Ашы? саба? Орындал?ан арман
Сабақтың тақырыбы: Орындалған арман. С. Көбеев.
Мақсаты:Әңгімені оқуға, кейіпкерлердің мінез – құлқының іс - әрекетінің мәнін ашуға, оқырмандық көзқарасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Сұрақтарға нақты жауап береді. Қиялдайды, арманын айқындайды. Мәтінді оқиды, түсіндіреді, топта талқылайды..Сабақ бойынша не білетіндерін, нені білу керектігін кері байланыс парағына түсіреді. Сауалнама арқылы өздерін бағалай алады.
Керекті жабдықтар: Оқулық, , маркер. Автор суретті, Интерактивті тақта,бағалау парақтары
Әдіс - тәсілдері:Бағалау парақтары. Венн диограммасы.
Сабақ барысы:
(Оқушылармен амандасу, топқа бөлу)
Психологиялық сәт.
(көңілкүйлерінбілу)
Үй тапсырмасын сұрап бағалау «Қазына көтерген бала» авторы :Әнуар Жапаров.
Әнуар Жапаров туралы не білдік?
1 топ Әңгімедег і кейіпкерлерді атайды
2 топ Кейіпкерлер қандай сұраққа жауап іздеді?
3 топ Әңгіме қалай басталды?
Осы әңгімеден не ұқтық?
Сергіту сәті:" Көңілді күн."
Оқушылардың назарын сабаққа аударды.
Әр оқушы үй тапсырмасы үшін бағаланып отырады
Жаңа тақырып;
Орындалған арман.
Арман деген не?
Автор туралы мағлұмат беру
Автор: Спандияр Көбеев өмір деректері мен еңбектері туралы айту.Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны.
«Орындалған арман»атты әңгімесінен үзінді оқимыз.
Оқулықпен жұмыс .
Оқушыларға дауыстатып оқыту
Топтарға тапсырма:
1 топ Әңгімеден Хамза Қаржасовтың сөзі бұларға неге ұнамады?
2 топ Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?
3 топ әңгіме неліктен «орындалған арман»деп аталған?
Бұл әңгімеден Спандиярдың қандай арманы орындалған?
Дәптермен жұмыс.
1 топ .Әңгімеден байға байланысты айтылған сөздерді
2топ.Кедейге байланысты айтылған сөздерді теріп жазамыз
3топ.Спандияр Көбеевтің оқуға қабылданғаннан кейінгі сөзі.
Қорытынды:
"Менің атым Қожа" фильмнен үзінді.Менің арманым.
Эссе жазу"Армансыз адам қанатсыз құспен тең".
-Ия балалар армандарың орындала берсін.
Бағалау.
Топ басшылары бүгінгі сабақта қатысқанына байланысты бағалайды
Мұғалім топ басшыларын бағалайды
Оқушыларды топ басшыларына бағалату.