7-сынып. Орта ?асырларда?ы ?аза?стан тарихы


Куандык Арай
Тарих пәнінің мұғалімі
«Тайынша қаласы №2 орта мектебі»КММ
Тайынша қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: XIII-XY ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттердің экономикасы,
қоғамдық және саяси құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
1.Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбiлқайыр хандығының, Ноғай Ордасының әлеуметтiк және мемлекеттiк-әкiмшiлiк құрылысы туралы түciнiктi қалыптастыру.
2.Оқушылардың оқулықпен өз бетiнше жұмыс iстey дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту;
3.Қазақстанның территориясындағы ортағасырлық мемлекеттердiң тарихындағы ортақ ұқсастықтарды көрсете отырып, оқушылардың сабақ үстiнде тақырыпты толық меңгерiп, тәлiм-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта,интерактивті тақта,түрлі тапсырмалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
«Сәйкестендіру тесті»
Жылдар Оқиғалар
1155 жыл
Алтын Орданың құрылған жылы
1203-1205 –жылдар
Моңғолдардың негізгі тайпаларды біріктіруді аяқтаған мерзімі
1206 жыл
Батыйдың Руське және Шығыс Еуропаға жеті жылдық жорығы
1219-1224- жылдар
Шыңғыстың хан тағына отыруы
1236-1242 жылдар
Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы
1242жыл
Темучиннің дүниеге келген жылы.
2.Сәйкестендіру тесті
Мемлекеттер Территориясы
Алтын Орда Еділден Жайыққа дейін
Ақ Орда Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан
Моғолстан Шығыс Дешті Қыпшақ жері
Ноғай ордасы Жайық пен Еділ арасы
Әбілқайыр хандығы Ертістен Дунайға дейінгі жерлер
Сібір хандығы Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Қырғызстан
Мемлекеттер Астаналары
Алтын Орда Сығанақ
Ақ Орда Сарай Бату
Моғолстан Чимги Тура
Ноғай ордасы Сарайшық
Әбілқайыр хандығы Алмалық
Сібір хандығы Сығанақ
Мемлекеттер Негізін қалаған хандар
Алтын Орда Орда Ежен
Ақ Орда Батый хан
Моғолстан Едіге
Ноғай ордасы Тоғылық Темір
Әбілқайыр хандығы Әбілқайыр
Сібір хандығы Тайбұға
«Тұлғаны таны»
Хандардың портреттері берілген, оқушылар кім екенін анықтаулары керек.
(Шыңғыс хан, Жошы хан, Батый хан және Әбілқайыр хан)
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қоғамдық және әкiмшiлiк құрылысы
2. Жерге меншiктiк қатынастар.
3. Салық түрлерi және мiндеткерлiктер.
4.Дәстүрлі шаруашылық
1.Қоғамдық және әкiмшiлiк құрылысы
Ханның міндеттері мен құқықтары:
Заңдар мен бұйрықтар шығару

Елдің бүкіл аумағына , барлық жерге билік ету құқығы


Шет елдермен келісім жасау


Ханның құқықтары



Соғыс жариялау мен бітім жасау
Жоғарғы қолбасшы
Жоғарғы сот
.
Сөйлемді толықтыр.
Ханның кеңесшілері уәзірлер болды.Жоғарғы билік органы құрылтай болды.
Ақ Ордадағы , Әбілқайыр хандығы мен Моғолстандағы түрік тайпаларының басшыларын әмірлер деп, Ноғай Ордасындағы басшыларын мырзалар деп атады.
«Терминдер сөйлейді»
Атабек-хан баласының тәрбиешісі.
Найб-ханға ақыл-кеңес беретін кеңесші.
Жасауыл-той-мерекелерді қадағалап отырады.
Инақтар -хан кеңесшісі.
Даруғалар-алым-салық жинаушы.
Жерге меншiктiк қатынастар.
«Терминдер сөйлейді»
Тархан -
Інжу-
Вақф-
Мильк-
Иқта-
Сойырғал-
3.Салық түрлерi және мiндеткерлiктер:
Тағар-әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін салынатын салық.
Қалам-жер көлеміне байланысты салынатынсалық.
Құшыр-жан басына салынатын салық.
Зекет- мал басына салынатын салық.
Харадж, баж-егін салығы.
Сөйлемді толықтыр:
Шаруашылық өмірге ұлы хан ...Мөңкенің саясаты игілікті ықпал етті.
...Мөңке ескі қалыпты емес алым –салық түрлерін алып тастап,ортақ ... жанбасы салығын енгізді.
Реформалар
Мөңке ... ақша реформасын жүргізді.
Барлық ... ірі қалаларда алтын динарлар, күміс дирхемдер және мыс фельстер соғылды.
Кебек пен Шағатай ұрпақтары мемлекеті мен Алтын Ордадағы ақша реформасын ескере отырып, 1321 жылы жаңа...күміс теңге шығарды.
Мешіттер

Сәулет өнері
өнерө

Қамал қабырғалар, Діни және қоғамдық ғимараттар

бекіністер

Тұрғын үй құрылыстары
4.Шаруашылығы
Мал шаруашылығы

Дәстүрлі киіз үйлер мен арба үстіндегі үйлер

Тұрақты баспана
Шаруашылығы


Оңтүстік Қазақстанда егіншілік

ІҮ. Сабақты бекіту:
Аталған мемлекеттерде хан болуға кiмдep құқылы болды?
Қараша халық немен айналысты?
Мемлекеттерде феодалдық қатынастардың жоғары деңгейде болғанын неден көремiз?
Мемлекет үшiн салықтардың қандай маңызы бар?
Сендер қандай әкiмшiлiк аумақта тұрасыңдар?
Ү. Бағалау:Артық болмас білгенің...
Жазба деректерде:
«Алтын Орда» атауы XVI ғасырдың аяғында пайда болған.Орыс деректерінде «Алтын Орда деп аталса, Жұңғоның тарихи деректерінде « қыпшақ ордасы деп аталды.
Еуропа саяхатшысы Плано Карпини:
«Алтын Орда» деп монғол Үгедейдің баласы Күйікті ұлы хан етіп хан тағына отырғызған кездегі алтынмен әшекейленген киіз үйді атаған.
«Шыңғыснама шежіресінде»:
Шыңғысхан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда босағасын алтынмен аптаған Алтын Ордаға кіргізгендігі айтылады т.б.
ҮІ. Үйге тапсырма: «Моңғол шапқыншылығының Қазақстанға келтірген зардаптары» тақырыбында эссе жазып келу
Куандык Арай
Тарих пәнінің мұғалімі
«Тайынша қаласы №2 орта мектебі»КММ
Тайынша қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
2.Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге,көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске баулу
3.Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интерактивті , дәстүрлі емес,аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,талдау, тірек сызбасы,тест,сәйкестендіру тесті,семантикалық карта
Көрнекіліктер:Абылай ханның портреті,тірек сызбалар
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қырғыздармен қарым-қатынасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3.Оқушы зейінін сабаққа аудару
Ой шақыру:
Абылай деген кім?
Абылай туралы не білесіңдер?
Өткен сабақты қайталау
«Тұлғалар» сөзжұмбағын шешу
1.Кіші жүз ханы кім?(Әбілқайыр)
2.Әбілқайырды өлтірген кім?(Барақ)
3. Жоңғарлардың билеушісі,көрнекті қолбасшы (Қалдан Серен)
4.Нұралы хан кімнің баласы?(Әбілқайырдың)
5. Орта жүз ханы(Әбілмәмбет)
6.Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Абылайдың жастық шағы
2. Абылай -аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері
3.Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері
4. Абылай ханның сыртқы саясатының ерекшеліктері
5.Абылай ханның Қазақстан тарихында алған орны
Абылайдың жастық шағы
Әбілмансұр –Сабалақ –Абылай
Орта жүздің сұлтаныУәлидің баласы Абылай (Әбілмансұр) 1711 жылы дүниеге келген. Атасы Түркістан қаласының билеушісі(оның есімі де Абылай) әскери жорықтарда ерекше көзге түсіп, жауына қаталдығы үшін “қанішер Абылай” атанған. Абылайдың 13 жасында ауылын жау шауып, әке-шеше,туыстарынан айрылған бала әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылған. Ол алғаш Түркістан аймағын паналады. Осындағы үйсіннің атақты биі, кейіннен ұлы жүздің бас биі атанған Төле бидің малын бақты. Абылайдың алба –жұлба кейпіне қарап Төле би оны Сабалақ деп атап кетті.
Мұнда Сабалақ деген атпен жүрген ол біраз уақыт өзінің хан тұқымынан екенін жасыруға мәжбүр болды.
Абылай
Жоңғарларға қарсы күресте қатардағы сарбаз ретінде қатысып , көзге түсті. 1731 жылы жоңғарларға қарсы шайқаста ол, Абылайатасының есімін ұран қылып жауға шауып, өзінің ерекше ерлігімен қиын жағдайдан қазақ жасақтарын құтқарып қалады. Осыдан кейін ол Абылай атанып кетеді.Осы кезден бастап қазақ батырлары , билері мен сұлтандары қарапайым малшы болып жүрген ,қара халықтың арасында өсіп тәрбие алған Абылайдың шығу тегін анықтады.
Абылай-аса көрнекті мемлекет қайраткері
Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты-мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу. Абылай үш алып елдің ортасында дипломатиялық шеберлікпен қазақ елін және мемлекетін қорғауда дұрыс жолды таңдай білді және үлкен саясатта алғырлық танытып, айтарлықтай жеңістерге жетті. Абылай қазақтың бөлшектеніп кеткен жерлерін қайта біріктіру мақсатын жүзеге асыруды нақты қолға алды.
Абылайдың саясаты


Ішкі саясаты

Сыртқы саясаты


Мәдениет саяси әлеуметтік
Шаруашылық

Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері
Абылай қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды.Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады.Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне шек қойды.Жергілікті билердің бытыраңқылыққа бағытталған іс-әрекеттерін тежеу үшін аймақтарды басқаратын сұлтандарды өзі тағайындады. Және олардың өзіне бағынуын талап етті.Егін шаруашылығын дамытуды қолдады. Қазақ халқының дәстүрін,мәдениетін дамытуға тұрақты көңіл бөлді.
Абылай ханның сыртқы саясатының ерекшеліктері
Абылай патша үкіметімен де, Цинь империясымен де бейбіт қатынастарды сақтауға күш салды.
Іс жүзінде олардың екеуіне де бағына қоймаған ол , өзінің бодандықты мойындайтынын мәлімдеумен болды. Бұл қазақ халқын күшті жаулардан қорғау үшін Абылайдың қолданған айлакер саясаты еді.Осылайша ол патша үкіметімен қақтығыста Қытайдан қолдау тапса , ал Қытаймен қарым-қатынас ауырлап кеткенде Ресейдің қолдауына сүйеніп отырды.Қытайлықтардың сеніміне кіру үшін тіптен өзінің ұлы Еділді Қытай билеушісіне аманат етіп жіберді. Қытаймен арадағы кикілжіңді келіссөзбен шешуге тырысты.
«Жылдар сөйлейді »
1711-1781 жылдар – Абылайдың өмір сүрген жылдары
1731 жыл - жоңғарларға қарсы соғыста жеңіске жетті.
1740 жыл- Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге бодан болуға келісім беруі
1743 жыл- Абылайдың жоңғарлардың тұтқынына түсуі
1762 жыл-II Екатерина патшайымға өзінің бағынышты болатынын мәлімдеп ант беруі.
1757-1760 жылдар –Қытайдың билігін мойындауы
1770 жыл –қырғыздарға соққы беруі
1771 жыл- Абылайдың үш жүздің ханы болып сайлануы
1778 жылы-Ресей патшасының Абылайды орта жүздің ханы етіп бекітуі
Сәйкестендіру тесті
Абылайдың шын аты Уәли
Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған жырау Қалдан Серен
Абылай түйесін баққан би Әбілмәмбет
Абылайдың әкесі Әбілмансұр
Абылай кімнің тұтқынына түсіп қалды? Төле
Абылай кімнің орнына хан болып сайланды? Бұхар

Абылай өлтірген батыр Шырыш
Сөйлемді толықтыр
1770 жылы ... соққы беріп,олардың оңтүстіктегі қазақ жеріне үздіксіз жасайтын барымталық жорықтарына тыйым салды.
Орта жүздің ханы ... дүние салған соң оның орнына ... емес, Абылайды хан сайлады.
Абылайды Түркістандағы ... кесенесіне жерледі.
Абылай жекпе –жекте Қалданның ұлы ... өлтіреді.
Абылайдың бас мирасқоры ... сұлтанды Ресей мемлекеті орта жүз ханы ретінде танығанымен, ол мемлекет басқаруда табандылық көрсете алмады.
Сабақты қорытындылау:
Абылай ханның Қазақстан тарихында алған орны қандай?
Түйін:
Абылайды үш жүздің өкілдері орта жүздің ханы ғана емес,барлық қазақтың билеушісі деп тануы -оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін,Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындауы еді.
Алыстан орыс-қытай-ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,
Артында ор,алдында көр, жан-жағы жау,
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.
Мағжан Жұмабаев
Сен мұны білесің бе?
Абылай күйші болған.Оның “Ақтолқын”, “Алабайрақ”,”Бұланжігіт”,
“Қайран елім”,”Дүниеқалды” ,Шаңдыжорық т.б күйлері бар.
Абылайдың 12 әйелі ,30 ұлы мен 40 болған.
Үйге тапсырма:
Абылай- қолбасшы”, “Абылай-дарынды дипломат”
тақыптарына эссе жазып келу