Кешенді т?рбие ж?мысыны? жоспары


№4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің
2014-2015 оқу жылына арналған
«Ұлт мұрасы» тәрбие жұмыстарының
аймақтық кешенді бағдарламасы
4 сынып
«Бекітемін»
Мектеп директоры: ________ Стамғали Д
«Келісемін»
Тәрбие жөніндегі орынбасары:_________ Мүтиева Ұ
4 «г» сынып оқушыларының мақсаты
Халқымыздың салт-дәстүрін оқып-үйрену арқылы имандылыққа, мейірімділікке,адамгершілік қасиеттерін бойға дамыту.
Біздің ұранымыз:
«Біз – үлгілі оқушы боламыз»
Сынып жетекшісі: Оразалина Жанаргүл
Класқа мінездеме
4«г» класында 23 оқушы бар Оның: 13 қыз, 10 ұлдар . Кластың білім деңгейі жақсы. Класта белсенді балалар көп . Кластың жалпы тазалығы, тәртібі жақсы. Класс жылбасынан «Толағай» , «Күз мерекесі», сайыстарына, сенбіліктерге белсенді қатысып , бас жүлделерді иеленді. Класс жылдың басынан өздерінің ұйымшылдығы мен жауапкершілінің жоғары екенін көрсете білді. Кластың ата-аналарыда белсенді, кластағы іс шараларға қатысып жатыр. Кластың көзқарасымен ойы, қызығушылығы бір арнаға тоғысып келеді. Класта себепсіз сабақтан қалатын, тәрбиесі қиын оқушы жоқ. Класта өлең айтатын, би билейтін, спортпен айналысатын оқушылар бар. Класты өзін –өзі басқаруға үйрету , өзіндік шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдау жасау мақсат етіледі
Сынып белсенділері
1. Староста Еңсегенова Әсем2 .Тазалықшы Қыдырғалиева НазеркеАмантаева Қарақат 3. Редколегия мүшелері
Рақымғалиева Салтанай
4. Спорт секторы ұлдар: Харесов ДәуренСпорт секторы қыздар: Қайролла Альфия
Ата-аналар комитеті:
1.Шығанақова Раушан2.Дүйсегалиева Жанар
І. Тәрбие жұмысының мақсаты.
  Тәрбиенің мақсаты- үздіксіз окү-тәрбие  беру  жүйесінде білім  алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарды және  ұлттық  рухты  патриоттары ретінде  қалыптасуы мен өзін-өздерін  танытуларына, болашақ маман иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және  шығармашылыққа жетуіне  оңтайлы  жағдай  жасау.
ІІ. Тәрбиенің басты бағыттары. 
         Мемлекеттік тілді, орыс және шет тілдерін меңгерту, жас тұлғаны жан – жақты мәдениетке тәрбиелеу, орнықты да берік негіздегі мәдениеттеілікке жеткізеді. Берік негіздегі базалық мәдениет – дегеніміз – адамдардың өмір сүру тіршілігін ұйымдастырудың белгілі дәрежедегі қалыптастыру деңгейі болып табылады, ол адамдардың материалдық және рухани творчестволық жетістігімен, адами қарым – қатынасымен еңбек ету, оны ұйымдастыра білу әдіс – тәсілдермен, интеллектуалдық қызметін, жеке басының рухани және физиологиялық жетістіктерімен өлшенеді. Мәдениет – жеке тұлғаның, бір топ адамдардың, әлеуметтік, кәсіптік және ұлттық қоғамдастықтың тіпті біртұтас қоғамның жетілуі деңгейін анықтайды.