Франктер империясыны? ??рылуы ж?не ыдырауы (7сынып)


Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Франктер империясының құрылуы және ыдырауы
Сабақтың мақсаты:
Франктер мемлекетіндегі биліктің жаңа түрі-феодалдық монархияның қалыптасып, империяға айналып, кейін қайтадан ыдырау себептерін түсіндіру.
Білімді, белсенді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Баяндау
Көрнекілік: карта, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Рим империясының құлауының басты себебі неде?
Франк мемлекеті қашан құрылды?
Француз тілінің негізін ежелгі қай халықтардың тілі құрады?
Жаңа сабақтың жоспары:
Майордом билігі
«Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді.
Карл мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс-феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.
Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі.
Ұлы Карл және оның империясы
Империяның ыдырауы.
Ұлы Карл өлгеннен кейін оның империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.
Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті.
Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.
Сабақты бекіту:
Қортық Пипин король атағына қалай қол жеткізді?
Ұлы Карл империясы қай жылдары өмір сүрді?
Ұлы Карл империясы неліктен ыдырай бастады?
Ұлы Карл мәдениетті дамытуға қандай үлес қосты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §2.