?аза? ?дебиеті п?нінен саба? жоспары та?ырыбы: Абай ??нанбай?лы
Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Тақырыбы: А. Құнанбаев « Сабырсыз, арсыз, еріншек»Мақсаты: 1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету.2. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.3. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу, адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.Түрі: Танымдық сабақТипі: Жаңа білімді меңгертуЖаңа технология: Дамыта оқытуӘдіс – тәсілдер: талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс Көрнекіліктері: интерактивті тақта, қима қағаздар, плакат, фломастерСабақтың өту барысы:І. Мотивациялық – бағдарлау кезеңіАффирмациялармен жұмыс жасау: Баяу музыка қойылады (Слайд 1 - 12)- Мен өзіммен достасқан әлемде өмір сүремін!- Менің айналамда сүйкімді адамдар өмір сүреді, олар маған әрқашан көмектеседі!- Мен өз күшіме сенемін.- Мен бұл өмірдің ең тамаша кереметтеріне лайықпын және оны қуанышпен қарсы аламын!- Мен не қалаймын, соның барлығына қол жеткіземін!- Мен өзімнің ғажайыптарымды осы қазір жасаймын!- Өмірдің барлық жақсылықтары мен үшін!- Мен күннен күнге күшті болып келемін!- Менің оқуым күннен күнге жақсарып келеді!- Менің барлық армандарым орындалады!- Мен бәрін дұрыс жасайтыныма сенімдімін!- Мені бәрі жақсы көреді!- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық.- Өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік?- Әңгіме кім туралы?- Әңгіме неге «Орындалған арман» деп аталған?- Әңгіменің басында «Үлкен той болады»деп қандай тойды айтып отыр?- Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік.І топ: С. Көбеев туралы мәлімет жинап келуІІ топ: «Менің арманым» шығарма жазып келуІІІ топ: Мәтіннен бай және кедейге байланысты айтылған сөздерді теріп жазып келуҮнтаспадан Абайдың әнін тыңдату (слайд 13)- Балалар мынау қандай ән? Кімнің әні?- Дұрыс айтасыңдар. Ал,(слайд 14)Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рахым ойлап қой,Бес асыл іс көнсеңіз»- деген үзінді аталарыңның қай өлеңінен алынған?- Осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі кімнің есінде? Кім жатқа оқып бере алады?ІІ. Операциялық орындаушылық кезең1. Абай әлеміне саяхат- Енді Абай әлеміне аздап саяхат жасап көрейік. Әуелі электронды кітапханаға құлақ түрейік.Электронды оқулықтан Абай туралы мәлімет тыңдату.- Өткен сабақта Аидаға Абай өмірінен ізденіс жұмысын тапсырған болатынмын. Қане, назар аударайық(Аида слайдпен айтып шығады.)2. Жаңа тақырыпты хабарлау, мақсатын қою.- Жарайсың, Аида! Олай болса, бүгін біз, балалар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың (слайд 15) «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз, оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасап жаттығамыз.3. Мәтінді таныстыру(слайд 16) «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Кітаптарын аштырмай тұрып өзім тақтадан оқып беремін.- Балалар, енді тақтаға көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр?Оқушылардың атаған сөздерін мұқият тыңдап, «алтын сандықты» ортаға шығарамын:- Бұл сөздердің мағынасын алтын сандықтан іздеп көрейік.4. Сөздік жұмысыАлтын сандықтағы сөздер:Сабырсыз - шыдамсыз, төзімсізҚарама - қарсы мағыналы сөз - шыдамды, ұстамды, салмақтыМысалы: Ол анасының келуін сабырсыздана күтті.Көрсеқызар – қызыққой, еліктегішМысалы: Сауысқан жылтыраққа құмар көрсеқызар еді.Алауыз – береке - бірлігі жоқ, ынтымақсыз.Қарама - қарсы мағыналы сөз – ауызбіршілігі мықты, ынтымақты, ұйымшыл, бірлігі жарасқан.Мысалы: Тышқан мен мысық қашаннан алауыз болатын.Күндейді – қызғанады.Қарама - қарсы мағыналы сөз - тілегін тілейді, қуаныш - қайғысын бірге көтереді.Мысалы: – Бірге жүрген достарын күндеген, көпшіліктен шеткері қалады.Мертігеді - бір жері шығады, сынадыМысалы: Өзі оңбай мертікті.Міндейді - мін тағады, жамандайдыМысалы: Тәрбиесіз жан досын да міндейді.Жалмауыз – дүниеқоңыз, көзі тоймайтынМысалы: «Нағыз бір тойымсыз, жалмауыз екенсің!»- деді ренжіп.Алтын сандықтағы сөздерді оқушылар біртіндеп алып оқиды, тақтаға іледі.5. Оқулықпен жұмысКітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту6. Өлеңнің идеясын ашу- Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті,ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты.....- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?- Адамның жағымсыз мінез құлықтары- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер?- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,....- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады.- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар?- Адамгершілік туралы.7. Топтық жұмыс- Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. Қазір біз осы отырған топ - тобымыз бойынша жұмыс жасаймыз.1 - тапсырмаІ - топ: - Абай атаның осы екі шығармасынан адам бойындағы жағымды және жағымсыз мінез - құлықтарды жіктеп жазып, кестеге түсіріңдер(ватманға орындайды):АДАМНЫҢ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТАРЫЖағымдыЖағымсызІІ - топ: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» шығармасына кешенді - сатылай талдау жасаңдар (ватманға орындайды):Шығарманың авторы:Шығарманың тақырыбы:Жанры:Негізгі идеясы:Шумақ:Тармақ:ІІІ - топ: Абай ата, оның біз білетін шығармалары туралы келесі топтарға сұрақ дайындаңдар.(Топтар жұмыс жасап жатқанда Абайдың бір әнін баяу қосып қою)Екі топ жұмыстарын қорғайды, үшінші топ оларға сұрақ қояды.2 - тапсырма (слайд 17 - 18)- Міне, сендер мәтінмен жұмыс жасап болдыңдар, енді түйгендеріңнен ой қорытындысын жасау үшін шағын пікірталас жасап көрейік:Пікірталас деген – берілген тақырып бойынша өз пікірімізді ортаға салу және сол пікірін өзгелерге дәлелдеу. Қанша адам қатысса, сонша пікір болуы мүмкін.Пікірталастың тәртібі:Кезектесіп сөйлеу.Бірін - бірі тыңдай білу.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу.Бірін - бірі сыйлау.(арына, намысына тиетін артық сөз қолданбау).Пікірталас сұрақтары:- Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?- Адамгершіліктің өлшемі бола ма? Қандай адамды адамгершілігі мол адам дей аламыз?- Адамгершілік қайдан «пайда болады»?- Өз достарыңның бойынан адамгершілікке тән қандай белгілерді байқап жүрсің? Әлде керісінше қылықтар байқағандарың бар ма? ТІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі- Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)-«Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық:Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып келеді. (слайд 19)- Абай рухы - туған тілдің тірегі.Абай рухы - қазағымның жүрегі.Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,Намысыңды қамшыласын үнемі.- деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты қорытындылай келе (бағаларын айту, мадақтау)- Бүгінгі сабақ ұнады ма?- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.Үйге: Абай атаға хат жазу (слайд 20), өлеңді мәнерлеп оқу.