?дебиеттік о?у п?нінен С.К?беев Орындал?ан арман саба? жоспары
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «Ә»
Күні: 18.11.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы : «Орындалған арман» Спандияр КөбеевСабақтың мақсаты: Оқушыларды әңгімені түсінік бере отырып, оқуға, кейіпкерлердің мінез – құлқының іс - әрекетінің мәнін ашуға итермелеу, оқушы бойында оқырмандық көзқарасын қалыптастыру.Күтілетін нәтижелер: - сұрақтарға нақты жауап береді;
қиялдайды, арманын айқындайды;
- мәтінді оқиды, түсіндіреді, топта талқылайды;
- сабақ бойынша не білетіндерін, нені білу керектігін кері байланыс парағына түсіреді;
сауалнама арқылы өздерін бағалай алады.
Керекті жабдықтар: Оқулық, постер, маркер, автор суреті, интерактивті тақта, бағалау парақтарыӘдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, Ассоциация құру, Кубизм. Модульдер: АКТ, бағалау, диалогСабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті, Оқушы әрекетіСабақ барысы: Кіріспе(Оқушылармен амандасу, топқа бөлу)
Орталықтарға бөлініп, орталықтың басшылары сайланады. Үш қатардан топ басшылары шығып, қалта ішіндегі орталықтың аты жазылған қағаздарды алып оқиды.
1 топ- «Оқу» орталығы
2 топ-«Жазу» орталығы
3 топ-«Өнер» орталығы
Орталықтың аттары тақтаға ілінеді. Топ басшыларына ұпай есептейтін бағалау парағы беріледі. Олардың міндеті – жауап берген өз тобының балаларын белгілеп отыру.
Жиналған фишка сабақ соңында саналып, әр орталықтың ұпайы шығарылады. Орталықтың аты жазылған әрбір қалташаға ұпайды салып отырады.
Психологиялық сәт:(көңіл күйлерін білу)
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
Үй тапсырмасын сұрап бағалау.
«Дүниеде жамандық неден?» авторы Ыбырай Алтынсарин мәтінді рөлге бөліп оқыту.Ыбырай Алтынсарин туралы не білдік?1.Әңгімедегі кейіпкерлерді атайды.2. Кейіпкерлер қандай сұраққа жауап іздеді?3. Әңгіме қалай басталды?4. Қарға мен көккептердің әңгімелерін айту
5. Жылан мен Бұғының әңгімесін айту6. Ақжүректің сөзімен аяқтауОсы әңгімеден не ұқтық?
Жаңа тақырып: Орындалған арман С.Көбеев«Ребус» шешу.
Ара, алма, нан суреттері беріледі, керек емес әріптерін алып тастап «арман» сөзін шығарып алады.
Арман деген не?
Ассоцияция құру.
Сендердің армандарың не?
Осы армандарың орындалу үшін не істеу керек?
Міне, бүгінгі өтетін сабағымыз оқушының арманы туралы, Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» атты өзі туралы жазылған мемуарлық шығармасынан үзіндісін оқимыз.
Автор туралы мағлұмат беру.
Спандияр Көбеев - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда – қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады.1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады.
С.Көбеевтің соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы.Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді 3 топқа бөліп оқыту.
1топ - Спандиярдың оқушылар тізімінен алынуы.
2 топ – Меңгеруші мен болыстың сөздері.
3 топ – Спандиярдың мектепке қабылдануы.
Түсінгендерін әр топтан бір баладан шығып айту.
Топтарға тапсырма:
1топ- Бөлімдегі айтылатын негізгі ойды айту.
2 топ- «Егер мен меңгеруші болсам...» тақырыбында эссе жазу.
3 топ- Спандиярдың қуанған сәтін көрсету.
Сергіту сәті – «Көңілді күн»
Шығармашылық тапсырма.
1топ – оқу, білім туралы мақал-мәтелдер айту
2 топ - арман туралы 1 шумақ өлең шығару
3 топ – мектептің болашағын қалай елестетесіңдер? Сурет салу.
Сабақты бекіту.
«Кубизм» әдісі арқылы. Текшелерге сұрақтар жазылып топтарға беріледі.
1.Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?2.Әңгімеден Хамза Қаржасовтың сөзі бұларға неге ұнамады?3.Салмұғамбет Спандиярмен оның әкесіне не деді?4.Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп жүзі сұп - сұр болып кетті?5.Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?6.Әңгіме неліктен «орындалған арман» деп аталған?
Бағалау.Топ басшылары бүгінгі сабақта қатысқанына байланысты бағалайдыМұғалім топ басшыларын бағалайды
Үйге тапсырма: С.Көбеев «Орындалған арман» мәтінін оқу, «Менің арманым» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Рефлексия.Оқушылар осы өтілген сабақ бойынша не білгендерін, нені білгілері келетінін стикерлерге жазады да кітаптың бетіне жапсырады.