Абай ??нанбаев ?ара??ы т?нде тау ?ал?ып 10 класс
2015-2016 оқу жылында І, ІІ тоқсанда өткізілген тәрбие жұмысына талдау
6 «А»-8 «А»класс Класс жетекші: Кукеева Н.С.
6«А»- 8 «А» класында екі тоқсанда барлығы үш ата-аналар жиналысы болды. Жиналыстар «Жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстар»,«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі», «Алғашқы ұстаз- ата-ана» тақырыбында өткізілді. Баланы сабақтан себепсіз қалдырмау, оқу үлгерімін үйден де қадағалап отыру керектігі нақтыланды. Жиналыстар өз уақытында өткізіліп, ата-аналарға мектептің ішкі тәртібі жөнінде айтылып, жалпы ата-аналардың оқу-тәрбие саласындағы ролі (жауапкершілік,балаға уақыт бөле білу,мұғаліммен бірігіп жұмыс жасау) қаралды.
Оқушылардың тәрбие бағытындағы қойылған көп шаралар өтті.
Азаматтық-патриоттық тәрбие бағытында Отанын сүю,азаматтығын мақтан тұтып,ҚР конституциясының маңызын білу мақсатымен білім күнінде «Ерлік, елдік тұрақтылық негіздері»атты тәрбие сағаты өткізілді. Ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу мақсатымен «Туған тілім айбыным»атты тәрбие сағаты өткізілді.
Отбасы тәрбиесі бағытында өз отбасын,туған-туысын құрметтеу,ата-анасын қадыр тұту олар қамқоршы деген ұғымды терең түсіну,айналадағы қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынаста болу мақсатында «Менің отбасым» атты тәрбие сағаты өткізілді. «Отбасының қызықты сәттері» атты суреттер көрмесінеқатысты..
Құқықтық тәрбие бағытында балаларға қоғамдағы жалпы адамзаттық моральдық нормаларын сана-сезіміне қалыптастыру,міндеті жайлы түсінік беру,жауапкершілік сезімін көтеру,тәртіптілікті нығайту,оз ой-пікірін айта білу жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту мақсатымен «Сенің таңдауың »атты тәрбие сағаты өтті.
Еңбек және экологиялық тәрбие бағытында оқушыларға көп адамның еңбегімен нанның дастарқанға келуі,сол еңбек адамдарын сыйлай білуге,еңбекқор болуға,өмірдің өзі еңбекке тәуелді екенін ұғындыру мақсатымен «Мен және қоршаған орта» атты тәрбие сағаты өткізілді.Эстетикалық тәрбие бағытында қазақ халқының әдет-ғұрыптарының маңыздылығын білу, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру мақсатымен «Бірлік- түбі тірлік »тәрбие сағаты өткізілді.
Жас ұрпаққа өнеге,сан қырлы талант иесі,елімізді әлемге танытып,халқымыздың абыройын асқақтатып,құдіретті тұлға ретінде Елбасшысынан үлгі алу мақсатымен «Тұңғыш Президент» атты тәрбие сағаты өткізілді.Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптарында ұл-қыздарына тән қасиеттерін,ұяңдыққа,биязылыққа,инабаттылыққа қалыптастыру мақсатымен « Әдеп және әдет» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Қауіпсіздік ережелері бойынша жолда жүру ережелерін сақтау,өрт қауіпсіздігін сақтау тәрбие сағаттары өткізілді.
Қорытындылай келе, ата-аналар мен педагог бірлескен жұмысының нәтижесін жеткізу мақсатымен барлық тәрбие сағаттары мен ата-аналар жиналыстары уақытында қанағаттанарлық деңгейде өтті.
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо 2017 - Қазақстанның болашағы.
Сынып сағаттың мақсаты:Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін
ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне
мақтаныш сезімін ояту.Өткізілу формасы: зерттеу жұмысы ретіндеКөрнекілігі: ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы карточкалар.Барысы:Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгін өткізгелі отырған «Экспо2017 – Қазақстанның болашағы» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды.
Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Келесі кезекті оқушылардың зерттеу жұмыстарына берсек.
Оқушы: Халықаралық көрмелердің тарихыАлғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып,
ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге
белгіленді.Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс. Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.Оқушы:
Қазақстан мен EXPO 1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады.
Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен
марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.Оқушы:Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:«EXPO 2005, Аичи» Жапония • Келушілердің саны: 370 000 адам• Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.• Тақырыбы: «Табиғат даналығы»«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қолажүлдеге ие болуы;• Келушілердің саны: 361 500 адам• Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.• Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы • Келушілердің саны: 446 000 адам• Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.• Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі»Оқушы:
Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және
Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.
Оқушы.Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру
барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.
Оқушы:
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізужөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
Оқушы:
ЭКСПО -2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін.
Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.
ІІІ. Қорытынды.
Мұғалім: ЭКСПО - ның пайдасы қандай?
Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден 5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын
халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.
EXPO-2017 өткізу астанамыздың да, тұтас республикамыздың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына қосымша ынталандырушы күш болмақ. Дамуға деген жаңа, әрі айтарлықтай екпінге астана мен шектес аумақтардың
шағын және орта бизнестері де ие болады, әсіресе ең алдымен – халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм салалары. Бұл шара көрме нысандарының құрылысы мен астананың инфрақұрылымына жеке инвестициялардың көлемді бөліктерін тартуға мүмкіндік береді.
Көрме әлемді көп ұлтты мәдениетпен, ежелгі тарихпен, өнермен, дәстүрмен және қазақстандықтардық қонақжайлылығымен таныстыратын болады, ал бұл өз кезегінде Қазақстанның туристтік тартымдылығының танымалдығын арттырады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 15 қаңтарындағы №11 Қаулысына сай «Астана ЕКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы құрылған. «Астана ЕКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:
- Астана қаласында мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуді дайындау және өткізу;
- мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін ЭКСПО-2017
нысандарын пайдалану және қолдану болып табылады.
Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО-2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру.
Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО-2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру. 2013 жылдың шілде айында Астана қаласында Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жаңа белгісіне ұлттық онлайн дауыс берудің қорытындысы жасалды.
Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің
жаңа белгісі Астанада бекітілді - «Жел энергиясы».
Сынып сағатымызды "Көк тудың желбірегені" әнімен аяқтаймыз.
Тәрбие сағаттың мақсаты:
Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.Өткізілу формасы: зерттеу жұмысы ретіндеКөрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар.
Барысы:
Бүгін өткізгелі отырған «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Келесі кезекті оқушылардың зерттеу жұмыстарына берсек.
Халықаралық көрмелердің тарихы
Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты.
Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.
Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.
Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.
Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.
Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.
160 жыл ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды:
Лондондағы Хрусталь сарайы;
Париждегі Эйфелева башня;
Париждегі Александр III көпірі;
Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон;
Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.
ХҚБ экспозициялары екі түрге бөлінеді Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандырылған көрмелер.
Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Мысалы, мамыр мен қазан айларының аралығында Шанхайда «Жақсы қала —жақсы өмір» ұранымен өткен EXPO-2010 жұмысына 190 ел қатысты. Жалпы алғанда көрмеге 100 миллион адам келді.
Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады. Әдетте, тақырыптары нақты саладағы, гуманитарық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса, ғылыми, технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс.
Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.
Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы - бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, гүлденген Лондонда 1851 жылы өткен. 1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады.
Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады. Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды.
Әлім: Қазақстан & EXPO
1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады. Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.
Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:
«EXPO 2005, Аичи» Жапония
Келушілердің саны: 370 000 адам
Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
Тақырыбы: «Табиғат даналығы»
«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы;
Келушілердің саны: 361 500 адам
Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»
«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы
Келушілердің саны: 446 000 адам
Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі»
Нұрай: "Халықаралық Көрме Бюросы" ұйымы
Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.
ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.
Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).
Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар.
Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды.
EXPO көрмелері екі түрде өткізіледі:
Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебап), ұйымдастыру жиілігі - 5 жылда бір рет; ұзақтығы - ең көбі 6 ай; алаңы – шектелмеген; тақырыбы – барлық қатысушыларға ортақ.
Халықаралық Танылған көрме (Мамандырылған), ұйымдастыру жиілігі – екі Халықаралық Тіркелген көрме аралығында өткізіледі; ұзақтығы - ең көбі 3 ай; алаңы – ең көбі 25 га; тақырыбы – мамандырылған.
Жансая: Астананың өтініш беруі
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.
Сөйтіп 10 маусымда Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау нақанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн. адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
EXPO алаңы
EXPO-2017 халықаралық көрмесiн өткізу үшін алдын ала белгіленген аумақ:
Шәмші Қалдаяқов көшесі мен Гольфклуб ауданындағы К-1 шығыршықты жолының қиылысындағы Астана қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан учаске.
Учаске сипаттамасы:
Аумақтың ауданы - 113 гектар.
Қала құрылысының бас жоспарымен үйлесімділігі:
EXPO орталығының көрме кешені қаланың бас жоспары мен бөлшекті жоспардың жобаларында жетілдірілген жоспарлау құрылысына жатады.
Халықаралық жолдардың желісі:
EXPO Орталығының орналасқан жері қол жетімді, яғни Қазақстанның қалааралық жолдары желісімен байланысы бар, атап айтқанда К-1 шығыршықты жолы, ол қалааралық хабарламаның барлық бағыттарынан жылдам жетуін қамтамасыз етеді.
Көлік инфрақұрылымы:
Көрмеге арналып таңдалған орын EXPO Орталығын қаланың орталық бөлігімен байланыстыратын көщелердің желісіне ие, оның ішінде, қаланың әкімшілік және көліктік орталықтарына қол жетімділікті қамтамасыз ететін 4, 6, 8 жолақты қозғалысы бар магистралды көшелер (Халықаралық Әуежай, ТЖ Вокзалы, Әкімдік және т.б.).
Мемлекеттік штабтар:
1. Ғылыми Штаб (Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі мен Білім және ғылым Министрлігі).
Ғылыми штабтың құрылуы көрме тақырыбының жете тыңғылықтау қажеттілігі негізінде туды (тақырыбты зерттеу, тақырыбқа қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары).
2. Дипломатиялық Штаб (Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігі).
3. Қаржы Штабы (Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі).
4. Инфрақұрылым Штабы (Астана қаласының Әкімдігі).
5. Бақылау және ұйымдастыру Штабы (Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі).
6. Байланыс Штабы (Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат Министрлігі).
Көрменiң тақырыбы
Қазіргі шақта Қазақстан - мұнай, газ, уранға бай қоймаларын иемденуші мемлекеттердің бірі бола тұра, жанармайды қарқынды түрде қолдану, оның тек таусылып қана қоймай, адамзат пен қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретінін толық меңгерген ел. Алайда, қазіргі кезде әлемде минералды жанармайдың жетіспеушілік проблемасы орын тепті. Осы шақта, барланған мұнай қоймасының көлемі 1 триллион баррельге тең болды, ал қазіргі кездегі мұнайды жіті қолдану тек 35 жылға ғана жететіндігі анықталды. 2012 жылдың 28 маусымында Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтің басшылығымен «Болашақ энергиясы. Ғаламшардың тұрақты дамуы» тақырыбында Халықаралық симпозиум өтті.
EXPO 2017 Халықаралық көрмесін өткізу құқығына үміткер Қазақстан елі үшін бұл Симпозиум маңызды шара. Оның басты мақсаты – ғаламшардың назарын Қазақстанның EXPO 2017 көрмесіне таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбына аудару. Осы тақырыптың маңызын симпозиумға қатысқан Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес де атап өтті: - Астананың 2017 жылға ұсынған тақырыбы үлкен қызығушылық тудыратыны анық. Бүгін осы жерде Қазақстан Республикасы үкіметі мен әлемнің энергетика саласының жетекші мамандарының жиналуы EXPO-нің маңыздылығын айшықтай түседі.
Симпозиум барысында климаттың өзгеруі, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігі және баламалы энергия көздерін жетілдіру мен тұрақты дамыту жобаларын қаржыландыру мәселелері талқыланды. «Энергияның экологиялық таза көздерін пайдалануға көшсек, бұл бізге қомақты экономикалық табыс алуға көмектеседі, технологиялар болса трансформация процесінде маңызды роль атқара алады. Ол үшін нақты саяси әрекеттер жасалу керек». - деді өз сөзінде Energy Technology Perspectives басшысы Маркус Врейк. Симпозиумға қатысушылар тұрақты әрі баламалы энергия көздерін арттыру жолдарына талдау жасап, жаңартылмалы энергия нарығының қазіргі жағдайына тоқталып өтті. Solar Impulse директоры Бертран Пиккардтің айтуына қарағанда: «Заманауи технологиялар, мемлекет тұрғысынан қолдау тапса, қоғамның дәстүрлі энергия көздерінен тәуелділігі әлдеқайда азаяр еді. Энергетиканың дамуына осындай жақсы жағдай жасалса, бұдан қоршаған орта да ұтар еді, біз көптеген жаңа жұмыс орындарын ашып, сатып алу мүмкіндіктерімізді арттырар едік». Solar Century және Solar Aid компанияларының негізін қалаушысы, әлеуметтік кәсіпкер Джереми Леггетт: «Көптеген халық әлемдік энергетика көшбасшысына айналу жолында таза энергияның қолжетімдігін бағаламайды. Қазіргі нарықта күн батареялары сынды технологияның өзі ғана түрлі дәстүрлі энергия көздерінен әлдеқайда арзан болатыны белгілі. Бұл әлемдік экономика индустриясын келбетін өзгертуге мүмкіндік береді» - деген ойды ортаға салды.
Жалпы симпозиум энергетика және энергия үнемдеу саласының жергілікті және шетел сарапшылары, жетекші ғалымдары үшін пікірталас алаңына айналып, технологиялар мен зерттеулер, қоғамдық және бизнес бастамаларды дамыту бағытында көрнекті өнертапқыштар мен үкіметтік емес ұймдар өкілдеріне бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Симпозиумді қорытындылай келе қатысушылар Қазақстанның EXPO 2017 көрмесіне таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша ұсыныстарын берді.
Мұнай шығаруының төмендеп, оның бағасының біртіндеп артуы жайын есепке алғанда, жақын болашақта Жер тұрғындарының жаппай энергияның альтернативті түріне көшетіні анық. Мұнайды өңдеу көп мөлшерде зиян газдардың атмосфера қабатына бөлетіні, жалпы ғаламшардағы тіршілікке зиян тигізетінін атап өткен жөн. Энергетика және экология проблемаларының аса зор маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа EXPO-2017 көрмесін өткізу барысында "Болашақ энергиясы" атты тақырыпты ұсынады. Аталған тақырып қазіргі кезде адамзат үшін өзекті мәселеге айналып бара жатқан энергиясақтау проблемасын және альтернативті энергия, яғни күн энергиясы, жел, теңіз, мұхит және термалды су энергия көздерін енгізу тәсілдерін ашып көрсетуге мүмкіндік берері сөзсіз. "Болашақ энергиясы" атты тақырыптың, барлық адамзат үшін біркелкі болып, экологиялық қауіптің, энергия тапшылығы секілді глобалды проблемаларын шешудегі бірден-бір жол болып табылатынына сенім білдіреміз.
Астанада EXPO өткізілуінен ел азаматтарына қандай пайда болады?
Туристтер мен көрмеге қатысушылардың көп саны оларға қызмет көрсетуші жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашады.Өйткені келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады. Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы EXPO-2017 көрмесін өткізу жаңа энергия сақтағыш технологиялармен танысуға және кейіннен оларды енгізуге, инвесторлар мен бизнесті одан әрі дамытуға идеялар іздеуге тамаша мүмкіндік бола алады. Студенттар мен жоғары сынып оқушылары үшін бұл тамаша тіл ұстарту практикасы, жетекші әлемдік ғылыми мектептермен танысып, бұдан былайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндігі. Жаңа қызықты кездесулер мен танысуларды да ұмытпаған жөн, өйткені Қазақстанға барша әлем өкілдері келеді.
ІІ бөлім Сұрақ – жауап:
1. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі тұңғыш өткен жыл?2. Халықаралық көрмелер бюросы қашан құрылды?3. 1876 жылы АҚШ - тың алғашқы ЭКСПО көрмесі қай қаласында өтті?4. 1889 жылы ЭКСПО көрмесінің символына айналған Лондонда тұрғызылған ғимарат?5. АҚШ тарихында дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қанша рет өтті?6. Австро - Венгрия империясы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін қай жылы өткізген еді?7. 1888 жылғы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Испанияның қай қаласында өтті?8. 1893 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде Чикагода орыстың көрнекті ғалымы Славянов өзі ойлап тапқан қандай құралды ұсынған?9. 2008 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен мемлекет?10. Қазақстан дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде қанша рет өз павильонын орнатты?11. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1958 жылы алғашқы "бейбіт" көрме өткен қала?12. 1967 жылы адамдардың ғарышқа деген қызығушылығы артқан уақытта, Кеңес Одағының павильонына 13 млн. көрермен келген, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?13. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі 2015 жылы өтетін қала?
Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.