Спорт ??ралдармен жасалынатын жатты?улар


3 сынып
Сабақ №
Уақыты:
Тақырыбы: Спорт құралдармен жасалынатын жаттығулар
1) Гимнастикалық жаттығулар кешенін жетілдіру;
Сабақтың мақсаты: 2) «Доп шеңбермен» ойынын ойнату;
3) Икемділік қасиеттерін дамыту;
4) Сымбаттылыққа тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: Түрлі доптар, секіртпелер
Өткізілетін орын: Спорт зал
№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлім 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға сабақтың тақырыбын түсіндіру
Қауіпсіздік шараларын ескерту
2. Жүру және жүгіру жаттығулары.
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру
- Екі қол белде өкшемен жүру
- Екі қол алда аяқтың сыртқы қырымен жүру
- Екі қол желкеде ішкі қырымен жүру
3.Жүруден жүгіріске көшу.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол жанмен жүгіру
-Аяқты артқа лақтыра жүгіру
-Тізені көтеріп жүгіру
-Аяқты қайшылап жүгіру
- Ұзын адыммен созылып жүгіру
-Жылдамдыққа жүгіру
-Тыныс алу жаттығулары 10 мин Спорт киімдеріне назар салу
Мұрынмен дем алу
Денені түзу ұстауларына көңіл бөлу
Арақашықты сақтау
Бір бұрыштан, екінші бұрышқа
Терең тыныс алуды қадағалау және қалпына келтіру
Негізгі бөлім 3. Спорт құралдармен жасалынатын жаттығулар.
-Допты жоғары лақт. айнала бұрылып қағып алу
- Осы жаттығу қолды шапалақ ұрып допты қағып алу
-Допты жоғары лақт. отырып тұру
- Допты жоғары лақт секіре аяқтын астынан шапалақ ұру, қағып алу
- Қолды алдыға созып, алдыға иілу, допты еденге соғып, қағып алу
-Бір біріне арқаларын беріп, допты оң және сол жақ жаннан, жоғары-төменнен беру
4. «Доп шеңбермен» ойыны.
Сағат тілі бойынша бірнеше волейбол доптарын бір-біріне лақтыра жағалатып жүргізеді. Допты қаға алмай, түсіріп алған оқушы ойыннан шығады. Ойын соңғы екі оқушы қалғанша жалғасады 20 мин
10 мин Аяқ кеңдігін иық көлемінде ұстау.
Әр жаттығуды мұғалімнің көрсетуімен нақты орындау.
Допты келесі ойыншының қолына тура лақтыру.
Қорытынды бөлім 5.Сапқа тұру.
Тыныс алуды қалпына келтіру
6.Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру, бағалау 5 мин Ерекшеленген балаларды айтып өту Таңертеңгілік жаттығулар Саппен киінетін бөлмеге бару