Урок на тему Біржан сал Абай ауылында
Сабақтың тақырыбы: «Біржан сал Абай ауылында»
(Біржан мен Абай жақындастығы)
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімдік: Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып - үйретудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу;
2. Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу;
3. Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрін білуге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, СКТ, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, іздендіру, т.б.
Сабақтың түрі: Іскерлік дағдыны қалыптастыруПәнаралық байланыс: музыка, тарихКөрнекіліктер: Абай, Біржан портреттері.
Сабақтың барысыІ. Психологиялық дайындықЖүсіпбек Елебековтың орындауындағы Біржанның «Жанбота» әні тыңдалады.
Сабақтың эпиграфы
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..
(Абай)
ІІ. Не білеміз?
1) Мазмұндық жоспар бойынша мазмұндау (баяндау)
1) Абай аулының қадірлі, сыйлы қонақтары2) Ән тербеген Абай
3) Біржан салған «Жанбота» әні4) Әмірдің орындауындағы «Жиырма бес»
5) Біржан шәкірттері6) Әйгерімнің әні7) Ұлжанның Біржанға бата беруі8) Біржанның Абай ауылынан аттанып кетуі2) Өткен сабақпен тақырыптық байланыс
«Зымыран сұрақтар» (Сұрақ-жауап)
1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты? (Телғара)
2. Абай: «Бар, көр. Шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын»,- деп, Біржанға кімді жұмсады?
3. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» Кімнің сөзі? (Біржан)
4. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі? (Абай)
5. «Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?...»- деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді? (Біржан «Жанбота»)
6. Шығармадағы типтік образды ата. (Абай)
7. Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? (қонақжайлылық, бата беру)
8. Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім? (Ұлжан)
9. Керімбала:
- Тағы бір ауыз!- деп еді.
Оралбайға:
- Тағы! Тағы! –деп Біржан да ықыласпен айтты. (диалог)
10. Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән?
(«Жиырма бес»)
ІІІ. Не білгіміз келеді? (Іздендіру)
Біржан сал Қожағұлұлы. (1834-1897)
Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
1) Біржан мен Абай жақындастығыақындана
әншіақынсазгерұстазағартушыөнерпазойшылсал
шешенсатирик
аудармашыайтыскердраматург
2) «Тұжырым» кестесі бойынша жұмысШығарма мәтінінен Абай мен Біржанға қатысты іс-әрекеттерді тауып жазып, сол әрекеттеріне қарай бағалаңдар.
Кейіпкерлер.Іс-әрекеті. Адами қасиеті.
Абай
Біржан3) «Біржан сал Абай аулында» (М.Әуезов) әңгімесіне сатылай кешенді талдауТақырыбыАвторы
КейіпкерлеріПортреттеріӘңгімедегі көркемдеуіш құралдарІІІ. Не білдік? (Топтастыру)
- Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе?
- Олай болса, өнердің қандай түрлерін білеміз?
мүсін өнері, сөз өнері ән, би, бейнелеу, сәулет, қолөнер, күй.
- Абай мен Біржан өнері бүгінгі күнге қалай жетті? Оны жеткізген кімдер?
Оралбай, ӘмірӘкімқожа, Балбала
Үмітей, Керімбала- Біздің мектебімізде өнер насихаттала ма? (Мектептегі өнер үйірмелері туралы әңгімелеу)
- Бізге, мына сендерге, өнерлі болуға мүмкіндік бар ма?
Оқушыларды бағалау
Қорытынды• Өнерліге өріс кең.
• Өмірде кең бол,
Өнерде өр бол.
• Өнерге қызығу орынды, қызғану –күнә.
• Өнер бәйгесі үнемі тігулі.
• Өнеге желісі үзілмесе, өнер өрісі де үзілмейді.
- Ендеше, екі ұлы - Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақ та өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек.
Үй тапсырмасы. «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбына шағын шығарма жазу.