Ашы? саба? ?аза? ?дебиеті та?ырыбы К?ксерек 7 сынып


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7а
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу;
“Көксерек” әңгімесін қайталай отырып, алдыңғы алған білімдерін тиянақтау.Қасқыр туралы пайымдаулар жайында ой жинақтау.
Дамытушылық: Сөздік қорларын байланыстырып сөйлеу
дағдыларын дамыту, бір пікірге келу, өз пікірін дәлелдей
білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды бірлесе жұмыс жасауға, яғни ұйымшыл-
дыққа және қарым-қатынас шеберлігіне баулу.
Сабақ түрі: Қайталау сабағыСабақтың әдісі: сұрақ – жауап,топпен жұмыс,жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс,мақал – мәтелдер,кері байланыс,
Технология:АКТ,СТО , Дамыта оқыту технологиясыКөрнекіліктері: Ақын портреті, слайд, бейнефильм, үлестірме қағаздар.
. Сабақтың барысы: 
I..Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық тренинг.1.Амандасу 2.Оқушылардың сабаққа қатысу денгейін анықтау 3.Құрал жабдықтарын тексеру ,топқа бөлу.Мұғалім : -Сәлеметсіздер ме балалар?. Отырыңыздар. Оқушылар назарын сабаққа аудару.  Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз». Оқушылар сабақты бір - біріне смайлик доп арқылы жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді. - Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.  Суреттер арқылы топқа бөлу біз қазір топ болып, 2 топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.1-топ «Құрмаш»
2-топ «Көксерек»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Видеоролик «Көксерек» фильмінен үзінді Тақтадағы бейнефильмге назар аударайық. Бүгін сабағымыз. Әуезовтің әңгімелерінің ішіндегі тілі жатық жазылғаны «Көксерек» әңгімесі. Ал бүгінгі сабағымызда тақырыпты қорытындылаймыз. Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгеріп түсінгендеріңді байқаймыз.Ол үшін дайындалған сұрақтарға жауап береміз
2. Мағынаны тану.  Жеке, Топпен жұмыс жасап келесі сұрақтарға жауап беріледі.
І Бөлім: Қасқырлар мекені.
1.Қасқырлар қай жерді мекен етті?
-Олар немен және қалай қоректенді?
ІІ Бөлім: Екі аяқтылар қатыгездігі. Бөлтіріктер тағдыры.
2.Мүйіз тұяқтылармен келген екі аяқтылар қандай қатыгездік жасады?
3.Неліктен бөлтіріктерді көздеріне қарап өлтірді?
ІІІ Бөлім: Құрмаштың мейірімі.
4 .Құрмаш Көксерекке қандай қамқорлық жасады?
5.Ал Көксерек қандай тағылық қылықтар көрсетті?
ІҮ Көксерек-ауыл тұрғыны.
6.Көксерек қандай қорлық көрді?
.Ала төбеттен қалай кегін алды?
Ү. Көксеректің ауылдан кетуі.
Ұяласымен табысуы.
7. Көксерек ұяласымен қалай табысты?
ҮІ Қараадыр еліндегі мазасыздық. Тағылардың тағылық істері.
8.Қараадыр елінде неге қайтадан мазасыздық туды?
-Тағылар қандай тағылық іс жасады?
ҮІІ Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.
9. Құрмаш қалай қаза болды?
10 .Көксерекке қандай жаза берді?
III. Сергіту сәті
IV. Топтық жұмыс. Постер құру.
1.1. Қасқырдың қасиетін суреттеңіз.
2. Адамдардың қасиеттерін суреттеңіз.
V.Шығармашылық жұмыс
Ой толғаныс: Еркін жазу стратегиясы.
Егер мен автор болсам...
(Әңгімені көңіл-күйді көтеретіндей етіп аяқтау)
VI.Сабақты бекіту.
«Сиқырлы сандықша» сұрақтары:
Өтілген тақырыпқа байланысты әр топқа бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
3. Көксерек ауылдан не үшін қашып кетті?
4. Көксерек Құрмаштан көрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
5. Құрмаш қалай қаза болды?
6 Көксерек туралы ел адамдары не деді?
VII.Сабақты қорытындылау.
Адам,жануар –табиғат жаратылысы. Олар өмір сүру үшін,ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді. Қасқырлар жыртқыш да болса тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу,бөлтіріктерін өлтіру-адамның табиғатқа жасаған қиянаты.

«Табиғат – тал бесігің»
Табиғатты аялаңдар, адамдар!
Жыртқыш болсын, мейлі өскен бұлаңдап.
Жер-ана да көздің жасын бұлайды,
Жапа шексе перзенттері – құс-аңдар
VIII. Өзін-өзі бағалау.
Рефлексия .
IX. Үйге тапсырма беру «Менің әңгімеден алған әсерім». Эссе
.

КММ Преображенка орта мектебі

Ашық сабақ
Тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі.
Қазақ әдебиеті
7 «А» - сынып

Мұғалім: Базарова Р.С.
2016- 2017 оқу жылы