Ертегілер ?леміне саяхат ар?ылы балаларды? тілін дамыту.


Ертегілер әлеміне саяхат арқылы балалардың тілін дамыту.
Ерте – ерте ертеде деп ертегінің баслатуынан ақ байқауға болады. Ертегі деген сөз ертеде ерте күндегі деген сөздердентуған. Сол ертегіні нақшына келтіріп айтатын адамды ертегіші, ертекші деп атаған. Ертегі қиял қазынасы ертегілерді ойдан шығарылған, шындыққа айналатын кездері болған. Ертегінің үйретері балалардың үлкендер тәрізді түрлі қиындықтарға аса күрделі проблемаларға тап болады. Ертегі арқылы балаға шақсы мен жаманның не екенің ұғынатынын қарапайым тілмен түсіндіруге болады. Ертегі баланың бойында болашаққа сенімділікті орнықтырады. Оқиға соңы қашан да жақсылықпен аяқталынып кейіпкердің кез келген қиындықты жеңіп шығуы баланы батылдыққа баулиды. Қысқасы жас балаға қарапайым ақиқат шындықты тез түсіндіргіңіз келсе, ертегі айтыңыз. Ертегі көне заманнан бері, ең тәрбие тәсілі болып келеді. Мектеп жасындағы ересек балалар үшін пайдалы, әсіресе 3,4,5 жастағы балалардың психологиясына тигізер әсері мол.
 Бала ертегіні тыңдау арқылы жақсылықтың оңай келмейтінің патшалық пен сұлу ханшайымды біреу бере салмайтынын түсінеді. Баланың тілін бір жүйеге келтіріп қоршаған адамдармен, балалармен, ортамен қарым қатынасқа түсуді үйретеді. Жас балаға ойын – тілін жетілдіру үшін тез түсіндіргіңіз келсе, ертегі айтып беріңіз. Осыған ертегі арқылы бала өзінің ертегіден түсінгенің, өз тілі арқылы жеткізе біледі. Осыдан барып, баланың ойлау қабілеті артып, тіл байлығы молайа түседі. Айталық үлкендерді тыңдамай, ақыр соңында опық жегізген «Бауырсақ», «Қызыл телпек», «Алдар көсе мен балықшы» ертегілерінен көп ғибрат алуға болады. Қатігездік туралы ертегінің өзі баланың үрейін қашырып жас балаға қиындық пен қатер аяқ астында тап болуы, басыңа іс түскенде әрекет етуі бағыт – бағдар сілтейді. Қазақ ауыз әдебиетінің ішінде ертегінің ролі зор, одан халқымыздың өткенің білеміз. Бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Әр бір бала үйдегі тәрбиесі арқылы өскен жері, балабақша бәрі балаға әсер етеді. Бала не нәрсе болса да, соған құштар болып тұрады. Олар қызыққыш қолмен ұстап көргенді жақсы көреді. Сәбилер тобында үш жастағы тағы балалар, бәрін білгісі келіп, ұстағысы келіп ой өрісін дамытуға қиялын шарықтатып, тіл байлығын молйатуға ауыз әдебиеті үлгілері ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар, тигізетін әсері мол, пайдасы ұшаң теңізде. Ергетіні әңгімелеуге бір ғана суретті пайдаланып қоймай, әр түрлі көрнекіліктерді пайдаланып, дауыс ырғағын келтіре отырып баланың есінде қалатындай оқу керек. Осы ертегінің ішінен бала жағымсыз кейіпкердің жаман әрекетінен бой тартып, жақсылыққа ұмтылады. Көркем әдебиет сабағында сахналық ойындар басқа адамның сөзін тыңдауға, үлкенге жәрдем, кішіге қамқор, құрбы – құрдастары мен араласуға дағдыландырады. Қорыта келгенде ертегілер арқылы балалар өздерінің тіл байлығын молайтып, сөздік қорын жинақтайды.