Мені? бейнем к?сіптік ба?дар беруге арнал?ан саба?-тренинг


МЕНІҢ БЕЙНЕМ
Сен өзгерсең, сенің айналаңдағы әлем өзгереді.
Мақсаты: Топпен танысуды ұйымдастыру,жұмыс дағдыларын қалыптастыру
Әдістер: арт терапия, қоғалмалы ойындар, релаксация.
Қажетті құралдар: магнитафон, таза парақ, түрлі-түсті фламастерлер, қалам және қарындаш.
І Ұйымдастырушылық кезең
«Менің есімім – менің жақсы қасиетім» жаттығуы
Мақсаты: сәлемдесу.
Мазмұны: тренер мен қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Шеңбер бойымен әр қатысушы өзінің емісін және есімінің бастапқы әрпінен басталатын жақсы қасиетін айтады. Сөйтіп барлық оқушылар өздерінің есімін және жақсы қасиетін кезекпен айтып шығады. (5 мин)
ІІ Негізгі кезең
"Шеңбер бойынша сурет» жаттығуы
Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып өзіміздің суретімізді саламыз. Сурет бойынша қорытынды: идеялды адам суретін саламын деп кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген өзіміздің қоршағандардың бейнесі». В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа дейін жеткізбе!" дегендей, «ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде болады.
Мен қандай адаммын ?
Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі .
Менің қиыншылықтарым
 Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі .
Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі
Мен саған сенемін
  Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың (10 мин)
«Арқадағы парақ» жаттығуы (4 мин)
Мазмұны: «Шынымен де, барлық адамға ол туралы басқа адамдарың не ойлайтыны қызықты болып табылады. Бірақ сізге бетпе-бет келіп, сіз туралы барлық шындықты айту барлығының қолынан келе бермейді. Бұл жаттығу оыдай қиындықтарды жеңуге көметеседі.
Сіздердің әрқайсыңыздың арқаларыңызда ақ парақ жабыстырылған. Сіздер кабинетте еркін қозғалып, өзіңізді қызықтырған немесе жағымды эмоция удырған адамның жаңына барып, арқада жабыстырылған параққа сол адам турады пікірлеріңізді жазасыздар.
Ал енді баяу бөлмеде қозғалуды бастаңыздар.
Қорытындылай келетін болсақ, қалаған адамдар өзі туралы жазылған ақ парақтағы пікірді оқысын. Ал енді бұл ойын барысында шынайы болғандар қол көтеріңіздерші.»
«Сілкіп таста» жаттығуы
Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату
Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.
Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “Менің қолымнан келмейді, мен өзімді күшті деп санаймын” деген сияқты 4 мин
ІІІ Қорытынды кезең
«Ең жақсы...» релаксациясы (5 мин)
Қорытындылау (2 мин).
IV. Псидиагностикалық жұмыстар
Темперамент типін анықтау тестін орындап, нәтижесін талдау (Темперамен типтері А.Белова бойынша)
(Қосымша №1)