• О?ушыларды таби?и материалдармен ж?мыс істеуге ?йретутаби?и метериалдардан ойыншы?тар дайындау


Абай атындағы Покровка орта мектебі
Кепкен жапырақтардан аппликация жасау.
1 сынып
Өткізген: Сексенбай Даметкен Жолымбетқызы
Сағашилі – 2012 жыл
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Сағашилі ауылы
Абай атындағы Покровка орта мектебінің
технология пәнінің І санатты мұғалімі
Сексенбай Даметкен Жолымбетқызы
Сабақтың тақырыбы: Кепкен жапырақтардан аппликация жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға және де табиғат материалдарынан көптеген жұмыстар жасауға болатынын үйрету.
Сабақтың оқу-тәрбие мақсат-міндеттері:
Табиғи материалдарымен жұмыс істеу туралы мағлұмат беру;
Оқушыларды табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйретутабиғи метериалдардан ойыншықтар дайындауға білімдерін дамыту;
Жұмыс орнын дайындауға дағдыландыру;
Табиғатты аялауға тәрбиелеу;
Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу;
Сәндік талғамын, ойлау қабілетін дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: жаңғақ (шағын көлемді), ағаш жапырақтары, сабақтары, жұмыс үлгілері; (ермексаз,желім, қайшы, қағаз, төсеніш тақтайша, қол сүртетін сүрткіш ).
Сабақтың барысы:
1. Әңгімелесу.
а) Жазғы мезгілде бәрімізде көбелекті көрдік қой.
- Көбелектер неге ұқсайтын еді?
Көбелектер әдемі гүлдерге ұқсайтыны рас па?
б) Ертегідегі гномдар көбелектерді өте жақсы көрген болатын, оларды күні бойы тамашалап, қызықтайтын.Көбелектер сондай әдемі, оларды гүлдерге теңеген болатын. Күз келгеннен кейін көбелектер ғайып болып кетеді. Сол кезде гномдар күзгі жапырақтардан көбелек жасауға кіріседі. Қыстың ұзақ мезгілінде, кепкен жапырақтан жасалған көбелек оларға жазды еске салып тұрды. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін, гномдар өздерін жазғы бақта жүргендей сезінді. Жаз бітті, бірақ жаздың кереметі олармен қыстың аязды күндері де жандарында қалды. Олар қатты зеріккенде немесе жазды сағынғанда сол дайындаған жұмыстарына қарап отыратын.
Біз де сіздермен бірге керемет жасап шығарамыз – жапырақтардан көбелек жасаймыз.

2. Жұмыстың жасалу жолы.
а) Түсіндіру.
Көбелектің жапырақтарына төрт жапырақ аламыз. Кеудесіне жіңішке ұзын жапырақ керек. Мүлдем кішкентай жапырақ көбелектің басын жасау үшін керек болады. Жапырақтарды қатты қағаздың бетіне қоямыз. Енді негізгі жұмысқа кірісуге болады. Жапыраққа желім жағып, қағаздың бетіне абайлап жапсырамыз. Осылай барлық жапырақтарды желіммен жапсырамыз. Болғаннан кейін дайын жұмысымыздың бетіне қатты қағады жауып, үстін кітаппен бастырып қоямыз. Бірнеше минуттан кейін жұмысымыз дайын болады
б) Өзіндік жұмыс.
Жұмыс алдында қайшы және желіммен жұмыс жасау ережесін айтып кетеміз.
Жұмыс барысында тәртіпке, тазалыққа қарап отырамын. Көмек керек болған жағдайда көмектесемін.
в) Жаттығу.
Бүгін біз көбелек болып, баққа барамыз. Көбелек қанаттарын қағады: жоғары-төмен. Гүлді көріп, жақындап ұшып келіп отырады. Гүлдің балауызын ішіп болып, беті қолын жуып алып, әрі қарай ұшып кетеді. Ал біз жайлап орындықтарымызға отырамыз.
3. Қорытынды.
Қорытынды көрме ретінде өтеді. Балалар өздері жақсы ұқыпты орындалған жұмыстарға баға береді.
4. Үй тапсырмасы.
Келесі сабаққа әкелетін заттардың тізімі жазылған парақтар таратылады: Жаңғақ, ағаштың жіңішке сабақтары, ермексаз, қатты қағаз.