Та?ырыбы: К?з кереметі. Б?лімі: Сауат ашу ж?не жазу


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Күз кереметі 6 – бет
Мақсаты : күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастыру. Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия
Сөздік жұмысы: бау, бақша.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, слайдтар.
Қостілділік компонент: күз – осень, мезгіл – времена, адамдар – человеки
Іс-әрекет
кезеңдеріМұғалім іс- әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бірге қосылып айтады: Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек! Көңілді боп жүрейік! Шаттық
шеңберін
жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жұмбақтар шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)
Көк алма костюм киеді, күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)
3. Сөздік жұмысын жүргізу.
Бақ - әртүрлі ағаш (алма ағаштар, өрік, алмұрт) өсірілетін жер.
Бақша – көкөністер (қауын-қарбыз, қияр, т.б.) егілген жер.
4. «Дәміне қарай ажырат» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, қандай жеміс немесе көкөніс екенін табады.
ІІ. Негізгі бөлім. 1. Дәптермен жұмыс.
а) 6-7 беттердегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» тақырыптарында әңгіме құрастыру. Педагог балаларға жетекші сұрақтар қойып тұрады. Мысалы:
– Суретте күз мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?
– Бақта не өседі? (Алма, алмұрт, шие, т.б.).
– Бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады (Жемістер).
ә) Үзік сызықтармен берілген алма, алмұрт, шиені салу оларды бояу. (6-бет).
б) «Жемістерді себетке жина» дидактикалық ойыны.
Суретте бақта өсетін жеміс, көкөністердің және себетті сурреттері берілген. Себетке тек жемістердің суретін сызып арқылы себетке сызып көрсетеді.
в) Дәптердің 7 бетіндегі (бұрыш, сәбіз, қызанақ) көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосу және бояу. «Бірдей шелекті штрихта» тапсырмасын орындату.
2. Сергіту сәті: Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам, Дариядай шалқып жүр. (Қимылмен көрсетеді). Жұмбақты шешеді.
Ойынды ойнайды.
6-7 беттегі суреттерді әңгімелейді.
Үзік сызықтарды қосады.
Қимылмен көрсету.
Рефлексивті-түзетушілік ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы сабақтың тақырыптары пысықталады.1. Күздің қандай кереметін сездіңдер? 2. Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер мен көкөністер піседі? 3. Суреттен жемістерді атаңдар. 4. Көкөністер қайда өседі? Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастыру.
Қандай түсініктерді игерді: Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру