Ашы? саба? Біріккен с?здер (6 сынып)
«Қарабұйрат орта мектеп- бақша» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Айтқожанова Гаухар Слямбековна
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақ мақсаты Бұрынғы білетіндерін еске түсіре отырып, біріккен сөздердің түрлерін ажыратады, тереңірек түсінік алады.
Біріккен сөздердің түрлерін ажырата білуді үйрету.
Біріккен сөздерді іс жүзінде қолдана білу.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сергіту сәті: «Менің жүрегім қуанады», «Менің жүрегім мұңаяды»
Сынып ішінде, оқушылар арасында жақсы ахуал тудырып, оқушылардың көңіл-күйін анықтау тренингін ұйымдастырамын.
ІІ Топтарға бөлу. Берілген суреттер арқылы «Мәдениеттілік» және «Адамгершілік» болып екі топқа бөлінеді
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
«Журналистер мен білімділер» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеремін. Екі топ оқушылары «Дара және күрделі сөздер» тақырыбында сұрақтар қоя отырып, бірін-бірі бағалайды.
ІҮ. Қызығушылықты ояту, миға шабуыл
Балалар тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар?
ТАСБАҚА. ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ.
- Бұл сөздер қалай жазылған?
- Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.
Ү. Мағынаны тану Слайдпен жұмыс
Б.Блум таксономиясы.
А)Білу. Бастауышта алған білімдерін еске түсіріп, кластер құрастырады.
1781175478790Біріккен сөздер
00Біріккен сөздер
274320099885500119062572199500383857572199500274320017399000
Ә) Түсіну. Жаңа тақырып слайд арқылы көрсетіледі, оқулықтан жаңа тақырыпты оқиды бірінші топ біріккен сөздердің түрлерін, екінші топ біріккен сөздің білдіретін атауларын оқып, талдайды. Оқушыларға флипчарт, маркер, фломастерлер беремін. Топта талдап, жобаларын қорғайды.
Б) Қолдану. Біріккен сөздер білдіретін атауларды топтастыру, кластер құру. Мәтінмен бірінші топ біріккен сөздерді, екінші топ кіріккен сөздерді оқып, танысуға бағыттаймын.
В) Талдау. Оқулықпен жұмыс. 79-жаттығу. Мақсаты: :
І топ түбірі өзгермейтін біріккен сөздерді жазу,
ІІ топ түбірлері дыбыстық өзгеріске ұшыраған сөздерді жазу
Г) Жинақтау. Кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау: берілген сөздерді сәйкестендіріп, біріккен сөз құрау. (жұппен жұмыс).
біріккен сөздердің түрлерін ажырату(жеке тапсырма,Т жәнеД)
Д) Бағалау. «Суретшінің ойы» әдісі бойынша көрініске біріккен сөздерді енгізе отырып әңгіме жазады, оқиды, келесі топ бірікен сөздерді табады, түріне қарай ажырату.
Қорытынды:
Біріккен сөздерге кластер құру
Рефлексия
Кері байланыс.Сабақ туралы оқушылар алған әсерін және алдағы уақытта үйренгісі келетін ұсынысын жаза алады
Нені білемін Не білдім Нені білгім келеді
Үй тапсырма беру ереже жаттау,
«Туған өлкем» тақырыбына эссе жазу
Сабақты бағалау Формативті бағалау,
Топты бағалау, спикерді бағалау, жұпты бағалау, өзін-өзі бағалау.