Д?ниетану п?ні бойынша саба? жоспраы. Та?ырыбы: Ш?л ?сімдіктері мен жануарлары
Пәні: дүниетану
Күні: 31.01.17ж.
Сыныбы: 4Сабақтың тақырыбы: Шөл өсімдіктері мен жануарларыСабақтың мақсаты: Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру. Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны, ерекшелігі туралы ойын дамыту.Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Сабақ типі: аралас сабақКөрнекілігі: суреттер, слайд, бейнеролик.Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтауСабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. ІІ. Білімді тексеру кезеңі1. Сұрақтарға жауап алу.- Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?- Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Бейнеролик. (Шөл дала.)Шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр, тастақты шөлдерге ажыратылады.Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып, бекітеді. Олар селеубояу, құм қияғы, жүзгін, домалақ кірпіге ұқсас құмаршық, ақсексеуіл. Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.Өсімдіктері нашар дамыған. Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады. оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі. Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі. Олар көктемде өніп шыққанымен, өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді. Сортаңды шөлді жердің топырағы тұзды келеді. Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады. Үнемі буланып, жер бетіне тұз ала шығады. Тұз қабатында күйреуіктер өседі. Жер бетіне тастары шығып жататын шөлді тастақты шөл дейді. Әр жерде тікенек бұталар кездеседі. Тақырлар – адамның жауапсыздығынан пайда болған шөлдер. Ол --- шөбін мал отап, таптап, әбден тақырлап тастаған, бұталары тамырымен қопарылып, сындырылып жойылған тақырлар. Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп жұмыс жүргізуі керек.Суы мен азығы тапшы, жазы ыстық, қысы суық, тіршілікке шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше бейімделедіҚарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ, тасбақа, сұр келес, сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді7Оқулықпен жұмыс.
Дауыстап тізбектей оқыту.Дәптермен жұмыс.
Күн ретін, ауа райын жазу.. Шөл өсімдіктері мен жануарларын жазу.Селеубояу, ақсексеуіл, жүзгін, құм қияғы, кермек, құмаршық - өсімдіктері.Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы, құлақты кірпі, тасбақа, сұр келес, тышқан, жылан - жануарлары.Венн диаграммасы:Топтық жұмыс:1 - топ: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.2 - топ: Дала өсімдіктері мен жануарлары.3 - топ: Шөл өсімдіктері мен жануарлары.5 - жол өлең: Ақбөкен.VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:Шөл туралы суреттерді көрсетіп отырып, оқушыларға әңгімелету.VII. Сергіту сәті.VІІI. Бекіту кезеңі:Тест.1. Шөлді жерді мекендейтін жануара) қасқырв) арқарс) кесіртке2. Дала өсімдігін ата.а) селеув) жусанс) қарағай3. Улы өсімдікті белгіле.а) бозв) бетегес) сарғалдақ4. Қайсысы артық?а) шалғынды, ормандыв) дала, шөлс) қала, ауыл5. Күріш қай облыста өсіріледі?а) Батыс Қазақстан облысыв) Қызылорда облысыс) Талдықорған облысыIX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 82 - 86 - беттерді оқу, мазмұны. Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет жинақтау.
Бағалау.