Орта мерзімдік жоспар Жылу ??былыстары тарауы 8 сынып



Орта мерзімдік жоспар
№ Тақы-
рыптар мазмұны Модуль Блум таксономиясы бойынша мақсаттар Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары Жұмыс түрі,
әдіс-тәсілде-
рі Оқып үйренудің нәтижесі Ресурстар
көрнекі-
ліктер
әдебиет-
тер. Баға-
лау.
1. Балқу температурасы.
Меншiктi балқу жылуы. оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау, АКТ-ны қолдану. Білу Сабақта қатты заттардың балқу температурасын және меншікті балқу жылуын білу керек.
Түсіну. Әртүрлі заттардың меншікті балқу жылуының бірдей болмайтындығын түсіну керек.
Қолдану. Заттардың меншікті балқу жылуының формуласы мен кестесін есеп шешуде және практикада қолдану.
Талдау. Меншікті балқу жылуының меншікті жану жылуымен қандай ұқсастығы мен айырмашылығын табу керек.
Жинақтау. Меншікті балқу жылуының тұжырымын жасату.
Бағалау. Балқу температурасы мен меншікті балқу жылуының қажеттігін анықтау.
балқу мен қатаю кезінде энергияның өзгеруін түсіндіру, меншікті балқу формуласын тұжырымдау, кестені пайдалануды үйрету оны есеп шешуде қолдану, логикалық ойлау қабілетін дамыту. топтық жұмыс, қысқа мерзімді тест орындау балқу мен қатаю айырмашылы
ғын біледі, материалды сараптайды, жинақтайды есепті тиімді жолдармен шешеді, тест арқылы логикалық ойлауға дағдыланады.
бірлесіп жұмыс жасап үйренеді оқулық, (Б.М.Дүйсембаев)
электрондық оқулық,4-кесте
9-жаттығу түсіндіре отырып өзін-өзі бағалау, өзгені де бағалау.
2. Будың пайда болуы. Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған буларДиалогтық оқыту, АКТ- қолдану. Білу. Газдың қасиеттерін еске түсіре отырып, будың түрлерін, конденсация және будың пайда болуын білуі керек.
Түсіну. Будың табиғатта қалай пайда болатындығын түсінулері керек.
Қолдану. Күнделікті тұрмыста конденсацияның және буланудың колданылуы. Будың түрлерінің қысымға байланысты өзгеруін көрсету.
Талдау. Булану мен конденсацияның, қаныққан және қанықпаған булардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру.
Жинақтау. Булану мен конденсацияның анықтамаларын тұжырымдау.
Бағалау. Булану мен конденсацияның күнделікті өмірдегі маңызын білу. Будың пайда болуын, түрлерін және конденсациясын білу. топтық жұмыс,
зерттеушілік әңгіме, АКТ Қаныққан және қанықпаған булардың айырмашылығын сараптайды, булану мен конденсацияның бір-біріне кері байланыстылығын түсінеді. Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас қалыптасады. оқулық, (Б.М.Дүйсембаев)
электрондық оқулық, 5-кесте
47-сурет
10-жаттығу
топтардың бірін-бірі бағалауы
3. Ауаның ылғалдылығы. Ылғалдылықты өлшеуге арналған құралдар. АКТ-қолдану
сын тұрғысынан ойлануға үйрету, оқыту үшін бағалау. Білу. Табиғаттағы судың булануын еске түсіре отырып, ауаның ылғалдылығын білу керек.
Түсіну. Ауаның ылғалдылығын және оны өлшейтін құралдардың жұмыс істеу принциптерін түсінуі керек.
Қолдану. Атмосферадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығының формуласын есеп шығаруда қолдану. Психрометрлік кестемен жұмыс істеп үйрену және кестеден керекті мәліметтерді ала-алу керек.
Талдау. Психрометр мен гигрометрдің жұмыс істеу принциптерін біле отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын таптырту.
Жинақтау. Салыстырмалы ылғалдық пен шық нүктесінің анықтамаларына тұжырым жасату.
Бағалау. Атмосферадағы ылғалдылықтың адам өміріндегі маңызын білу керек.
ауаның ылғалдылығы туралы ұғым қалыптастыру, қысым мен температураға байланысты өзгеруі, ылғалдылықты өлшейтін құралдармен танысу. жұптық жұмыс, АКТ-колдану,
әңгіме-дебат Ығалдылықтың не екенін біледі, қысымға байланысты өзгерісін түсінеді, ылғалдылқты өлшейтін құралдардың құрылысы мен жұмыс істеу принципімен танысады. оқулық, (Б.М.Дүйсембаев)
электрондық оқулық, Психрометрлік кесте-11
48,49-суреттер
өзін-өзі және бірін-бірі бағалау
4. Қайнау. Меншікті булану жылуы. Дарынды және талантты оқушыларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, көшбасшылық және оқытуды басқару. Білу. Қайнауды және меншікті булану жылуын білу керек.
Түсіну. Молекула-кинетикалық теория тұрғысынан қайнау мен меншікті булану жылуын түсінуі керек.
Қолдану. Заттардың меншікті булану жылуының формуласы мен кестесін есеп шешуде және практикада қолдану.
Талдау. Буланудың екі тәсілін салыстыру.
Жинақтау. Меншікті булану жылуының тұжырымын жасату.
Бағалау. Қайнау мен меншікті булану жылуының қажеттігін анықтау.
қайнау, меншікті булану жылуы туралы түсінік қалыптастыру, меншікті булану жылуының формуласын тұжырымдау, кестелерді қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету. топтық жұмыс, АКТ-қолдану, зерттеушілік әңгіме,
инсерт қайнау, меншікті булану жылуы туралы түсінік қалыптасады, заттың агрегаттық күйлері тарауынан алған білімдерін сараптайды, меншікті булану жылуына қатысты есептерді шығарып үйренеді, кестені пайдалана алады. оқулық, (Б.М.Дүйсембаев)
электрондық оқулық, 6,7-кесте
50-сурет
11-жаттығу
өзін-өзі және бірін-бірі бағалау