Сауат ашу. Мектепалды даярлы? сыныбы


Бекітемін Мерзімі: 26.02.2016ж
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әә дыбысы мен әріп таңбасын меңгерту. Ә ә дыбысын сөз ішінде тауып, дұрыс оқуға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Тұтас сөзді, мәтінді оқуға төселдіру. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін арттыру. Дыбыс, буын, сөздерді айыра білуге үйрету.ә) Дамытушылық: Жеке сөздерді оқуға, сөйлемдерді тез әрі дұрыс оқуға дағдыландыру. Оқушылардың ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын жетілдіруге ықпал жасау.б) Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, өзгенің еңбегін бағалай білуге, сауаттылыққа, көркем жазуға, әсемдікке баулу.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: Қима әріптер,интерактивті  тақта, сандар, оқулық, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, математика, айналамен таныстыру.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
Психологиялық дайындық:
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Әріптермен танысып,
Біз білімді боламыз
II. Өткенді қайталау. Жұптық жұмыс. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Ат Ата Нан Тау Апа Шаш Ара Тал Ас Ана Қар Шар
III. Жаңа сабақ. а) Қызығушылықты ояту. (Слайд)
Сонымен балалар біз бүгін «Ә» әрпімен танысатын боламыз.
ә) «Ә» дыбысын бірнеше рет айтқызу
б) Дәптермен жұмыс. Әә Әә Әә
Дәптерімізді  ашайық,
Қолға  қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
IV. «Сөз ойла,көп ойла» дидактикалық ойыны.
Балалар бір-біріне доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. Ә дыбысынан басталатын сөздер айтқызу.
V. Топтық жұмыс. Суретке қарап сөйлем құрап, сөзге дыбыстық талдау жасайды.
VI. Сергіту сәті. «Әліппе» әні (Слайд)
VII. Математикамен байланыстыра отырып тапсырма беру
1-ден 10-ға дейінгі сандарды өсу және кему ретімен орналастырады. Өрнек құрай отырып шешімін табады.
VIII. Қорытындылау. (слайд)
Ә - же ә – же ә – жем
Ә – ке ә – ке ә – кем
д – ә дә дә – рі дә – ке
к – ә кә кә – рі кә - де