Саба?ты? та?ырыбы: Дидактикалы? поэзиясыны? да,дидактикалы?-философиялы? ?арас?здеріні? де негізгі тілдік ??ралы-афоризмдер 9 сынып


Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық поэзиясының да,дидактикалық-философиялық қарасөздерінің де негізгі тілдік құралы-афоризмдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылар Абай шығармаларындағы өсиет сөздер, дидактикалық –философиялық жанр , тілдік –стильдік тәсілдерді меңгерту;
Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік:Ұлы ақын поэзиясындағы өзекті бір сала дидактикалық жанр арқылы адамды адамгершілік, эстетика ,этика,моральдық тұрғыдан тәрбиелеу
Көрнекілігі:қанатты сөздер, фотослайдтар.
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Пәнаралық байланыс:тарих,қазақ тілі,философия
I.Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II.Шолу лекциясы: Дидактикалық поэзиясының да,дидактикалық-философиялық қарасөздерінің де негізгі тілдік құралы-афоризмдер
Дидактикалық поэзия-творчестволық бояу шектеліп,таза ақыл,өсиет тілі алға шығатын,өлеңнің көркемдігінен гөрі сөзшеңдігі мен ақылгөйлігі оның ерекшелігі ретінде көрінетін поэзиялық түр.Міне,Абайдың ақындықты әлеуметтік қызметке жеккен шағында қазақ қауымының мәдениеті әдебиеттен осындай үлгіні біршама керек етеіндей дәрежеде болды.Абай әдебиетті қару еткенде бірыңғай пушкиндік,лермонтовтық,некрасовтық поэзия үлгісінде кете алған жоқ.Қазақ жағдайы ақынды еріксіз өзге тәсілге бұрылуға мәжбүр етті.Халық өмірінде еншілес болған қараңғылық,надандық өз тұстарынан бір дәуір ілгері кеткен,кеудесі құдіреттей ақындық талантқа толы Абай қаламын поэзияның көркем үлгісін жасау жолынан әркез қақпалай берді.Тарихи шындықты құлақ түбінен дауыстап,таза ақыл күйінде үгітші,насихатшы,өнеге үйретуші болуға бой ұрғыза берді.Осының нәтижесінде көп жағдайда көркем поэзияға тән шығарма бояуының әсерлі жарқылы,шарықтап шалқи атқыған әсем фонтандық тасқыны,ақын қиялының кереметтей құлаш жаюы екінші қатарға шегіндетіліп,оның орнына мысқылдай ұсынып,батпандай жүк артатын өнеге тілі-дидактикалық поэзия басты:
Әуелде жас қартаймақ,туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек,
Басқан із-көрген қызық,артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ақылды қара қылды қырық бөлмек
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да,қазы да өз бойында
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.
Әрине ,Абай зор ақындық шабыт иесі болғандықтан да мұндай өлеңдеріндегі ақыл сөздеріне көркемдік бояу оның өз ойлағаныеае горі көбірек еніп,ақылдықты ақындық басып кетіп отырады.Осы жағдайда М.Әуезов сөзімен айтқанда «Бұл өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көрінеді.Онысы анығында солай да еді.».Осы жайды ескеріп ,Абай дидактикалық поэзияға туыс нақыл сөз үлгісіндегі қарасөзге көшеді.Мұнда Абай өз оқушы,тыңдаушыларымен әңгімелесе отырып, сол өлеңдерінде айтылытын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады.
Сайып келгенде,ақынның қара сөздері де осылайша,өз дәуіріндегі оқушы,тыңдаушы жұртының ой-өрісі талабынан келіп туған,өз дәуірі жағдайлары қажетінен келіп туған дидактикалық-философиялық шығармалар.Мораль философиясы.Ақынның бұл дидактикалық поэзиясының да,дидактикалық-философиялық қарасөздерінің де негізгі тілдік құралы-афоризмдер.Бұлар бір-екі өлең жолында,я бір-екі сөйлем аясында тұжырымдалып отыратын мақал сипаттас көркем сөздер болып келеді. Мысалы:
Біреуден біреу артылса,
Өнер өлшеніп тартылса..
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді
/ «Әсетке»/
Махаббатсыз дүние бос
Хайуанға оны қосыңдар...
Тақырыпқа байланысты стратегиялық сұрақтар қою:
1.Дидактикалық поэзия дегеніміз не?
2.Үгітші,насихатшы, үйретуші ретінде ақын қандай өнеге тілге көшті?
3.Абайдың дидактикалық-философиялық шығармалар.
IІІ.Үйге тапсырма:Дидактикалық поэзиясының да,дидактикалық-философиялық қарасөздерінің де негізгі тілдік құралы-афоризмдер.