoj-rezinki/Қосымша 1
Сағызды қандай мақсатта пайдаланасың?
Сағызды қаншалықты жиі пайдаланасың?
Сағыздың қандай пайдалы жақтарын білесіңдер?
Сағыздың қандай жағымсыз әсерлерін білесіңдер?
Қосымша 2
8159115209550
15113024130346367824130
152404830445-35242505055235147320235585-348043527565353863362787090