Та?ырыбы: С?збен танысайы?. Б?лімі: Сауат ашу ж?не жазу
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Сөзбен танысайық. 13 – бет
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің бірнеше дыбыстан құралатынын, дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқу іс-әрекетінің барысында орындалатын тапсырмалар арқылы ұжым болып, жұмыс істеуге баулу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: ойыншықтар, суреттер, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қостілділік компонент: сөз – слова, танысу – знакомить, дыбыс – звук
Іс-әрекет
кезеңдері Мұғалім іс- әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, қосылып айтады: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз! Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог «Не естідің?» дидактикалық ойыны арқылы оқу іс-әрекетін бастайды. Шарты: аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және балғаның дауысын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажырату:
- Сонымен, естіген дауыстарды тағы қалай айтуға болады? - Дыбыс.
- Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: а-а-а деп, а дыбысын созып айтуға болады, дауыс еркін шығады. Ал енді кейбір дыбыстардың айтылуы қысқа болады. Мысалы: д дыбысы. Кәне, бәріміз осы екі дыбысты жеке-жеке айтып көрейік. (Балалар а және д дыбысын айтады. А дыбысының еркін айтылатынын, ал д дыбысының өзін айта алмайтындарын, оны «ды» деп айтуға болатындығын айтады).
3. Педагог дыбыс туралы толық түсіндіргеннен кейін, дыбыстардан сөз құралатынын айтады және сөз туралы мағлұмат береді. Мысал келтіреді. «Ана» деген сөзге дыбыстық талдау жасалады. Ана сөзі үш дыбыстан тұрады. Балалардың өздеріне сөз құрату.
4. «Кім көп біледі?» дидактикалық ойыны. Ойынның бірінші кезеңінде балалар дыбыстарды айтып жарысады. Екінші кезеңінде дыбыстардан сөз құрастырып айтады. Көп сөз құраған бала жеңімпаз атанады. Сұрақтарға жауап беру.
5. Дәптердегі суреттердің (зымыран, машина, автобус, қоян, түлкі, тоқылдақ, аю, қарлығаш, торғай, үтік, кресло, шкаф) аттарын айтқызып, әр сөзде қанша дыбыс бар екенін анықтау.
6. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып сызу. Ойынды ойнайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ойынды ойнайды.
Үзік сызықтарды қосады.
Рефлексивті-түзетушілік ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. 1. Сөз құрату және дыбыстық талдау жасату. Мысалы: ара сөзі үш дыбыстан тұрады: а, р, а. 2. Дыбыс пен сөз туралы алған білімдері бойынша сұрақтар қойылады. Ойынды ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің бірнеше дыбыстан құралатынын, дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру.
Қандай түсініктерді игерді: Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұжым болып, жұмыс істеуге баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.