?аза?стан территориясында?ы ерте мемлекеттер ?айталау саба?ы (10 сынып)
Күні: 16.11.15 Қазақстан тарихы 10 «а» сынып
Сабақтың
тақырыбы: «Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттер » Қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты: - Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттер атты бөлімін қайталай отырып, оқушылардың алған білімін пысықтау, белсенділігі жоғары, білімді азамат етіп тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер Сақ, үйсін, қаңлы, ғұндар мемлекеті туралы түсінік қалыптасады;
Ертедегі мемлекеттердің шаруашылығы, материалдық мәдениеті, әлеуметтік – құрылысы, археологиялық ескерткіштері, көршілермен қарым –қатынасы туралы білетін болады;
Оқушылардың ЕНТ-ға дайындығы жасақталады.
Негізгі идеялар: Оқушылар өздерін-өздері оқытады, бір -бірін әділ бағалауға үйренеді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд
Постер
Суреттер
Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері
Жеке жұмыс
Сыныппен жұмыс.
Топтық жұмыс.
Тапсырмалар:
Үй тапсырмасын аукцион ойыны арқылы сұрау.
Ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ой қозғау «Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер туралы»
Кесте толтыру
Сандар сөйлейді
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. (2-3 мин.)
Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Топтау/ Оқушыларды сандар арқылы топтау. Әр топ бір біріне сәттілік тілейді. Әр топтан көшбасшы сайлау.
І топ: Ұлы жүз
ІІ топ: Орта жүз
ІІІ топ: Кіші жүз
Үй тапсырмасын сұрау: (10 мин)Үйге «Ғұндар және халықтардың қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила» бойынша білімдерін толықтырып сұрау.
Тапсырма
Аукцион ойыны: Қай топ көп сұраққа жауап береді сол топ осы Аттиланың суретін сатып алады:
Тапсырма. Әр топқа ватман қағазы беріледі де әр топ «Ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы» туралы схема постерге сызып түсіндіреді.
Жаңа тақырып: (15-20мин)
Ой қозғау «Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер» туралы сурет бойынша
Топпен жұмыс:
Тапсырма
Картамен жұмыс, салыстырмалы тірек сызба
Бірін – бірі бағалайды, критериялы бағалау бойынша
Сыныппен жұмыс:
«Сандар сөйлейді»
Үй тапсырмасы Өткен тақырыптарды қайталау
Бағалау: Топтық , жиынтық бағалау. Топ басшылары топтарын өзара бағалап, ортақ шешімдерін шығарады.
Рефлексия: Сабақ соңында алынған рефлексия оқушылардың ойларын, сабақтан алған әсері туралы білу. «Бес саусақ» әдісін пайдалану
Тапсырма
Ғұндар кезеңін қамтитын аралық (б.з.д. 4 ғ.-б.з. 3ғ.)
Б.з.д. Ғұндар Қытайдың солтүчтігінде мекендеген аймақ (Байкалдан Ордосқа дейінгі)
Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа (ғұндар)
Ғұн атауына берілген басқа да тайпа атаулары (гун, руң, хун ю)
Ғұн атауы қандай деректерде кездесті? (қытай деректерінде)
Қазақстанды мекендеген тайпаларда монғолоидтық белгілердің дами бастауына әсер еткен фактор: (Ғұндардың келуі)
Ғұн мемлекетінің пада болу кезіндегі көрші тайпалар: (дунхулар)
Ғұн державасының негізін салған: (Мөде)
Қытай деректері бойынша Мөдеге келген елшілер: (дунху)
«Жер дегеніміз мемлекеттің негізі, оны қалай береміз» деген ғұн басшысы: (Мөде)
Мөде бастаған ғұндар талқандап басып алған оңтүстіктегі тайпа (дунху)
Шығыстанушы Гумилевтің мәлімдеуінше ғұн державасының пайда болған мерзімі (б.з.б. 209 жыл)
Ғұндар әскери жүйе бойынша: (3 қанатқа бөлінді)
Ғұн мемлекетінің ру саны: 24
Қытай деректеріндегі ғұн басшысының титулы (Шаньюй)