?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы. ересектер тобы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«03» қазан 2016 ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Торсық»
Мақсаты: Балалардың торсық жайлы білімдерін арттыру. Торсықты дұрыс сала білуді үйрету. Таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Торсық, қымыз.
Қолданады: Түрлі-түсті қарындаштар, торсық.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Балалар, шеңбер бойында тұрып, бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік.
Мына, суретте нені көріп тұрсыңдар?
Бұл ыдысты не үшін қолданады деп ойлайсыңдар?
Балалар шеңбер бойында тұрып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
Ыдыс-аяқ.
Сұйықтық құю үшін.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Балалар, бұл – торсық.
Торсық дегенің не екенін білесіңдер ме?
20447005715000Торсық – түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, оны қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақтар жиі пайдаланған. Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Өңделген теріні қалыпқа салып пішеді де, таспамен тігеді. Торсықты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері: шимайторсық, өркешторсық, жанторсық, мүйізторсық, т.б.
Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әртүрлі өрнек салынады.
Сергіту сәті:
Айналаға қарайық,
Отырайық, тұрайық,
Біз тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң,
Әсем сурет салайық.
Үлгіні көрсету, түсіндіру:
Біз торсықтың қандай ыдыс екенін біліп алдық, енді ата-әжемізге сыйлыққа беруге торсықтың суретін салайық. Алдымен, сурет салуды қағаздың астыңғы бөлігінен бастайық, беттің көлеміне қарай шаршы саламыз, оның жоғарғы ортаңғы бөлігіне торсығымыздың мойнын саламыз, ол үшін тіктөртбұрышты қолданамыз. Бұл пішіндерді орналастырып болғаннан кейін, торсықтың жалпы пішінін салып көрейік. Ол үшін үлгідегідей торсықтың жиектерін сүйірлейміз, ал торсықтың ішіндегі сусын төгіліп қалмас үшін аузына қақпақ немесе тығын жасаймыз. Торсығымыз дайын болса, оған көрік беру үшін ою салып безендіреміз.
Өз бетінше жұмыс, жеке көмек:
Балалар өз беттерінше торсықтың суретін салады. Жоқ, білмейміз.
Балалар мұқият тыңдап отырады.
Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындайды
Балалар көрсетілген үлгіге мұқият қарап отырады.
Алдарындағы дәптердегі реттілікті сақтай отырып торсықты салып бояйды. Берілген үлгіге қарап отырып, торсықты реттілікті сақтай отырып безендіреді.
Рефлексиялық-түзетушілік Бүгін біз ненің суретін салдық?
Торсық дегеніміз не?
Ол не үшін қажет?
Балалардың салған суреттері бағаланады. Сәтті шыққан суреттерді аталынады.
Балалар салған суреттерін
көрсетеді. Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Жеке жұмыс: Айтжан Нармин, Өмірбекова Мариям, Мырзағали Ақниетті сызықтан шығармай әдемі бояуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Торсықтың қандай табиғи материалдардан жасалатыны, қандай мақсаттарда қолданылатыны, түрлері жайлы түсініктері болады.
Игереді: Торсықты салу техникасын игереді, реттілік пен бірізділік сақталуына назар аудара білу дағдылары қалыптасады.
Меңгереді: Үлгіге қарап сурет салуды, дайын болған бұйымды оюмен безендіруді, жұмысты орындау барысында ептілік пен тиянақтылықты меңгереді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«03» қазан 2016 ж.
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Менің туған күнім»
Мақсаты: Туған күн қуанышы туралы түсінік беру. Өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: тілек айту, құттықтау, сыйлау, құрметтеу
Қолданады: Дәптерлер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық “Жылуыма жылу қос”
Қазір біз бір-бірімізге жылу таратамыз. Жәй жылу емес, жүректің жылуы. Оны алақан арқылы, құшақтау арқылы беруге болады.
Кәнеки бірінші алақанмен берейік, сосын құшақ жайып жылумен бөлісеміз.
Жылуды сездіңдер ма? Бір-бірлеріне жақын болып, достық сезімдерін бұрынғысынан күшейеді. Балалар шеңбер құрып, бір-бірімен жылу бөлседі.
Бірінші алақан арқылы, сосын құшақтасады. Достық сезімдері бұрынғысынан да бекиді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Әңгімелесу:
Сен үшін өз отбасыңда қай күн ең қуанышты күн?
6540563500Балалар, бүгін біз «туған күн» мерекесі жайлы әңгімелесеміз. Туған күн – әр адамның өміріндегі ең жақсы, ең маңызды мерекелердің бірі. Адам дүниеге келгенде айналадағының бәрі қуанады. Туған күнде жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылады. Сондай тілектерді бір-бірлеріңе айтыңдаршы.
Мәнерлеп оқып беру:
Үй іші түгел көңілді,
Шат күлкілер төгілді.
Қуаныштың себебін,
Айта алады, қане, кім?
Дастарқан толы дәмді астар,
Тегін емес думанды үн.
Жиналды барлық шын достар,
Өйткені, бізде туған күн!
Әңгімелесу: Н.Қадырбаевтың «Туған күн» әңгімесінен үзінді оқып беріледі.
Атасы Нұрланды қалай қуантты?
Туған күніңе отбасы мүшелері бір-біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық сезімдерін өалай білдірді?
Оьбасы мүшелерінің туған күніне қалай дайындаласыңдар?
Дәйексөз: «Қуаныш көңілді сергітеді».
Туған күн қуанышында естіген жақсы сөз, жақсы тілек біздің көңілімізді өсіріп, көңілдендіреді, қуанышқа бөлейді.
Тыныштық сәтін орындатады.
Дәптермен жұмыс:
Достарының туған күндеріне қандай сыйлық сыйлағыларың келетіндігін айтып беріңдер.
Ойын: «Қуаныш сыйлау»
Ғажайып сөздер:
Жақсы тілек қуаныш сыйлайды.
1511300-51943000Туған күнің құтты болсын! Туған күн.
Мұқият тыңдап отырады.
Мәнерлеп оқылған өлеңді мұқият тыңдап отырады.
Балалардың жауаптары.
Мұқият тыңдап отырады.
Тыныштық сәтін орындайды.
Дәптердегі берілген тапсырманы орындайды.
Ойын ойнайды.
Ғажайып сөздерді меңгереді.
Рефлексиялық-түзетушілік Жүректен жүрекке
Қандай жақсы туған күннің болғаны,
Әр жыл сайын бір жасқа адам толғаны!
Көк төсінде жұлдызымыз жайнады,
Көңіліміз көтеріңкі, жайдары!
Қорытындылау, мадақтау.
Балалар өлең жолдарын бірге қайталап айтады.
Жеке жұмыс: Мырзағали Ақниет, Даниярұлы Әділбек, Жетпісбай Елнұрға ғажайып сөздерді қайталап айтқызу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Туған күн қуанышы туралы;
Игереді: Өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдері;
Меңгереді: Сүйіспеншіл болуды;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«04» қазан 2016 ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шаруа мен аю»
Мақсаты: Ертегі мазмұнын жете түсіндіріп, оны тыңдауға деген қызығушылығын ояту. Өз ойын қиялымен ұштастыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету. Ертегі арқылы балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шаруа, шалқан.
Қолданады: ертегі желісі бойынша шаруа мен аюдың суреттері, ертегі бойынша бейнетаспа, слайд, жұмыс дәптерлер, түрлі түсті қарындаштар.
Билингвальді компонент: шаруа – крестьянин, аю – медведь, шалқан – репа, бидай – пшеница.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Адал, жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі ақ тілек.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қолдарына ұстаған қамшыны бір-біріне бере отырып жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Кіріспе әңгіме
Балаларға жұмбақ жасыру:
Балпаң-балпаң басады,
Қыр-жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны.
Ол не?

«Шаруа мен Аю» туралы орыс халық ертегісімен таныстырады. Балаларға ертегіні толық оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.
Сөздік жұмыс:
Шаруа – жерді баптап, күтіп, егін өсіретін еңбекқор адам.
Билингвальді компонент:
шаруа – крестьянин,
аю – медведь,
шалқан – репа,
бидай – пшеница.
Сұрақ-жауап:
Ертегі қалай аталады?
Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
Шаруаға не келді?
Аю Шаруаны қалай қорқытты?
Олар неге келісті?
Шаруа не екті?
Аюға қай жағын берді?
Келесі жылы Шаруа не екті?
Аю нені білмеді?
Сергіту сәті:
Ертегі желісі бойынша іс-әрекетті қимылмен қайталату.
Шаруа бидайды қалай екті?
Аю қалай келді?
Бидайы қалай өсті?
Шаруа шалқанды қалай екті?
Ертегіні рөлге бөліп ойнату.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Балалардың жауаптары.
Жауабы: аю.
Балалар ертегіні тыңдайды.
Балалар қайталайды:
шаруа – крестьянин,
аю – медведь,
шалқан – репа,
бидай – пшеница.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Бала қимылмен, сөзбен қайталап көрсетеді.
Жерді қазып, тұқым шашты.
Балпаңдап келді.
Бидай үлкен болып өсті.
Жер қазып, тұқымды салды.
Ойнайды.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Шалқан жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады. Ал, бидай дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан ұн жасап, ұннан нан, түрлі тағамдар пісіреді.
Балалар ертегімен танысып, мәнерлеп айта біледі.
Рөлге бөліп ойнай алады.
Жеке жұмыс: Өмірбекова Мариям, Сакимбай Алмас, Теміржан Нұртөреге ертегінің мазмұнын жете түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегіні тыңдай отырып, еске түсіреді, ертегіні рөлге бөліп ойнайды.
Игереді: Шаруаның ақылды, аюдың аңқау екендігін түсінеді.
Меңгередң: Ертегіні сахналау арқылы байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«04» қазан 2016 ж.
Білім беру саласы: “Шығармашылық”
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: “Күзгі жапырақ (рельефті мүсіндеу)”
Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру, күз айларының атауларын меңгерту, мүсіндеудің жалпақтау, бедерлеу, шымшу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, арнайы құралдармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру. Еңбекке деген ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданады: ТОҚ, күз табиғаты бейнеленген бүктеме, күзгі жапырақтан гербарий.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық -Кәне, балалар, шеңбер жасап бір-біріміздің көңіл-күйімізді көтерейік.
Ол үшін бізге мынандай әдемі ленталар керек. Осы ленталармен би билесек, қуанышқа толы сәт болады. Балалар қызыл, сары ленталарды қолдарына алып, әр түрлі қимыл-қозғалыс жасап, би билейді. Бр-бірін қайталап, жылынша және бір орында жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Кәне күз айларын атаңдаршы?
Жарайсыңдар,өте жақсы!
Күз мезгілі басқа мезгілдерге ұқсамайды, оның өзіне тән ерекшеліктері бар.
Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Иә дұріс айтасыңдар! Айналаның барлығы жапырақтар, сап-сары алтынға ұқсайды екен. Сондықтан біз күзді «Алтын күз», «Сары күз» деп атаймыз.
173990-317500Жарайсыңдар балалар! Енді күздің осындай керемет өріністерін қазір бейнероликтен тамашылаймыз. Балалар бейнероликтен күз туралы көріністерді көрген кезде төмендегі өлең жолдарын оқылып тұрады.
Күзгі жапырақтар.
Алтын сары,қызыл,көк...
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ал қазір сол жапырақты мүсіндейміз. Кәне, бәріміз ермексазды аламыз, алақанымызға салып домалақтаймыз. Енді ермексазды алақанымызға салып жалпақтаймыз. Ермексазды қатты қағаздың үстіне қойып, шаблонның шетін кескішпен бастырып, кесеміз.
Жапыраққа ұқсадыма?
Сергіту сәті:
Енді артық ермексазды қалақшаның көмегімен қырып алып тастаймыз. Саусағымыздың ұшымен шымшу арқылы жапырақтың жиектерін тегістейміз. Кескіш таяқшамызбен жапырақтың үстін бедерлеп, сызықтар түсіреміз. Міне, жапырағымыз дайын болды. Күз.
-Қыркүйек, қазан, қараша
Күн суытады, жылы киімдерімізді киеміз, жиі-жиі жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа ұшады, ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі.
Сары,қызыл, өызғылт түсті ермексаздардың өздері таңдайды.
-Ия ұқсады
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық түзетушілік Табиғат туралы қанда тыйым сөздер білесіңдер?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күзгі жапырақтың түсі қандай болады екен?
Күзде жапырақтың түсі қандай болады?
Балалар сары жапырақтарды бір қатарға, қызғылт жапырақтарды екінші қатарға тізіп, жұмыстарын талдайды.
Тапсырма: Кіші топ балаларына жапырақтан тізбек жасап беру (серуен кезінде)
Көкті жұлма. Ағашты кеспе. Бір тал кессең он тал ек. Гүлді үзбе. Жерді шұқыма.
Төрт мезгіл
Күз
Сары
Балалар бір-бірінің жұмыстарын салыстыра отырып талдайды.
Жеке жұмыс: Әлібек Едіге, Қисамиден Айымжан, Жүнісбек Асыланға жапырақты рельефті етіп мүсіндеуді үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күз мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігін;
Игереді: саусақ моторикасының толық қимылдары;
Меңгереді: өзіне және өзгенің еңбегіне баға беруді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«04» қазан 2016 ж.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Геометриялық фигуралар. Төртбұрыш (шаршы және тіктөртбұрыш) сопақша».Мақсаты: Балаларға кеңістік туралы түсінік беру.Алыс жақын, алысырақ жақынырақ. Сызба карта бойынша бағдарлауға үйрету. Тіктөртбұрыш және оның қасиеттерімен таныстыру, тұрмыстық заттардың ішінен тіктөртбұрыш пішінді заттарды таба білу. 1 ден 4ке дейінгі сандар туралы білімдерін бекіту. Ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
Қолданады: Геометриялық пішіндер қиылған тапсырмалар. Сөздік жұмыс: салыстыру, ажырата алу.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Балалардан отбасының не екенін сұрайды.
-Балалар, сендер жақындарыңды жақсы көресіңдер ме? Сендерде олардың суреттері бар ма?
-Енді дәптердегі отбасының суретін бәріміз бірге қарап шығайық. Балалар педагогтың отбасы, жақын адамдар жайлы сұрақтарына жауап береді.
Дәптердегі суреттерді қарауға кіріседі.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Дәптердегі 1-тапсырма бойынша фотосуретте кімнің суреті бейнеленгенін және оның сыртындағы жақтауының пішіні қандай екенін сұрайды. Балалардан өткен сабақта танысқан фигураларды атап беруін өтінеді. Ол үшін 3-6 кестелерден бірнеше фигураны алып, балаларға көрсетеді. Содан соң тапсырма береді. «Не өзгерді».
666752171700098107521717000
Балалар геометриялық пішіндер қандай заттарға ұқсайды. Педагог сопақша, тіктөртбұрыш сынды жаңа атауларды қолданысқа енгізеді. Фигураларды салыстыруды ұсынады. Шаршы мен тіктөртбұрышты салыстырған кезде олардың бұрыштарын «төбелерін» санау қажеттігін айтады.
Оның төртеу екенін анықтайды. Пішіндердің екеуін де төртбұрыш деп атауға болатынын айтады. Басқа 4 бұрыштардың бұрыштарын санап, олардың арасынан шаршы мен тіктөртбұрыштарды табуды ұсынады.
Балалар өзге фигураларды танып жатса, оларды мадақтау қажет.
Сергіту сәті: Үшбұрышты тырналар.
Одан кейін педагог 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Тапсырманы орындауға уақыт беріледі.
Балалар отбасы мүшелерінің суреттері қандай пішіндегі жақтауларға салынғанын табады.
«Не өзгереді?» ойынына қатысады. Сопақша, төртбұрыш сынды жаңа фигуралардың атауын педагогпен бірге қайталайды. Шаршы мен тіктөртбұрышты табады, олардың бұрыштарын саусақпен санайды, төртбұрыштарды табады.
Содан соң фотосуреттердегі жақтаулардың пішінін анықтауға кіріседі. «Бұл-әжей. Оның суреті тіктөртбұрышты жақтауға салынған» немесе «Тіктөртбұрыш пішіндес жақтауға әжейдің суреті салынған» деген сияқты пікір айтады. 2- тапсырманы орындайды. Фигураларды белгілі бір өлшемге, түсі мен пішініне қарай бояйды.
Рефлексиялық- түзетушілік Тәрбиеші сабақты қорыта отырып, балалардан бүгін қандай фигуралармен танысқанын сұрайды. Сол фигураларды тауып, суретті саусақпен сызып көрсетуін сұрайды. Ауада қолымен белгілі бір фигураның суретін бейнелейді. Еденде оң аяқпен, сол аяқпен фигуралардың суретін сызады. Содан соң балалардың сабақты қаншалықты түсінгенін тексеру үшін оларға 3- тапсырманы береді. Балаларды мадақтайды. Сұрақтарға жауап береді, сабақты қорытады, ауаға немесе еденге фигуралардың суретін бейнелеп көрсетеді. 3-тапсырманы орындайды. Үстелдің үстін реттейді.
Жеке жұмыс: Даниярұлы Әділбек, Ділдәбек Нұрдулет, Қайырбай Бекзатқа геометриялық фигуралардың атауларын еске түсіру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша сияқты фигуралардың атауларын
Игереді : төртбұрыш пен оның түрлері туралы түсінікті.
Меңгереді: заттар мен фигураларды үш белгісі – түсі, пішіні мен көлеміне қарай салыстыруды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«04» қазан 2016 ж.
«Вариативтік компонент»
Бөлімі: «Өнер көзі – халықта»
Тақырыбы: «Себеттегі жемістер» (мүсіндеу)
Мақсаты: Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әр түрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету. Сенсорлық тәрбие беру. Бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту. Балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу, жемістердің пайдасын түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Жемістер, жеміс муляждары, «Күз аруы» кейіпкері, бейнеролик.
Қолданады: Ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
(Ө. Тұрманжанов)
Бейнероликті қолдана отырып, балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізу.
Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?
Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?
Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме? Балалар шаттық шеңберін жасайды.
Күн суытады. Аспанды бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.
Күз мезгілі.
Алма, алмұрт, жүзім, т.б.
Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Күз аруы» кіреді, қолында жеміс толы себеті бар.
Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келді. Бізге әкелген тосын сыйы бар екен.
«Күз аруының» тапсырмасы: Балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.
Мынау қандай жеміс?
Мынау ше?
Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?
Үлгіні көрсету:
Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.
Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.
Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасынан жасаймыз. Енді, жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, алақанға салып домалақтаймыз, тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз. Стеканың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз. Жапырақты алманың сабағына орналастырамыз. Алмамыз дайын болды.
Сергіту сәті:
Кәне, кімнің бойы ұзын?
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Дербес іс-әрекет, жеке көмек.
Енді, алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексазды алып, алақанға салып жұмсартамыз. Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз. Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз. Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлігін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы стекамен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналастырамыз.
«Күз аруымен» бірге балалардың жасаған жұмысын аралап көріп, мадақтау. Балалар «Күз аруымен» амандасады. Қонақтың сыйын тамашалайды.
Алма.
Алмұрт.
Жүзім.
Орындарына отырып, жұмысқа кіріседі. Затқа қарай отырып, алма мен алмұртты мүсіндейді.
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалар жұмысынан көрме,
Алма, алмұрт туралы сипаттап айту.
«Күз аруы» сый таратады, мадақтайды. Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі, түрі, түсі, пішіні туралы айтады. «Күз аруын» ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.
Жеке жұмыс: Өмірбекова Мариям, Сакимбай Алмас, Мырзағали Ақниетті ермексазбен дұрыс жұмыс істеу техникасын машықтандыру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жеміс-жидектер – табиғаттың сыйы екендігін.
Игереді: Жеміс-жидектердің пайдасын түсіне отырып, оларды мүсіндеуді.
Меңгереді: Жемістердің өзара айырмашылықтарын ажыратуды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«06» қазан 2016 ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Сөздер мен дыбыстар»
Мақсаты: Сөздің дыбыстан құралатыны, дыбыстың дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. «Т» дыбысымен және әрпімен таныстыру, ойларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қоңырау.
Қолданады: жұмыс дәптерлер, түрлі түсті қарындаштар.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалардың назарын аудару, есікті қағу. Қоңырауды сылдырлату, қағазды умаждап не естігендерін сұрау.
Қоңырау – темірден жасалған, үн шығаратын құрал.
Балалар жасалған іс-әрекетке мұқият қарайды. Әртүрлі дыбыстар естігендерін айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер.
Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?
Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: «а-а» десек. Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Дыбыстар екіге бөлінеді, дауыссыз дыбыстар, дауысты дыбыстар болып. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Мысалы: «т» дыбысы. Кәне, бәріміз осы «т» дыбысын айтып көрейік.
Айырмашылығы қандай?
(«Т» дыбысының әрпін көрсетіп таныстыру, ауада жазып көрсету)
«Т» дыбысы – дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыстың көмегімен айтылады. Енді осы дыбыстардан сөз құрайық.
Кеспе әріптерден тақтаға сөз жазу.
«Ат» – бұл сөзде неше дыбыс бар?
Дұрыс айтасыңдар, «ат» сөзі екі дыбыстан құралған.
Ал, осы сөзге тағы да «а» дыбысын жалғасақ, қандай сөз шығады?
Дұрыс, «ата» сөзі шығады.
«Ата» сөзі неше дыбыстан тұрады?
«Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап айтыңдаршы.
Сергіту сәті:
Торғай ағаш қорғайды.
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң, болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
(М.Әлімбаев)
Балаларға «сөзді» түсіндіру.
Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Сөз дыбыстардан құралады. «Кім көп біледі?» ойынын ойнату.
Ойлаған сөздеріңді буынға бөлейік.
Әр буында бір дауысты дыбыс болады. дауысты дыбыстарды қызыл түспен, ал дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз (балаларға көрсету).
Балаларға өлең мазмұнын түсіндіру. Өлеңді қайталатып айтқызу арқылы жаттап алуды ұсыну.
Ал, енді тақтадағы буындарды, қысқа сөздерді оқиық. Буындарды оқу: ТА, ТО, ТҰ, ТЫ, ТӘ; қысқа сөздерді оқу: ТАМ, ТАУ, АТА, ТОН.
Жақсы, балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады (сөз айтқан балаға түрлі түсті қаламнан беріліп отырады).
Дәптермен жұмыс: дәптердегі №5 тапсырма бойынша орындалады. Жеке жұмыс жүргізіледі. Дыбыстар әртүрлі болып естіледі.
Балалар ілесіп қайталайды: «А-а».
Балалар «т», - деп айтады.
Балалар «т» дыбысын ауада жазады.
Екі дыбыс бар.
Ата.
Үш дыбыстан.
Торғай, тоқылдақ, тон, темір, тері, тиін, түлкі.
Балалар өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады (Қолдарын шапалақтап отырып, буынға бөледі).
Тор-ғай, то-қыл-дақ, те-мір, те-рі.
Балалар «Сөз жарысы» ойынын қызыға да жарысы ойнайды: Бала. Дала. Түйе. Шие. Құлақ. Тақта.
Қайталайды.
Дәптердегі берілген тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Сөз, дыбыс ұғымдары жөнінде сұрақтар қойылады.
Дыбыс пен сөздің айырмашылығы неде?
Дыбыс қандай болады?
«Т» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Балалар жауаптарын толықтыру, қорытындылап аяқтау. Балалар қойған сұрақтарға толық та тиянақты жауап беруге тырысады.
Дыбысты естиміз, сөз бір нәрсе туралы ұғым.
Әртүрлі болады.
Дауыссыз дыбыс.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Жаңа дыбыстан басталатын сөздерге мысал келтіреді, өлең мазмұнын түсініп, жаттап алады, сөздерді буынға бөледі, қысқа буындарды оқиды, дәптердегі тапсырманы.
Түсінеді: Дыбыстардың айырмашылығы қандай екенін, сөз буыннан, буын дыбыстан құралатынын, жаңа дыбысқа сөз ойлай білуді.
Қолданады: Кеспе әріптермен дыбыстарды қосып оқуды, сөз жарысында жылдам ойланып, бірнеше сөз айта білу дағдыларын.
Әліпбиді көрсете отырып, «Әліпби сыры» өлеңін мәнерлеп оқып беру
Әліпбидің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші?
«А» деген ол –
Аналар ғой ардақты.
«Ә» деген ол –
Әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол –
Балалар ғой әдемі.
Біздің елде
Үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей,
Сондықтан да расында,
Тұрады олар,
Әліпбидің басында.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«06» қазан 2016 ж.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»
Мақсаты: Өзінің Отаны туралы әңгімелеп айтуға үйрету, зейіндерін дамыту. Туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Қолданады: суреттер
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Мотивациялық-қозғаушылық
Балаларға орнынан тұруды ұсыну.
Үнтаспадан Е. Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» әнін тыңдату. Мұқият тындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Атамекен сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.
Атамекен –ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
«Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінуге болады?
Мақал – мәтелдер:
1. Отан отбасынан басталады.
2. Отан – оттан да ыстық.
3. Отансыз адам –ормансыз бұлбұл.
Суретпен жұмыс: әңгімелесу.
Сергіту сәті:
Бұл шақта, бұл шақта
Кішкентаймыз қазір біз.
Кішкентай болсақ та,
Ел қорғауға әзірміз.
Қазақ халқы- елжүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз, халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. Атамекен деп туған жерімізді айтамыз.
-Ол менің атам, менің арғы бабаларым мекен еткен жер. Енді сол жерде мен туып-өсіп жатырмын.
-Біздің Отанымыз-Қазақстан.
-Біздің еліміз- көп ұлтты ел.
-Отан- біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміздің табиғатты т.б.
Мақал – мәтелдер қайталап айтады.
Рефлексиялық- түзетушілік Қорытындылау.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы Отан туралы алған білімдері пысықталады. Балалар Отан туралы әңгімелейді.
Жеке жұмыс: М. Әмина, Б. Ерсұлтан, Мариямға өлеңді мәнерлеп қайталауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ән, мақалдарды тындай отырып, мазмұнын түсінуге үйренеді, өз ойын жеткізуге дағдыланады.
Игереді: өз Отанының, жерінің, суының сол жерде тұратын адамдар үшін қымбат екенін, еліміздің егемендігі ата-бабаларымыздың аңсаған арманы екенін.
Меңгереді: өзінің туған жері туралы білетін білімін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«07» қазан 2016 ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Бұлттар»
Мақсаты: Балаларға қолмен жырту әдісін үйрету. Қағаз бетіне бейнені дұрыс орналастыра білу машығына баулу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүюге, әсемдікке тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуен кезіндегі аспандағы бұлттарды бақылау.
Сөздік жұмыс: ақ бұлт, сұр бұлт, қара бұлт.
Қолданады: үлестірмелі материалдар, қайшы, желім, жұмсақ ақ қағаз, қалпақтар (бұлт, тамшы).
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Жұмбақ жасыру:
Көз жасты-жылауық,
Келе жатыр бір алып.
Жабырқаса жылайды,
Жадыраса тарайды.
Ол не?
Балалар, естеріңде болса, серуен кезінде бұлттарды бақыладық.
Бұлттар қайда болады?
Бұлттардың түсі қандай?
Бұлттар қозғалады ма? Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, жауабын шешеді.
Бұлт
Аспанда
Бұлттар ақ, сұр, қара болады
Иә. Қозғалады
Ұйымдастырушылық- ізденістік Балалар, сендер бұлт туралы жақсы жауап бердіңдер. Ал, жаңбырдың жаууына бұлттардың әсер ететінін білесіңдер ме?
Бүгін біз бұлттарды жапсырамыз.
25400017018000Үлгіні көрсету:
Жырту әдісін түсіндіріп, жапсыру техникасын көрсету.
Үлестірмелі материалдың сюжетті суретіне назар аударту.
Дербес іс-әрекет, жеке көмек көрсету:
Жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектесу.
Ақ қағазды ұсақтап жыртқызу.
Сергіту сәті: «Біз тамшылармыз» қ/о.
Бұлт кейпіндегі тәжді киеді. Өзі бұлт-ана, ал балалар – оның тамшылары болады. Бұлт-ана тамшыларды жер бетіне қыдыруға жібереді, өсімдіктерді суғару, жер бетін жуу туралы кеңес береді. Балалар қайталап айтады
Иә, білеміз
Мұқият қарап, тыңдап отырады.
Балалар қағазды жыртып даярлайды.
Ұсақ жыртылған қағаздарға ұқыптылықпен желімді жағып, бұлттарды қиыстырып жапсырады.
Бәрі қағаз тәжді киеді. Олар бұлт-ананы кеңесі бойынша өсімдіктерді суғарып, жер бетін жуып, қолдарын сілкіп, айналып жүріп орындарына оралады.
Рефлексиялық-түзетушілік Ә.Табылдиевтің «Бұлт» өлеңін мәнерлеп оқи отырып, оқу іс-әрекетін қорытындылау. Өлең мәтінін жаттауға таратып беру.
Балалар, әдемі бұлттар жасадыңдар, жарайсыңдар!
Қорытындылау, мадақтау. Өлең мәтінін таратып алып, көтеріңкі көңілмен ойнайды.
Жеке жұмыс: Батырхан Арсен, Болатбек Аружан, Бауыржан Ерсұлтанға қолмен жырту әдісін үйретуді жалғастыру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қағазды ұсақтап жыртып бұлт;
Игереді: Жаңбырдың жаууына бұлттардың әсер ететінін;
Меңгереді: Бұлттарды жасау үшін жырту тәсілін.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«07» қазан 2016 ж.
Білім беру салалары: «Әлеумет»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Ауылдағы адам еңбегі»
Мақсаты: Ауылдағы басты еңбек түрлерін ажыратуды үйрету. Техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Адам еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу
Қолданады: демонстрациялық суреттер
Сөздік жұмыс: еңбек, техника;
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешенің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Мотивациялық қозғаушылық Таңғы жиын
Кәне, кәне тұрайық,
Киіз үйді құрайық.
Бір уықты қолға алып,
Шаңыраққа тығайық.
Шеңбер болып айналып,
Арқандарды тартайық.
Тосын сәт: «Қонжық» келді. Балалар бізге қонжық қонаққа келіпті. Ол өзімен бірге бізге тапсырмалар әкеліпті. Сол тапсырмаларды орындап көрелік. Таңғы жиынды жақсы айтып шықты.
Қонақты қарсы алды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Мына мақал-мәтелді құлап салып тыңдаңдар.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Мақалдың мағынасы қандай?
Біздің бүгінгі әңгімеміз ауылдағы адам еңбегі болмақ.
Ауылда қандай еңбек түрлері бар?
Ауылдағы адам еңбегі мен қаладағы адам еңбегінің бір-бірінен қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?
Демонстрациялық материален жұмыс.
1. Егістік даласындағы жұмыс: егіншінің көктем жаз, күз және қыс мезгіліндегі еңбегі әңгімеленеді.
2. Қойшы бейнеленген сурет бойынша шопанның еңбегі, келтірер пайдасы, маңызы түсіндіріледі.
3. Осылайша мақташының еңбегі туралы түсінік беріледі.
«Бұрын не болды?» ойыны.
Тәрбиеші үстелге печенье, құрт, алма, көйлек суретін қояды.
«Сауыншылар ойыны».
Сергіту сәті:
Тышқан шығып інінен
Жем іздейді түнімен.
Қарны ашқанын ол қалай
Жеткізеді үнімен.
Күзетші күшік саққұлақ
Үй күзетіп шапқылап.
Дыбыс шықса қаттырақ
Қалай, қалай үреді? Балалар мақалды тындап, мағынасын ашады.:
- Егіншілік, бау- бақша т.б. Егінші, малшы, бақташы, бағбан т.б. еңбекпен айналысатын адамдар туралы білетіндерін айтады.
- Ұқсастықтары – барлық адамдар таңертең жұмысқа барады, кешке үйлеріне қайтады.
Сурет бойынша өздері білетін мәліметтерді ортаға салады, тәрбиешіні мұқият тындайды, түсінбегендерін сұрайды.
Рефлексиялық түзетушілік Қай тапсырма қызықты болды?
Қай досыңның жауабы ұнады?
Ұнаса несімен ұнады?
Өте жақсы, бүгінгі жауаптарын толық болғандықтан ризашылығымды білдіремін. Балалардың жауабы тыңдалады.
Жеке жұмыс: Шәріп Мөлдір, Шабденова Амина, Серикова Гүлзейнепке ауылдағы адам еңбегі туралы толық жауап беруге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар тапсырманы дұрыс орындай білу керек.
Игереді: Қызығушылықтары болу керек.
Меңгереді: Сұраққа нақты жауап беріп үйрену керек.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«05» қазан 2016 ж.
Білім беру салалары: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Күзгі табиғат»
Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейте отырып, күзгі табиғаттың басты ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорын молайту.
Қолданады: демонстрациялық суреттер
Сөздік жұмыс: торлады, қаптады, соғады, ұшты, қатады, тоңазыды, суыду, салқындады, мұздады;
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешенің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Мотивациялық қозғаушылық Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын ата
Күз табиғатының қандай ерекшеліктерін білесің?
Жұмбақ жасыру.
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.
(Бұлт)
Аспандағы көлеңке
Жерге суын шашады.
(Бұлт) Күз
Қыркүйек, қазан, қараша
Жаңбыр көп жауады
Жапырақтар сарғаяды, жерге түседі
Бұлт
Ұйымдастырушылық – ізденістік Мына суретке қарайықшы. Осы суретті әңгімелеп беріңдерші

Жаңбыр бұлт арасында су буларының бірігіп, тамшыға қосылуынан пайда болады.
Сергіту сәті
Ауладағы көп ағаш,
Тербеледі желменен
Сары, жасыл жапырақ
Құс секілді ұшады.
“Бұл қай кезде болады?” Ш. Ахметовтың өлеңін оқу
Бұлттар төніп,
Жерге шгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Ойнай, ойнай
Денең мұздан тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Бұл суретте күз мезгілі бейнеленген
Өйткені жапырақтар сарғайып кеткен
Мұқият тыңдайды
Сергіту сәтін жасайды
Рефлексиялық түзетушілік Бүгін күз туралы әңгімелестік. Күз мезгілі сендерге ұнайды ма?
Несімен ұнайды?
Ойын “Ұшты-ұшты” Балалардың жауабы тыңдалды. Қорытынды ретінде ойын ойнайды.
Жеке жұмыс: Шәріп Мөлдір, Шабденова Амина, Серикова Гүлзейнепке күз мезгілі туралы толық әңгіме құрай алуға, сөздік қорын байыту.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдері туралы;
Игереді: тілдері дамып, байланыстыра сөйлеу дағдыларын;
Меңгереді: сөздік қорларына жаңа сөздерді қосып, сұраққа толық жауап беруді;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«06» қазан 2016 ж.
«Вариативтік компонент»
Бөлімі: Жас зерттеуші
Тақырыбы: «Қайықтар» (Зертханалық жұмыс)
Мақсаты: Балаларды қағаз жұмысынан жасалған қайықтарды суда үрлеу әдісі арқылы жүздіруді үйрете отырып іс-тәжірибеде қолдану.
Қолданады: шаралар, қағаздар.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:
«Табиғатым тамаша»
Табиғатым тамаша,Көз тоймайды қараса.Табиғатты аялап,Жүрейікші жараса. Балалар тақпақты қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Жұмбақ жасыру:
Аузы жоқ сыңғырлайды,
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ.
Дұрыс, бұл су. Сусыз тіршілік жоқ. Сусыз тамақ та піспейді, тазалық та болмайды. Сусыз жануарлар да өмір сүре алмайды. Мысалы: балықтар суда өмір сүреді. Сусыз өсімдіктер де өспейді.
Зерттеудің мақсаттарын қою.
71120025781000Балаларға қайықты жасауды және оның қалай жұмыс істейтінін көруді ұсыну.
Сергіту сәті:
Самал жел бізді желдетші
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа бізге дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.
Тәжірибенің орындалуы.
Шараға суды толтырып, балаларға сол суға қағаз қайықты жіберіп, қағазға қарай үрлеуді ұсыну. Балалар барлығы бірге қайталайды. Бұл ойын қолдың ұсақ моторикасын дамытуға және артикуляциялық аппаратты түзетуге арнлаған. Су.
Қағаздан қайық бүктейді
Сергіту сәтін орындайды.
Жасаған қайықтарын суға жібереді.
Рефлексиялық-түзетушілік Тәжірибе нәтижесін бекіту.
Балалар тәрбиешінің жетекшілігімен тәжірибе нәтижесін жазып алады.
Қорытынды: Судың деңгейі өзгерді.
Балалар, бүгін біз нені үйрендік?
Қайықты қалай жасау қажет екен?
Оның қалай жұмыс істейтінін кім айтып береді? Балалар тәжірибенің нәтижесін жасайды.
Судың деңгейін өзгергенін байқайды.
Қайықты жасауды үйрендік.
Су құйылған банкіге таяқшаны қою арқылы, т.б.
Жеке жұмыс: Асқар, Ажар, Әминаға сумен жасалатын қарапайым 2-3 тәжірибе жасатқызуды үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қайықтың жұмысын және оны дайындауды.
Игереді: Мұқият тыңдауды.
Меңгереді: Суды затқа құйған кезде, оның деңгейінің артатынын.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«07» қазан 2016 ж.
«Вариативтік компонент»
Бөлімі: Қазақ этнопедагогикасы халық бастауы
Тақырыбы: «Жыл құстары»
Мақсаты: Балаларға жыл құстары жайлы түсінік беру. Өз жерлеріндегі жыл құстарын ажырата білуге және атауға үйрету. Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету. Өз бетімен жұмыс жасауға баулу.
Қолданады: суреттер.
Сөздік жұмыс: жыл құстары, қыстап қалатын құстар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Қандай құстарды білесіңдер?
Кеудесi қайқандап,
Жүредi байпандап.
Көк жүзiнде жылжып жай,
Керуен құрған тiзiлiп,
Iлгек-iлгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзiлiп? Аққу, торғай, бүркіт
Қаз
Тырна
Ұйымдастырушылық- ізденістік Үнтаспадан құстардың сайраған дыбстарын тыңдау.
Слайдтан немесе суреттен құстардың суретін көрсету. Құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу.
Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы әңгімелеу.
Күннін суытып, жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылады. Осылайша құстардың жемі азаяды. Өзен - көлдерде су қатып қалады. Осыған байланыстықұстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Жыл құсарына жабайы үйрек, тырна, көкек, ұзақ, қарлығаш, қараторғай т.б. жатады.
Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын немесе отырықшы құстар деп атайды.
Отыршы құстарға: қарға ,көгершін, торғай, көкшымшық, тоқылдақ, т.б жатады.
Сергіту сәті:
Төскейден жел еседі.
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
Үкі – түнде ғана ұшатын имек тұмсық, үпілдек майда жүнді жыртқыш,отырықшы құс.
Бүркіт – таулы, далалы жерлерді мекендейтін имек тұмсық жыртқыш, отырғыш құс.
Тырна – мойыны ұзын, аяқтары сыирған, ірілеу жылы құсы.
Үйрек – тұмсығы жалпақ су құсы.
Тоқылдақ – орман құсы. Қыстап қалатын құстар тобына жатады. Тоқылдақты орман дәрігері деп атайды.
Балалар тыңдайды түсінбегендерін сұрайды,
Сұрақтарға жауап береді
Қимылды бірге жасау
Мұқият тыңдап отырады.
Рефлексиялық-түзетушілік Өзің білетін жыл құстарын ата?
Құстар немен көректенеді?
Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?
Құстар табиғатқа қандай пайдасын тигізеді?
Қорытындылау, мадақтау.
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Жеке жұмыс: Темірлан, Асылзат, Ердәулетке жыл құстарын қайталап сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жыл құстары туралы.
Игереді: Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасын.
Меңгереді: Қыстап қалатын құстарға қамқор болуды.