Ашы? саба? та?ырыбы: С?ЙЛЕММЕН ТАНЫСАЙЫ?
Күні:
5-сабақ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: СӨЙЛЕММЕН ТАНЫСАЙЫҚ
Сабақтың мақсаты: балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке бойынша сөйлем құрауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөйлемдер құрату арқылы балалардың ой-өрісін, сөздік Қорын, тілін дамыту.
Балаларды үғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Жазуға Қолдарын жаттықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар, буындар, үлестірмелі текшелер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар шаттық шеңберіне түрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Санжар, мен саған жақсылық тілеймін!
Жансая, мейірімді бол!
- Бақтияр, мен саған денсаулық тілеймін!
2.Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Өзі сондай нәзік,
Су құйсақ кетеді.
Алақанын жазып.
Шешуі: гүл.
Педагог гүлдің суретін көрсетіп тұрып, гүлге байланысты бірнеше сөз құрастыруын сүрайды.
-Гүл. Өсті. Әдемі. Баң.
-Дұрыс. Енді осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып айтып көрейік.
-Бақта әдемі гүл өсті.
Педагог осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырғандарын, сөйлемді қалай құрастыру керектігін, яғни жасалу жолын үйренетіндіктерін айтады. Жетекші сұрақтар қояды.
Гүл қайда өседі?
Гүл бақта өседі.
Бақта қандай гүл өсіп тұр?
Бақта әдемі гүл өсіп тұр.
Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.
Бақта өдемі гүл өседі.
- Сөйлем бірнеше сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
II. Негізгі бөлім.
1.Дәптерде берілген суреттер бойынша сөйлем құрастыру.(Асқар ұшақпен ұшты. Айгүл автобуста отыр. Ұшақ ұшты.Балалар трамвайға отырды).Суретте бейнеленген көліктердің ішінен артық затты тауып қоршау. (Артық зат: парта. Өйткені бірнеше көліктің суреті берілген. Парта көлікке жатпайды).2.Сергіту сәтін өткізу.
3. Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтардың шешуі болған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырту.
Темір түлпар гүрілдеп,Соқасын жүр сүйреп.
(Трактор)
Темір арба жолы - темір жол,Тек қала ішінде жүрер ол.
(Трамвай)
Дәптердегі автобустың дөңгелегі мен терезесін штрихтау. 11-беттегі сызықтарды сызу. «Машинаны гаражға кіргізу» тапсырмасын орындату.
Дәптердің 12-бетіндегі сурет бойынша әңгіме құрату және сол беттегі жазбаша тапсырмаларды орындау. III. Қорытындылау 1. «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог балаларға заттардың атын айтады, балалар аталған сөзді қатыстырып, сөйлем құрастырады. Ойын соңында шапшаң әрі көп сөйлем құрастырған бала жеңімпаз атанады.