«Б» дыбысы ж?не ?рпімен таныстыру» 
Ересек топ «Құлыншақ»                                         
Білім саласы: « Коммуникация»
Кіші сала:  Сауат ашу
Тақырыбы:   «Б»  дыбысы және әрпімен таныстыру»
Мақсаты:  БМ: Б дыбысымен  таныстыру, сөздер ойлату және ішінен «б» дыбысының қай буында тұрғандығын тапқызу, дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.ДМ: Балалардың  ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін дамыту.ТМ: Білімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:  сөйлем-предложение.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп талаптану 1 Балалар  біздің  бүгінгі  оқу  қызметіне келген  қонақтармен  амандасайық. 
Би-би-би                                       
 Кіп-кішкентай сәби 
Та-та-та                                   
 Отын жарар балта Ық-ық-ық                                             
Суда жүзген балық
Ақ-ақ-ақ
Қандай тәтті балмұздақ
1 Балалар    оқу  қызметіне келген  қонақтармен  амандасады. 
    Балалар артикульияциалық жаттығуды  тәрбиешімен  бірге  қайталайды.  2-3 рет  жаттығуды  орындайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс
    Тосын сый:  Судың  сарыны естіледі. 
- Балалар. Мынау ненің дыбысы?
Бақаның бақылдаған дыбысы естіледі.
- Ал балалар, енді  ненің дыбысы  естілді?
  - Балалар бізге бүгін  алыстағы көлден бақа да  қонаққа келіпті,неге келді екен сұрап көрейікші.(құлағы тосқан болады)
- Балалар бақа бізден бақаның қимылын жасауды,бақа туралы ән айтып беруді өтініп тұр.
Көңіл күйді көтеру кезеңі:
 
Тәрбиеші: Өте жақсы айттыңдар, балалар. Бақа  өзімен бірге  таспа / диск/ алып келіпті. Ішінде  не барын білгілерің келе ме ?  / интеракт  тақта  арқылы «Б» дыбсы мен  осы әріптен басталатын суреттер көрсетіледі. «Б» дыбысының жазылу үлгісімен танысады/ 
 
  - Балалар осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?
- Балалар осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші,не байқадыңдар?
- Балалар б дыбысын айту кезінде еріндерінің бір – біріне тигенін айтады.
- Жаңа дыбысты бір – біріне қарап дыбыстатып айтқызу.
- Б дыбысын созып айтып көрейікші,созып айтуға келе ме?
- Жоқ,б дыбысы созып айтуға келмейді.Б дыбысын Ы дыбысының көмегімен созып айта аламыз.
Тәрбиеші:
- Олай болса б дыбысы қандай дыбыс  екен?
- Дауысты ма,әлде дауыссыз ба?
- Балалар осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші,не байқадыңдар?
- Жаңа дыбысты бір – біріне қарап дыбыстатып айтқызу.
- Б дыбысын созып айтып көрейікші,созып айтуға келе ме?
- Жоқ,б дыбысы созып айтуға келмейді.
Тәрбиеші: Олай болса б дыбысы қандай дыбыс  екен?
- Дауысты ма,әлде дауыссыз ба? 
Б дыбысы сөздің ортасында, басында кездеседі.Мысалы; баба, бала, дорба, барабан.
- Олай болса бақаның тағы қандай  тапсырмасы  бар  екенін  білейік?
(құлағы тосқан болады) 
  
Тапсырма 
 Киюзенер таяқшасымен  Б  әріпін құрастыру. 
Игравизормен жұмыс.
Сөз құрамында  Б  әріпі кездесетін   суреттерді  қоршау.  
3   «Б»   дыбысы бар сөздерді  буынға бөліп , көк түсті қорапқа Б дыбысы сөздің басында кездесетін, сары түсті қорапқа  Б дыбыссы сөз ортасында кездесетін   сөздерді салу. 
  Сергіту  сәті:  Жануар  туралы ән тыңдап  қимылдарын салу
4 «Б» дыбысын көк түсті  үйге орналастырып, дауыссыз  дыбыстардың көк түсті текшемен белгіленетіні жайында түсінік беру.  Бақамен  қоштасу Балалар  қызығушылық танытады. Таңдана  тыңдайды.
-Судың дыбысы.
Бұл  бақаның  дыбысы,- деп қуана, жарыса жауап береді.
  Балалар  бақаның жүрәсән салады.
- Бақа,бақа балпақ.
Басың неге жалпақ?
- Темір телпек көп киіп
Басым содан жалпақ
- Бақа,бақа балпақ,
Бұтын неге талтақ?
- Су бетінде көп жүзіп,
Бұтым содан талтақ.
-Иа.  Таспаны  қосып көргіміз  келеді.
  
Б дыбысы сөздің басында тұр. 
 - Балалар б дыбысы дауыссыз екенін,ол көк текшемен белгіленетінін айтады.
 Балалар Киюзенер таяқшасын қолдана  отырып  «Б»дыбысын құрастырады.  
  Құрамында Б дыбысы  бар сөздерді  көк түсті маркермен қоршайды.
  3 тапсырманы  қызыға орындайды
  
Жануарлар туралы ән тыңдап,  қимылдарын салады
Балалар  бақамен  қоштасады.
Рефлексивті-коррекциялау   Ұйымдасқан оқу қызметін
 қорытындылау. 
Бізге не қонаққа келді
Бүгінгі оқу қызметінде  не істедік.
Б дыбысынан басталатын кандай сөздерді білесіңдер?
Ұйымдасқан оқу қызметіне атсалысқан балаларды мадақтау. -Бізге қонаққа  Бақа келді.
-Б дыбысымен   таныстық.
- 
Күтілетін нәтиже: 
Ұғынады: Б дыбысының  дауыссыз дыбыс екенін. Созып айтуға келмейтінің.
Түсінеді:  Дауыссыз дыбыстардың көк түсті текшемен  белгіленетінің.
Қолданады: Тапсырмаларды мұқият орындауды.