Ата-аналар?а арнал?ан психологиялы? тренинг Кел, танысайы?!


МКҚК “Сандуғаш” бөбекжай-балабақшасы

(Ата-аналар жиналысы)
Балабақша психологы:Зедляева К
2016-2017 оқу жылы




Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг:
Мақсаты:   Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.  Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру.
«Кел, танысайық!»
«Танысу» : Әр ата-ана өз есімін атап және баласының есімін айтып, қай топта тәрбиеленетінін айту
«Мозаика »
Мақсаты:Ата-аналарды біріктіріп, өзара сенім құру,айналасындағы адамдармен, ортамен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру.
Пішіндер (ұшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш) таңдатып, әр пішіннің психогеометриялық мағынасын айтып беру және ата-анаға, қатысушыларға әр таңдаған пішіні бойынша топтасып, бір затты құрастыруға ұсыну.
Дөңгелек
Мифологиялық үйлесімнің белгісі. Бұл белгіні таңдаған адам ең алдымен адамдар арасында қарым- қатынасқа көңіл аударады.Дөңгелектер үшін бағалы нәрсе адамдар, олар осы бес кескіннің ішіндегі «адал ниеттісі» қасындағы жолдасын қандай да қиын жағдайда тастамайтын, сатпайтын сенімді адамдар. Кез – келген адаммен тез тіл табыса алады. Басқаның қайғысын, қуанышын өз басындағыдай сезінеді, сондықтан да оларға бәрі жақын жүргісі келеді. Олар адамның ойын тез сезеді Әр адамның көңілінен шығуға тым көп. Сол үшін кейде өз пайдасынан да бас тартуға дайын. Адамдар арасындағы келіспеушілік олардың жанына қатты батады. Арада ұрыс – керіс бола қалса, өзі қол ұсынады. Бұлар саяси ойындарда әлсіз келеді. Бірақ бір нәрсеге бекем, ол - әділдік пен әдептілік. Дөңгелектерді туа біткен психолог деуге болады.
Үшбұрыш
Бұл көшбасшылықтың белгісі. Бұлардың мінезіндегі ең басты ерекшелік, ол өзінің алдына маңызды мақсат қоя біледі. Олар қайратты мақсатқа жету үшін көп еңбектенетін адамдар. Бұлар барлық жағдайда тез бейімделеді. Ұсақ – түйекке көп көңіл бөлмейді, бірден негізгі мәселеге көшеді. Үшбұрыштар өзіне сенімді адамдар, сондықтан әрқашан өз шешімдерін дұрыс деп санайды. Бұлар өздері үшін ғана емес, басқалар үшін де шешім қабылдағанды ұнатады. Сондықтан үшбұрыштар өздері сияқты адамдармен бәсекелес болады. Сабырлы, тәуекешіл сондықтан жәй шешім қабылдағанды ұнатпайды. Үшбұрыштар үшін өз қателіктерін мойындау өте қиын. Пайдалы хабарды тез қабылдап, қойған мақсатына жетуге асығады. Бұлар өте мәнсапқор адамдар. Бір істі бастамас бұрын өздеріне сұрақ қоя біледі. Үшбұрыштардан жақсы менеджерлер шығады. Олар басшыларға жасаған жұмыстарын көрсете біледі. Пайданы сезе біледі.
Тіктөртбұрыш.
Бұлар құбылып, өзгеріп тұратын адамдар. Бұл қазіргі уақытына қанағаттанбайтын адамдар, сондықтан да үнемі ізденіс үстінде болады. Бұлар тұрақты шешім қабылдамайды, алдын ала жоспарлауды білмейді. Олардың мінезі жиі өзгеріп тұрады. олар өзін - өзі бағалауы төмен болады. Құбылмалы мінезінің арқасында айналасындағы адамдар оларға сақтықпен қарайды. Оның жағымды жақтары: қызығушылық, батылдылық, бұрын жасамаған істі қолға алады. Ойлауға деген, өмірге деген қабілеттілігі пайда болады. Бірақ, бұлар көбіне тым сенгіш, әрі аңқау болады.
3. «Менің балам» Әр ата-анаға ақ парақтар ұсынып, сол парақшаларды ортасынан бір бүктеп, баланың мүсінін қиямыз, оң қолына балаңыздың жақсы қасиеттерін және сол қолына балаңыздың жағымсыз қылықтарын жазыңыз.
4 . Презентация. «Құмырсқа» бейнеролик көрсету.Осы жазбадан нені ұққандарын сұрау.Ата-аналар жауаптары тыңдалады.
5.“Екі жұлдыз, бір тілек” Ата-аналар өткізілген тренинг туралы ойлары мен ұсыныстарын стикерлермен бағалау.Жұлдызшаға ұсыныс, пікірлерін жазып, тілектерін ауызша айту.
Қорытынды.
Бүгінгі тренингімізді аяқтап, аспанымызда жұлдызымыз жарқырап, әдемі ойын алаңында, балаларымыз көңілді ойнап жүргендерін көріп тұрмыз, әрқашанда осылай бола берсін!.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып,отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін демекпіз.Келесі кездескенше күн жақсы болсын.