А.??нанбаев ?ара??ы т?нде тау ?ал?ып ?ле?і
А. Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіСабақтың мақсаты:1. А. Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі туралы білу;2. Өлеңді мәтіндік талдау арқылы түсіну;3. Өлеңді мәнерлеп оқуды үйрену;Күтілетін нәтиже: 1. А. Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін білетін болады;2. Өлеңді тақырып, идеясын талдау арқылы түсінеді.3.Өлеңді әдеби - теориялықталдау арқылы оқып-үйренеді.Негізгі идеясы:А.Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі . Бұл өлең дүние жүзіне танымал болған , сан-алуан тілдерге аударылған әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» еді. Қызылорда қаласы Қаналиева Жұлдызай5--топ Қаналиева Жұлдызай
Сабақтың барысыБілу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау Бағалау Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау Қазақтың бас ақыны - ұлы Абай Құнанбайұлы жөнінде осыған дейінгі алған білімдеріне сүйене отырып нені білетіндіктерін анықтау мақсатында концептуалды кесте арқылы үй тапсырмасын сұрау Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. бірігіп,тапсырманы орындайды. Топта бес рөлді анықтайды:көшбасшы,баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді әуеніне салып айтады, интернет желісін пайдалану арқылы жаңа өлеңмен таныстырады, өз ойларын сурет арқылы еркін жеткізеді..”Болмасаң да ұқсап бақ...”(шығармашылық жұмыс). Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген тапсырманы орындауға тырысады. Не үйрендім?Қайсысы оңай болды?Қайсысы қиын болды?Тағы не үйренгім келеді? Қаналиева Жұлдызай
Жеті модуль идеяларымен ықпалдасуы
«А» деңгейіндегі Ж есімді тапсырманы тиянақты орындап әр тапсырмаға сыни көзқараспен қарағандығы байқалды. Топтастыру кезінен бастап, топтық, жұптық, жеке жұмыста да өзінің көшбасшылығын көрсетіп, оқу үдерісінде белсенділік танытты. «В» деңгейіндегі М есімді оқушы «Ой қозғау» кезеңінде ашық сұрақтарға жауап бермегенімен сыныптағы ұйымдастырылған басқа жұмыстарда белсенділік танытты. «С» деңгейіндегі Р есімді оқушының сабаққа деген қызығушылығын аңғардым. Ол топтық жұмыста уақыт сақшысы бола отырып, хатшының да міндетін қоса атқарды
Рефлексия1.Оқушылардың топта бірлесе жұмыс жасау;2.Формативті бағалау стратегияларын(топта өзара бағалау, дайын үлгі жауап) қолдану;3.Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарға ұтымдылықпен жауап берді;4.АКТ мүмкіндіктерімен сандық сауаттылығым артты ; Тақырыпқа жол ашу мақсатын белгілі бір әдісті таңдау;Топтастыру кезінде кейбір оқушылардың дағдарып қалуы;Топта рөлге бөлінерде таласушылық байқалды;Сабаққа уақытты тиімді пайдалана алмауым.1. Топтастыру кезінде оқушыларды ептілікке, жылдамдыққа үйрету;2.Оқыту әдістемемде критериалды бағалауға қол жеткізу;3.Әдіс – тәсілдерді таңдауда оқушылардың жас ерекшеліктерін үнемі назарда ұстауы; .Қаналиева Жұлдызай